Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласының және Жаңа ауыл ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 31/319-IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 шілдедегі N 255 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 2 тамызда N 2035 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Жаңа ауыл ауылдық округінен жалпы көлемі 5,2 гектар жер бөлігінің қосылуымен Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласының және Жаңа ауыл ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Р.Тәңірбергенов
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады