Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010.11.11 N 1814 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы "Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3455 нөмірімен тіркелген № 10 бұйрығының 67-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы бойынша коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынылған электр энергиясы үшін көп қабатты тұрғын үй тұтынушылары үшін бір шаршы метр алаңға жылу энергиясын тұтыну нормасы 0,094 гекокалорий мөлшелерінде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Полатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Жетпісбаев