Шымкент қаласы бойынша көп қабатты үйлердің тұтынушылары үшін жылу энергиясының тұтыну нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қазандағы N 1666 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 қарашада N 14-1-124 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қарашадағы N 1814 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010.11.11 N 1814 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы "Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3455 нөмірімен тіркелген № 10 бұйрығының 67-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы бойынша коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынылған электр энергиясы үшін көп қабатты тұрғын үй тұтынушылары үшін бір шаршы метр алаңға жылу энергиясын тұтыну нормасы 0,094 гекокалорий мөлшелерінде бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Полатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады