Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Еңбекші ауданындағы 2-Новостройка көшесіне Әлімхан Ермековтің есімі берілсін;
2. Әл-Фараби ауданындағы Бабушкин көшесі Нұра деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ғ.Ғаниев
Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбаев
Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Махашов