Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, ШЕШТІ:
1. 2010 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Александр Протозанов атындағы көшесі, 37 мекенжайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2. «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) есепке тіркеуге шақыру учаскесін дайындау ұсынылсын.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Өскемен қаласының әкімі | И. Әбішев |