Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.04.09 N 6632 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 16 сайлау округі бойынша үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі мекенжайлар бойынша орындар белгіленсін:
«Жастар» гастрономы автобус аялдамасының маңында (Потанин көшесі);
«ШҚМТУ» автобус аялдамасының маңында (Серікбаев көшесі бойынша тура бағытта);
«ШҚМТУ» автобус аялдамасының маңында (Серікбаев көшесі бойынша кері бағытта);
«Студенттер қалашығы» автобус аялдамасы маңында (Серікбаев көшесі бойынша кері бағытта);
«Ивушка» автобус аялдамасы маңында (Виноградов көшесі);
«Дос-Нар» базары маңында (Виноградов көшесі, 17а).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев