Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 16 сайлау округі бойынша үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 5683 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 наурызда № 5-1-134 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 6632 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.04.09 N 6632 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 16 сайлау округі бойынша үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі мекенжайлар бойынша орындар белгіленсін:
      «Жастар» гастрономы автобус аялдамасының маңында (Потанин көшесі);
      «ШҚМТУ» автобус аялдамасының маңында (Серікбаев көшесі бойынша тура бағытта);
      «ШҚМТУ» автобус аялдамасының маңында (Серікбаев көшесі бойынша кері бағытта);
      «Студенттер қалашығы» автобус аялдамасы маңында (Серікбаев көшесі бойынша кері бағытта);
      «Ивушка» автобус аялдамасы маңында (Виноградов көшесі);
      «Дос-Нар» базары маңында (Виноградов көшесі, 17а).
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі             И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады