Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 6748 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде № 5-1-139 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 02 ақпандағы N 15085 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 15085 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5718-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5,  8-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:
      1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жастар іс-тәжірибесі үлгісінде жұмысқа орналастыру;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.
      2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) нысаналы топтарға жататын және «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау жүзеге асырылсын;
      2) Қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;
      3) түлектің жасы 29 жасқа дейін;
      4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
      Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері болу керек.
      4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек жағдайы Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      5. Қаулыда көрсетілмеген өзге де жағдайлар Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартында айқындалатын болады.
      6. Қатысушылардың жастар іс-тәжірибесі үлгісіндегі еңбек төлемі олардың жеке шоттарына қаржы аудару жолымен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      7. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан Қатысушылардың еңбек төлеміне шығындары 20 000 (жиырма мың ) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жартылай өтеледі.
      8. Нысаналы топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен мөлшеріне, сапасына байланысты Жұмыс берушілердің еңбек төлемі қорынан жүзеге асырылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың түсу шамасы бойынша кезектілік тәртібінде жүргізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.

      Өскемен қаласының
      әкімі                                   И. Әбішев

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 19 апреля 2010 года N 6748. Зарегистрировано Управлением юстиции города Усть-Каменогорск Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 28 апреля 2010 года за N 5-1-139. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 02 февраля 2012 года N 15085

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 02.02.2012 N 15085 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

        В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 5718-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», статьями 58 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года «О государственной молодежной политике в Республике Казахстан», акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять меры по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости (далее – Участники) путем:
      1) трудоустройства безработной молодежи из числа выпускников технического и профессионального, высшего, послевузовского образования в форме молодежной практики;
      2) трудоустройства на социальные рабочие места.
      2. Трудоустройство осуществлять по следующим критериям:
      1) осуществлять направление на работу Участников, относящихся к целевым группам и зарегистрированных в качестве безработных в государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска» (далее – Отдел);
      2) отсутствие в период подбора Участников подходящей для них работы;
      3) возраст выпускника до 29 лет;
      4) срок работы до 6 месяцев.
      3. Трудоустройство организовывается и проводится в организациях независимо от форм собственности (далее – Работодатели) на основе договора Работодателей с Отделом.
      Договор должен содержать обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования.
      4. Условия труда определяются трудовым договором, заключенным между Работодателями и Участниками, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      5. Иные условия, не указанные в постановлении, будут отражены в трудовом договоре, заключенном между Работодателями и Участниками.
      6. Оплата труда Участников в форме молодежной практики осуществляется из республиканского бюджета в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге путем перечисления средств на их лицевые счета.
      7. Затраты Работодателей на оплату труда Участников, трудоустроенных на социальные рабочие места, частично возмещаются из республиканского бюджета в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге.
      8. Оплата труда безработных из целевых групп, принятых на социальные рабочие места, осуществляется ежемесячно из фонда оплаты труда Работодателей в соответствии с условиями трудового договора и зависит от количества, качества и сложности выполняемой работы.
      9. Отбор Работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, производится в порядке очередности, по мере поступления официальных предложений.
      10. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Нургазиева А.К.
      11. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 апреля 2010 года.

      Аким города
      Усть-Каменогорска                        И. Абишев