РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 16 тамызда № 101 "Дидар" газетінде, 2010 жылғы 14 тамызда № 100 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
4 тармақтағы он бірінші абзац алынып тасталсын;
24 тармақтың 1) тармақшасындағы "(сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда)" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Урих |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | В. Головатюк |