"Нысаналы топтардағы жастар мен жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы" 2010 жылғы 3 наурыздағы N 180 қаулыға толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 401 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда N 5-2-129 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі N 1041 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 22.07.2013 N 1041 қаулысымен.
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына және «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Нысаналы топтардағы жастар мен жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы» әкімінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 180 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 5 сәуірде № 5–2-125 тіркелген, 2010 жылғы 8 сәуірдегі «Семей таңы» газетінің № 14 және «Вести Семей» газетінің № 14 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) 6-тармақ төмендегі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) бастауыш, орта және жоғары, жоғарыдан кейінгі оқу орындарының түлектеріне еңбекақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бір түлекке орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрайды»;
      2) мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Жұмыс берушілер төлейтін Жол картасы шеңберіндегі әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбекақы төлемі республикалық бюджеттен аударылған сомадан төмен болмауы тиіс. Бір қатысушыға республикалық бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрап, жұмыссыздың жеке шотына аударылады».
      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                             М. Айнабеков

О внесении дополнений в постановление от 3 марта 2010 года N 180 "О дополнительных мерах по социальной защите молодежи и безработных из целевых групп"

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 23 апреля 2010 года N 401. Зарегистрировано Управлением юстиции города Семей Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 17 мая 2010 года за N 5-2-129. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 22 июля 2013 года N 1041

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 22.07.2013 N 1041.
      
      
      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      
      
      В соответствии со статьей 28 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года № 213 «О нормативных правовых актах» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 259 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов и целевых трансфертов на развитие областным бюджетам, городов Астаны и Алматы, и средств, выделяемых республиканским организациям в рамках реализации стратегии региональной занятости и переподготовки кадров», акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата от 3 марта 2010 года № 180 «О дополнительных мерах по социальной защите молодежи и безработных из целевых групп» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 5 апреля 2010 года № 5-2-125, опубликовано в газетах от 8 апреля 2010 года № 14 «Семей таны», от 8 апреля 2010 года № 14 «Вести Семей») следующие дополнения:
      1) пункт 6 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:
      «3) из числа выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего, послевузовского образования заработная плата выплачивается за счет средств республиканского бюджета. Размер среднемесячных отчислений на одного выпускника составляет 20000 (двадцать тысяч) тенге»;
      2) дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      «12-1. Оплата труда работодателем участникам социальных рабочих мест в рамках Дорожной карты должна быть не ниже суммы, перечисленной из республиканского бюджета. Размер среднемесячных отчислений на одного участника из республиканского бюджета составит 20000 (двадцать тысяч) тенге, которые перечисляются на лицевые счета безработных».
      2. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима города Мусапирбекова Т. Ж.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Аким города Семей                                 М. Айнабеков