Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 22.07.2013 N 1041 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына және «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нысаналы топтардағы жастар мен жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы» әкімінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 180 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 5 сәуірде № 5–2-125 тіркелген, 2010 жылғы 8 сәуірдегі «Семей таңы» газетінің № 14 және «Вести Семей» газетінің № 14 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 6-тармақ төмендегі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бастауыш, орта және жоғары, жоғарыдан кейінгі оқу орындарының түлектеріне еңбекақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бір түлекке орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрайды»;
2) мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Жұмыс берушілер төлейтін Жол картасы шеңберіндегі әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбекақы төлемі республикалық бюджеттен аударылған сомадан төмен болмауы тиіс. Бір қатысушыға республикалық бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрап, жұмыссыздың жеке шотына аударылады».
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі М. Айнабеков