Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 28-11-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 маусымдағы № 26/8 «Бородулиха ауданы бойынша жер салығының ставкасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2003 жылғы 21 шілдедегі № 1327 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 31 (5976) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің кіріспе сөзбасы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
2) 1 тармақтағы «329 баптың 2 тармағына» сөзі «378 баптың 2 тармағына» сөзіне алмастырылсын;
3) 2 тармақтағы «332» саны «381» санына алмастырылсын;
4) 3 тармақтағы «334 бап» сөзі «383 баптың 4 тармағына» сөзіне алмастырылсын;
5) 4 тармақтағы «334 баптың 1 тармағына» сөзі «383 баптың 1 тармағына» сөзіне алмастырылсын;
6) 5 тармақтағы «330» саны «379» санына алмастырылсын;
7) шешімнің 6 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
8) шешімнің 7 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, |
|
аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Аргумбаев |