2003 жылғы 30 маусымдағы N 26/8 "Бородулиха ауданы бойынша жер салығының ставкасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 мамырдағы N 27-3-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 5-8-113 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 28-11-V шешімімен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 28-11-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 маусымдағы № 26/8 «Бородулиха ауданы бойынша жер салығының ставкасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2003 жылғы 21 шілдедегі № 1327 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 31 (5976) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспе сөзбасы келесі редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
      2) 1 тармақтағы «329 баптың 2 тармағына» сөзі «378 баптың 2 тармағына» сөзіне алмастырылсын;
      3) 2 тармақтағы «332» саны «381» санына алмастырылсын;
      4) 3 тармақтағы «334 бап» сөзі «383 баптың 4 тармағына» сөзіне алмастырылсын;
      5) 4 тармақтағы «334 баптың 1 тармағына» сөзі «383 баптың 1 тармағына» сөзіне алмастырылсын;
      6) 5 тармақтағы «330» саны «379» санына алмастырылсын;
      7) шешімнің 6 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
      8) шешімнің 7 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы,


      аудандық мәслихат хатшысы

Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады