Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 09.06.2016 N 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7-тармағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9- бабының 7, 8, 9-тармақтары, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2- тармағы негізінде Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 09.06.2016 N 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін барлық меншік нысандарының кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санының жеті пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012.10.25 N 509 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Қасымов |