2010 жылғы 29 қазандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің № 807 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 509 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылдың 21 қарашасында № 2727 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.09.2016 № 172 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшалары негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 29 қазандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің № 807 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада № 5-8-118 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінде 2010 жылғы 13 қарашада № 66, "Аудан тынысы" газетінде 2010 жылғы 19 қарашада № 65 сандарында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін барлық меншік нысандарының кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санының жеті пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады