Батыс Қазақстан облысындағы кейбір ауылдық елді мекендердің атауларын қайта атау және транскрипциясын өзгерту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 20-12 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 74 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 3041 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес және облыстық ономастикалық комиссиясы отырысының 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 1-8 қорытындысы негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мыналар:
      Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Болдырев селосы - Үштөбе ауылы;
      Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Қызылкөл ауылдық округіндегі Правда селосы - Ұрысай ауылы болып қайта аталсын.
      2. Мына атаудың орыс тіліндегі транскрипциясы:
      Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округіндегі "село Чингирлау" - "село Шынгырлау" деп өзгертілсін.
      3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі
      Қ. Ешімов                        Б. Ізмұхамбетов
      Облыстық мәслихат хатшысы
      М. Құлшар

О переименовании и изменении транскрипции некоторых сельских населенных пунктов Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 12 апреля 2010 года N 20-12 и постановление акимата Западно-Казахстанской области от 9 апреля 2010 года N 74. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 12 мая 2010 года за N 3041

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и на основании заключения заседания областной ономастической комиссии от 6 апреля 2010 года N 1-8, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ и областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Переименовать:
      село Болдырево Жамбылского сельского округа Акжайыкского района Западно-Казахстанской области на село Үштөбе;
      село Правда Кызылкольского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области на село Ұрысай.
      2. Изменить транскрипцию названия на русском языке:
      "село Чингирлау" названия Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области на "село Шынгырлау".
      3. Настоящее постановление и решение вводятся в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии              Аким области
      К. Ешимов                        Б. Измухамбетов
      Секретарь областного
      маслихата
      М. Құлшар