Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес және облыстық ономастикалық комиссиясы отырысының 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 1-8 қорытындысы негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мыналар:
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Болдырев селосы - Үштөбе ауылы;
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Қызылкөл ауылдық округіндегі Правда селосы - Ұрысай ауылы болып қайта аталсын.
2. Мына атаудың орыс тіліндегі транскрипциясы:
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округіндегі "село Чингирлау" - "село Шынгырлау" деп өзгертілсін.
3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Қ. Ешімов Б. Ізмұхамбетов
Облыстық мәслихат хатшысы
М. Құлшар