Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) Бөрлі ауданының аумағында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленіп, халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға шарт жасайды.
3. Уәкілетті орган шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтылуын қамтамасыз етсін.
4. Уәкілетті орган осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. Савченкоға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Шакимов