Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 20.10.2011 № 23 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Жәнібек ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскілеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханаcы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөнінде жан-жақты шаралар алу ұсынылсын.
3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарға қолданылады.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Р. Өтешев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданның қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. Т. Мағзомов
30.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Жәнібек
аудандық орталық ауруханаcы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Т. Қ. Мұсағалиев
30.12.2010 ж.