Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2011.04.01 № 5 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2011 жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін ұйымдастыруын және қамтамасыз етуі ұсынылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Ауылдық округ әкімдеріне тіркеуге шақырылған азаматтарды шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімдері бойынша хабардар ету және уақытында аудандық шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етуі тапсырылсын.
4. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Тасқала ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер бөлінсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мусинге жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының
Қорғаныс iстер жөнiндегi
бөлiмi" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________А. Жұбанышқалиев
20.12.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкiмдiгi денсаулық сақтау
басқармасының "Тасқала
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Т. Қалiбеков
20.12.2010 ж.