«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5033 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылы 11 қаңтарда № 4 (1230) жарияланған) сәйкес, білім беру қызметтерін көрсету сапасын бағалау және орта білім беретін ұйымдар білім алушыларының бастауыш және негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) (М.Қ. Байжұманов):
1) Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі - МАБ) 2011 жылғы 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында кестеге сәйкес өткізсін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С. Әбдиев):
1) осы бұйрықта белгіленген мерзімде МАБ рәсімін ұйымдастыру-технологиялық алып жүруді қамтамасыз етсін;
2) МАБ басталғанға дейін екі күн бұрын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына МАБ-тың материалдарын жеткізуді ұйымдастырсын;
3) МАБ нәтижелерін өңдеуді 2011 жылғы 15 сәуірге дейін аяқтасын және Комитет пен Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығына ұсынсын.
4. Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығы (Т.М. Әмреева) орта білім беру ұйымдарындағы МАБ қорытындысының талдауын Комитетке 2011 жылғы 15 мамырға дейін ұсынсын.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары:
1) орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты сапалы өткізуді қамтамасыз етсін;
2) МАБ-ты өткізу кезеңдерінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының базаларында МАБ-ты үйлестіру және өткізу штабының жұмысын ұйымдастырсын;
3) әрбір орта білім беру ұйымында 2011 жылғы 20 қаңтарға дейін МАБ-ты өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамдарын бекітсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вине-министрі С. Ырсалиевке жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Әбдірәсілов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2010 жылғы 10 қаңтардағы
№ 5 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу кестесі
№ | Қалалар және облыстар | Ұйымдастыру және өткізу мерзімі | Тестілеу күні |
---|---|---|---|
1 |
Астана қаласы |
23.02-26.02 |
24 ақпан |
2 |
Ақмола облысы |
23.02-26.02 |
24 ақпан |
3 |
Батыс Қазақстан облысы |
20.02-27.02 |
24 ақпан |
4 |
Ақтөбе облысы |
21.02-27.02 |
24 ақпан |
5 |
Атырау облысы |
20.02-27.02 |
24 ақпан |
6 |
Маңғыстау облысы |
20.02-27.02 |
24 ақпан |
7 |
Қарағанды облысы |
09.03-13.03 |
11 наурыз |
8 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
09.03-13.03 |
11 наурыз |
9 |
Қостанай облысы |
09.03-13.03 |
11 наурыз |
10 |
Павлодар облысы |
09.03-13.03 |
11 наурыз |
11 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
15.03 - 20.03 |
18 наурыз |
12 |
Жамбыл облысы |
15.03 - 20.03 |
18 наурыз |
13 |
Қызылорда облысы |
15.03 - 20.03 |
18 наурыз |
14 |
Алматы қаласы |
15.03 - 20.03 |
18 наурыз |
15 |
Алматы облысы |
14.03 - 20.03 |
18 наурыз |
16 |
Шығыс Қазақстан облысы |
15.03 - 20.03 |
18 наурыз |