Тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 5 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 наурызда № 6798 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 279 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.08.16 № 279 Бұйрығымен.

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша өкілетті мемлекеттік органы қызметінің тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті және аумақтық әділет органдары мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша өкілетті мемлекеттік органдарында тексеріс жүргізу кезінде Заңның және осы бұйрықтың нормаларын басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа
енгізілді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                             Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі   
міндетін атқарушының
2011 жылғы 5 наурыздағы
№ 90 бұйрығымен   
бекітілген      

Нысан

Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органы қызметін тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағының 1 және 3-тармақтары жаңа редакцияда берілді - ҚР Әділет министрінің 2011.09.19 № 314 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді) Бұйрығымен.

Тексеруді тағайындаған әділет органы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                   (Күні _____________, № ________)

Тексеру мерзімі: 20__ ж. «___» ___________________ бастап
                 20__ ж. «___» ___________________ дейінгі аралығында

Бақылау субъектісінің лауазымды тұлғасының аты-жөні
_____________________________________________________________________

№ р/с Талаптар Иә Жоқ

1

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдамау.



2

Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді шығару және қолдану.



3

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесімен белгіленген жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесімен белгіленген талаптарды бұзу.



4

Әділет органдарында тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау бөлігіндегі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзу (нормативтік құқықтық акті белгіленген тәртіпте ресми түрде жарияланбаған; нормативтік құқықтық акті (мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) ресми түрде толық жарияланбаған; нормативтік құқықтық акті мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде бір мезгілде жарияланбайды; ресми түрде жариялануға жататын нормативтік құқықтық акті оны қолданысқа енгізгенге дейін қолданылады).



5

Қазақстан Республикасы Әділет министрі немесе аумақтық әділет органның басшысы енгізген Заңның бұзылуын жою туралы ұсынысты не ақпараттық хатты орындамау немесе тиісінше орындамау.



Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, қолы, қызметтік телефонының №:
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Ескертпе:

Талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы, «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысы.

Об утверждении формы проверочного листа

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 5 марта 2011 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 5 марта 2011 года № 6798. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 16 августа 2012 года № 279

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 16.08.2012 № 279.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции", с пунктом 3 статьи 13 и пунктом 1 статьи 15 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" (далее - Закон), ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую форму проверочного листа деятельности уполномоченного государственного органа по нормативным правовым актам, подлежащим государственной регистрации и официальному опубликованию.
      2. Департаменту регистрации нормативных правовых актов Министерства юстиции Республики Казахстан и территориальным органам юстиции при осуществлении проверок уполномоченных государственных органов по нормативным правовым актам, подлежащим государственной регистрации и официальному опубликованию, руководствоваться нормами Закона и настоящего приказа.
      3. Департаменту регистрации нормативных правовых актов Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации.

      И.о. Министра                              Д. Куставлетов

Утверждена                   
приказом и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан         
от 5 марта 2011 года № 90    

Форма           

                          Проверочный лист
    деятельности уполномоченного государственного органа по
     нормативным правовым актам, подлежащим государственной
             регистрации и официальному опубликованию

      Сноска. Проверочный лист с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 19.09.2011 № 314.

Орган юстиции, назначивший проверку
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Акт о назначении проверки ___________________________________________
                              (№ __________, дата _____________)
Срок проверки: с "__" ________ 20__ г. по "__" ________ 20 __ г.

Ф.И.О должностного лица субъекта контроля
_____________________________________________________________________


п/п

Требования

Да

Нет

1

Ненаправление на государственную регистрацию в органы
юстиции нормативных правовых актов, касающихся прав,
свобод и обязанностей граждан.



2

Издание и применение нормативных правовых актов,
противоречащих Конституции Республики Казахстан и иным
вышестоящим нормативным правовым актам.



3

Нарушение требований, установленных правилами
государственной регистрации нормативных правовых
актов, затрагивающих права, свободы и обязанности
физических лиц, а также правилами оформления и
согласования проектов подзаконных нормативных
правовых актов.



4

Нарушение требований действующего законодательства в
части официального опубликования зарегистрированных в
органах юстиции нормативных правовых актов,
затрагивающих права, свободы и обязанности граждан
(нормативный правовой акт официально не опубликован в
установленном порядке; нормативный правовой акт (за
исключением нормативных правовых актов, содержащих
государственные секреты и иную охраняемую законом
тайну) официально опубликован в неполном изложении;
нормативный правовой акт публикуется в периодических
печатных изданиях на государственном и русском языках
не одновременно; нормативный правовой акт, подлежащий
официальному опубликованию, применяется до его
введения в действие).



5

Невыполнение или ненадлежащее выполнение представления
об устранении нарушений Закона либо информационного
письма, внесенного Министром юстиции Республики
Казахстан либо руководителем территориального органа
юстиции.



Должность Ф.И.О., подпись лица (лиц), осуществившего (ших) проверку,
№ служебного телефона:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Примечание:

Нормативные правовые акты, устанавливающие требования: Конституция  Республики Казахстан, Кодекс Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Закон Республики Казахстан "О нормативных правовых актах", Закон Республики Казахстан "Об органах юстиции", Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2006 года № 773 "О некоторых вопросах оформления и согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов", Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов".