Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жабдықтауға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.»;
2-тармақта:
5) тармақшадағы «үй-жай бөлігі.» деген сөзден кейінгі «.» деген тыныс белгі «;» деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жылжымалы медициналық объект – арнайы медициналық жабдық орнатылған, дәрігер мамандардың кабинеттері бар көлік құралдары (автомобиль, темір жол, теңіз, өзен) базасында орналасқан шұғыл консультациялық-диагностикалық денсаулық сақтау объектісі,»;
мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
«12. Денсаулық сақтаудың жылжымалы медициналық объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
306. Жылжымалы медициналық объектінің құрамында медицина және қызмет көрсететін персоналға арналған ұйықтайтын бөлмелерге, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға, тамақ дайындауға және ішуге арналған үй-жайларға (ас үй, асхана) жол беріледі.
307. Арнайы медициналық жабдық орнатылған жерлерде медициналық жабдық үшін бекіткіштер көзделеді.
308. Қызмет көрсететін персоналға арналған жатын үй-жайлар ұйықтайтын сөрелермен, киімдерге арналған ілгектермен, жоғары орынға көтерілу үшін баспалдақтармен, қосалқы тұтқалармен, үстелшелермен жабдықталады. Тоңазытқыш жабдығы, қысқа толқынды пеш, диспенсерлер көзделеді.
309. Медициналық кабинеттер шалқаймалы үстелмен, жылжымалы шкафтармен, дәрігер үстелімен, кеңсе креслосымен, медициналық кушеткамен, медициналық аппаратурамен жабдықталады.
310. Жылыту генератор қондырғысынан орталықтандырылған қуат көзімен орнатылады.
311. Араластырғыштар арқылы ыстық және суық су келтірілген қол жуғыштар орнатылады. Кабинеттердегі раковиналар шынтақ крандары бар араластырғыштармен және ағызатын құбырлармен жабдықталады.
312. Су қауіпсіз және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
313. Ауыз су үшін ауыз суды зарарсыздандырғыш-салқындатқыш орнатылады.
314. Санитариялық торап экологиялық таза дәретхана кешенімен, тот баспайтын құрыштан жасалған жуынатын бұрышқа орнатылған тостағанмен, тұрмыстық араластырғышпен, айнамен, сабын салғышпен, дәретхана құралдарына арналған шағын сөремен, сүлгі ұстағышпен, киімдерге арналған ілгектермен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитазға арналған қыл щеткамен, еденге төсейтін сырғанамайтын жабынмен жабдықталады.
315. Төбеге ілінетін моноблокты ауа баптау жүйесі көзделеді. Температура, ауа алмасу жиілігі, үй-жайлардың тазалық бойынша санаты осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес қабылданады.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Н. Қаражанов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова