Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 15 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 26 сәуірде № 6907 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген, 2006 жылғы маусымдағы № 9-10 Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Ережені пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы анықтаған лоттың құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

      3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы жедел-басқару және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;

      4) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;

      5) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;

      6) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;

      7) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      8) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде қойған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ еріксіз таратылатын банкке ұсынылған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемінде өтемақы төлеу бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;

      9) күтпеген шығыстар - мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;

      10) қатысушы банк - банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне ену сәтіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;

      11) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар;

      12) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;

      13) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

      14) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;

      15) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;

      16) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;

      17) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

      18) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

      19) сауда-саттықты ұйымдастырушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;

      20) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      21) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

      22) сауда-саттықтың голландтық әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;

      23) тарату комиссиясы - банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;

      24) тарату комиссиясының шығыстары - банкті еріксіз тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

      25) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;

      26) тарату массасының мақсатсыз шығысы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      27) тарату шығыстарының сметасы – кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;

      28) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

      29) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты еріксіз тарату процесінде болып табылушы банк;

      30) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;

      31) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін банк операцияларын жүргізуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);

      32) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      7-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары бойынша, оның ішінде даусыз (акцепсіз) тәртіпте қанағаттандырылуы тиіс таратылатын банктің банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) таратылатын банктің лауазымды тұлғаларына олардың иелігіндегі акцияларды иеліктен шығаруға тыйым салынады;";

      7) тармақшадағы "мүліктік сипаттағы барлық талаптар" деген сөздер "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) тармақша мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Таратылатын банкке қатысты алдында қабылданған соттардың шешімдерін орындау тоқтатылады.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) қабылдау-өткізу актісі бойынша таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Банкте филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда банкті тарату банктің филиалы не өкілдігі орналасқан жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) бірлесіп жүргізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.

      Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімдерін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      Бөлімшелер жұмыс жоспарын тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде таратылатын банктің бас офисіне жібереді.

      Жиынтық жұмыс жоспары таратылатын банктің бас офисімен жарты жылға бөлу арқылы (бөлімшілер ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып) бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.

      Жыл сайынғы жұмыс жоспарлары таратылатын комиссиясының бас офисімен жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.

      Жұмыс жоспарын орындау туралы ақпарат таратылатын банктің бас офисімен уәкілетті органға жарты жылдың жиынтығы бойынша беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ өкілеттіктер мен функционалдық міндеттемелерді нақтылау мақсатында ол тағайындалған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының және төраға орынбасарының арасындағы міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.";

      16-тармақтың екінші сөйлемі "қызмет көрсету шартында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасымен бекітілетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге бірінші және екінші қолдарының үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттарды ұсынады;";

      2) тармақша "кредиттік бюроларға" деген сөздерден кейін ", қор биржасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде жылдың қорытындысы бойынша жариялайды;";

      23-тармақтың төртінші бөлігіндегі "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27-тармақ алып тасталсын;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Әр күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кредиторлар комитетіне уәкілетті органның, кепілдік беру жөніндегі ұйымның тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлерін қоспағанда, тарату комиссиясының төрағасы мен (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге олардың қызмет нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді бекітуге рұқсат беріледі.

      Қосымша төлемдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданған тұлғаларға қатысты қосымша төлемдердің жалпы сомасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін нақты берілген сомасының 0,5 пайызынан аспайтын мөлшерде бекітіледі.";

      33-тармақтың 2) тармақшасы "қызметтер" деген сөзден кейін ", интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар" деген сөздермен толықтырылсын;

      36-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары уәкілетті органның қаражат есебінен жүзеге асырылады.";

      43-тармақ "сметасын" деген сөзден кейін ", оған қоса берілген түсіндірме жазбасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 44-1, 44-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "44-1. Уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитетімен бекітілген тарату шығыстарының сметасы өткен кезеңде жүзеге асырылмаған жағдайда және оны жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі бар болғанда, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізілуге жатады.

      44-2. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге дейін мынадай шығындар баптары бойынша:

      1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарламаларды жариялау жөніндегі қызмет;

      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер жөніндегі шығыстар, почта мен анықтамалық қызметтер, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар);

      3) коммуналдық қызмет;

      4) бірінші және екінші қолдарының үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттарды нотариалдық куәландыру бойынша қызмет;

      5) үй-жайды жалдау қызметі, тарату комиссиясына бірінші кезекті іс-шараларды жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыруға рұқсат беріледі.";

      57-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жалпы сомасы бір күн ішінде кассалық кіріс журналында" деген сөздер "кіріс жөніндегі касса кітабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65-тармақ "(есеп айырысу-төлем)" деген сөздерден кейін "не сома қызметкердің банк шотына аудару жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан астам мерзімде таратылатын банктің мүліктерін (активтерін), жеке шоттарын, кредиттік және басқа да шарттарын түгендеуді жүргізеді, сондай-ақ таратылатын банк қызметкерлерінің қатысуымен барлық баланстық шоттар мен меморандум шоттарын салыстырып тексереді. Түгендеу қорытындысы бойынша акт жасалады.

      Келешекте бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына бір реттен кем емес, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы ауысқан жағдайда түгендеуді жүргізеді.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Таратылатын банктің түгендеу жолымен анықталған барлық активтері егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тарату массасына қосуға жатқызылады. Таратудың басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын банктің аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.

      Осы Ереженің 82-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жүргізілген түгендеу барысында анықталған мүліктің кем шығуы аралық тарату балансына енгізіледі және жеке шотта ескеріледі.";

      86-тармақта:

      "жүзеге асырылуы тиіс" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "беру" деген сөзден кейін "кредиторлар комитетімен келісу бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Тарату комиссиясы заңды немесе жеке тұлғаның талаптарын (өтініштерін) қарау кезінде көрсетіліп отырған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Талап (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш берушінің талабы (өтініші), сондай-ақ өтініш берушінің талабының (өтінішінің) қабылданбауын негіздеген құжаттар өтініш иесінде болмаған жағдайда қайтарып беріледі.

      Кредитор растайтын құжаттарды бермегеніне байланысты тарату комиссиясы талапты (өтінішті) қабылдамауы кредитордың тарату комиссиясына талаптар (өтініштер) қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінді талап етілген құжаттарды қоса беріп, талабын (өтінішін) қайта беруге кедергі жасамайды.";

      106-тармақтың бірінші сөйлемінде:

      "он жұмыс күні" деген сөздер "бір ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "дереу" деген сөз "екі жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      107-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Кредиторлар комитетінің құрамына Банктер туралы Заңның 74-2-бабында көзделген кредиторлардың әр санатынан бір өкіл бойынша кредиторлардың талап ету тізіліміне енгізілген талаптардың барынша көп сомасы бар кредитор, сондай-ақ депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымы бойынша таратылатын банкке талабы бар, осы Ереженің 107-1-тармағында көзделген тәртіпте сайланатын төртінші кезектегі кредиторлар санатынан екіден көп емес өкілі - жеке тұлғалар (бұдан әрі – жеке тұлға - салымшылар) кіреді.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 107-1-тармақпен толықтырылсын:

      "107-1. Банктің тарату комиссиясы жеке тұлға – салымшылардан өкілді (өкілдерді) таңдау үшін аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату комиссиясының таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамына жеке тұлға – салымшылардан (бұдан әрі – кандидаттар) өтініш қабылдау туралы хабарламаны, өтінішті қабылдау мерзімі мен орнын көрсете отырып жариялайды. Бұл ретте, хабарламада кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар көзделеді:

      1) кандидат жеке тұлға – салымшы болуы тиіс;

      2) кандидат банктің кредиторлар комитетінің мәжілістеріне өзі қатысуы тиіс.

      Тарату комиссиясы кандидаттардың өтініштерін қабылдау мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде банктің кредиторлар комитетінің құрамына жеке тұлға – салымшылардың өкілін таңдауды жүргізу туралы хабарлама жариялайды. Таңдау жеке тұлға – салымшының өз еркімен хабарламада жарияланған мерзімде және жерде жүзеге асырылады.

      Таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамына дауыс беруге келген жеке тұлға – салымшылар арасынан ең көп дауыс санын жинап алған кандидат (кандидаттар) кіреді.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісінің өткізілу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін комитеттің бірінші мәжілісі өткізетін орын мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.

      Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады. Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісінде:

      1) комитеттің төрағасын сайлайды;

      2) кредиторлар комитетінің мәжілісін жүргізу тәртібін және дауыс беру рәсімін реттейтін кредиторлар комитеті туралы ережесін бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде тең дауыс болған кезде шешуші дауыс құқығы беріледі. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.";

      111-тармақта:

      11) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің алдындағы берешегін өтеу үшін, оның ішінде сот шешімін орындау шотына банк дебиторымен мүлікті беру туралы қабылдаған шешімді келісу.";

      116-тармақта:

      "бағалау құны" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес бағалаушы анықтаған құны (бұдан әрі – бағалау құны)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сақтай отырып," деген сөздерден кейін "беру күніне" деген сөздермен толықтырылсын;

      123-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгенге дейін тарату комиссиясы осы Ережеде көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісу бойынша мүлікті сатады.";

      125-тармақта:

      екінші бөлік "өзге" деген сөзден кейін "жылжымалы" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "мүлкі" деген сөз "жылжымалы мүлкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарату комиссиясы баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен жылжымалы мүлікті тарату комиссиясы өзі белгілеген баға бойынша, бірақ баланстық құнынан елу пайыздан төмен емес жария сауда-саттық өткізбей сатуға рұқсат етіледі.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Сату жоспарында сату объектілері туралы ұсыныстар мен олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, сатудың бастапқы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі ең төмен) бағасы, сауда-саттықты өткізу кезеңі мен әдісі туралы мәліметтер бар.

      Сату жоспарына баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен, сондай-ақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар мүлік енгізілмейді. Жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар, бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылмаған мүлік сату жоспарына енгізіледі.";

      130-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сатуға қойылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағасы (лоттың ең төмен бағасы сауда-саттықты голландтық әдісімен өткізген жағдайда көрсетіледі);"

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, кепілдік берілетін депозиттерді қайтару бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйым бекіткен нысан бойынша және "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша депозиттер бойынша өтеу есебін ұсынады.

      Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер бойынша өтеу есебін беруді қабылдау-өткізу актісін жасап, қағаз және электрондық тасымалдауыштарда жүзеге асырады.";

      172-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 173-1-тармақпен толықтырылсын:

      "173-1. Тарату комиссиясы және кепілдік беру жөніндегі ұйым әр жылдың төртінші тоқсанында (банктің тарату ісі қозғалған жылды қоспағанда) кепілдік беру жөніндегі ұйым таратылатын банктің салымшыларына төлеген кепілдік өтемақы сомасының салыстырып тексеруін жүргізеді.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" және "Атамекен" одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларына мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық Банкі


Төраға Г.Марченко


2011 жылғы 28 наурыз



О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 40 "Об утверждении Правил принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 февраля 2011 года № 15. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 апреля 2011 года № 6907. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 ноября 2020 года № 114.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.11.2020 № 114 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ипотечного кредитования и защиты прав потребителей финансовых услуг и инвесторов" и совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков в Республике Казахстан, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства от 25 февраля 2006 года № 40 "Об утверждении Правил принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4181, опубликованное в июне 2006 года в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, № 9-10) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. В целях применения настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) кредитор банка - лицо, имеющее к ликвидируемому банку имущественные требования, возникающие из гражданско-правовых и иных его обязательств;

      2) стартовая цена - цена, с которой начинаются торги по каждому лоту, устанавливаемая не ниже стоимости лота (имущества), определенной оценщиком в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан";

      3) головной офис – офис, в котором председатель ликвидационной комиссии осуществляет оперативно-распорядительные и иные функции, предусмотренные настоящими Правилами;

      4) минимальная цена - цена, ниже которой лот не может быть продан;

      5) организация по гарантированию - специально созданная некоммерческая организация, осуществляющая обязательное гарантирование депозитов в банках второго уровня;

      6) комитет кредиторов - орган, создаваемый из числа кредиторов ликвидируемого банка в целях обеспечения интересов кредиторов и принятия решений с их участием;

      7) категория кредиторов - группа кредиторов, требования которых носят однородный характер и удовлетворяются в рамках определенной очереди, предусмотренной статьей 74-2 Закона о банках;

      8) реестр требований кредиторов - документ, утвержденный уполномоченным органом, отражающий требования кредиторов, заявленные в установленный срок и признанные ликвидационной комиссией, а также будущие требования организации по гарантированию по выполнению обязательств по выплате возмещения в объеме суммы согласно расчету, представленному принудительно ликвидируемым банком;

      9) непредвиденные расходы - незапланированные ликвидационной комиссией затраты на неотложные нужды, размер которых не должен превышать сто месячных расчетных показателей;

      10) банк-участник - ликвидируемый банк, являвшийся к моменту вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка, участником системы обязательного гарантирования депозитов;

      11) ценности - валютные ценности, банкноты и монеты Республики Казахстан, ценные бумаги, бланки строгой отчетности и ценные предметы;

      12) лот - выставляемое на аукцион имущество, разделенное на неделимые для реализации единицы;

      13) периодическое печатное издание - газета, журнал, альманах, бюллетень, приложения к ним, имеющие постоянное название, текущий номер и выпускаемые не реже одного раза в три месяца;

      14) цена реализации - окончательная цена лота, установленная в результате торгов, а в случае реализации имущества без проведения торгов – окончательная цена имущества, установленная комитетом кредиторов (при отсутствии комитета кредиторов председателем ликвидационной комиссии);

      15) объект реализации - имущество ликвидируемого банка, выставляемое на торги в качестве отдельной (самостоятельной) единицы или консолидированное из нескольких единиц в один лот, иное имущество;

      16) продавец - ликвидационная комиссия ликвидируемого банка;

      17) покупатель - победитель торгов, заключивший с продавцом договор купли - продажи;

      18) победитель торгов - участник, предложивший наиболее высокую цену за лот на торгах;

      19) организатор торгов - ликвидационная комиссия ликвидируемого банка или юридическое либо физическое лицо, заключившее с ликвидационной комиссией договор об оказании услуг по проведению торгов и не заинтересованное в их результатах;

      20) участник торгов - физическое или юридическое лицо, подавшее в установленном организатором торгов порядке заявление об участии в торгах и зарегистрированное организатором торгов в качестве их участника;

      21) английский метод торгов - метод торгов, при котором стартовая цена лота повышается с заранее объявленным шагом до момента, когда остается один из участников, предложивший за лот максимальную цену;

      22) голландский метод торгов - метод торгов, при котором стартовая цена лота понижается с заранее объявленным шагом до момента, когда один из участников согласится купить лот по объявленной цене;

      23) ликвидационная комиссия - орган, назначаемый (освобождаемый) уполномоченным органом в случае принятия решения о принудительной ликвидации банка, осуществляющий под непосредственным руководством председателя ликвидационной комиссии полномочия по управлению имуществом и делами банка в ходе процедуры ликвидации в целях завершения дел банка и обеспечения расчетов с его кредиторами;

      24) расходы ликвидационной комиссии - затраты, связанные с потреблением товаров, работ и услуг в процессе принудительной ликвидации банка (далее - ликвидационные расходы);

      25) ликвидационная, конкурсная масса - активы ликвидируемого банка, предназначенные для завершения дел банка и обеспечения расчетов с его кредиторами;

      26) нецелевое расходование ликвидационной массы - осуществление затрат, не предусмотренных сметой ликвидационных расходов, согласованной с уполномоченным органом или утвержденной комитетом кредиторов;

      27) смета ликвидационных расходов - документ, отражающий прогнозируемые затраты ликвидационной комиссии на определенный период времени, утверждаемый комитетом кредиторов или председателем ликвидационной комиссии по согласованию с уполномоченным органом;

      28) ликвидационное производство - процедура прекращения деятельности банка, как юридического лица, осуществляемая в целях завершения дел банка и обеспечения расчетов с его кредиторами;

      29) ликвидируемый банк - банк, находящийся в процессе принудительной ликвидации в связи с вступившим в законную силу решением суда;

      30) имущество ликвидируемого банка - совокупность имущественных благ и прав, имеющих стоимостную оценку и включенных в ликвидационную, конкурсную массу;

      31) временная администрация (временный администратор) - орган (лицо), назначаемый (-ое) уполномоченным органом на период с даты принятия решения о лишении лицензий на проведение банковских операций до назначения уполномоченным органом ликвидационной комиссии, для обеспечения сохранности имущества банка и осуществления мероприятий по обеспечению управления банком;

      32) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций.";

      в пункте 7:

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) не допускаются взыскание денег с банковских счетов ликвидируемого банка по требованиям кредиторов, органов налоговой службы, в том числе подлежащим удовлетворению в бесспорном (безакцептном) порядке, а также обращение взыскания на имущество ликвидируемого банка;";

      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) должностным лицам ликвидируемого банка запрещается отчуждение принадлежащих им акций банка;";

      в подпункте 7) слова "все требования имущественного характера" заменить словами "требования";

      подпункт 8) дополнить предложением вторым следующего содержания:

      "Исполнение ранее принятых решений судов в отношении ликвидируемого банка приостанавливается.";

      часть вторую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "Ликвидационная комиссия в срок не более одного месяца принимает по акту приема-передачи от временной администрации (временного администратора) имущество и документы ликвидируемого банка.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. При наличии у банка филиалов либо представительств ликвидация банка производится совместно с подразделением ликвидационной комиссии, создаваемым в месте нахождения филиала либо представительства банка (далее - подразделение).";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Ликвидационная комиссия действует от имени ликвидируемого банка и самостоятельна при принятии решений по вопросам, входящим в ее компетенцию.

      Ликвидационная комиссия банка осуществляет процедуру ликвидации банка в соответствии с планом работы, утвержденным председателем ликвидационной комиссии.

      Подразделения направляют план работы в головной офис ликвидируемого банка в течение тридцати рабочих дней с момента назначения ликвидационной комиссии.

      Сводный план работы составляется головным офисом ликвидируемого банка на год с разбивкой на полугодия (с учетом планов работы, представленных подразделениями) и представляется для сведения в уполномоченный орган в течение сорока пяти рабочих дней с момента назначения ликвидационной комиссии.

      Ежегодные планы работы представляются головным офисом ликвидируемого банка для сведения в уполномоченный орган не позднее десятого числа месяца, предшествующего планируемому периоду.

      Информация об исполнении плана работы представляется головным офисом ликвидируемого банка в уполномоченный орган по итогам полугодия.";

      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:

      "12-1. В целях эффективной работы ликвидационной комиссии, а также уточнения полномочий и функциональных обязанностей, председатель ликвидационной комиссии банка в срок не позднее семи рабочих дней со дня его назначения издает приказ о распределении обязанностей между председателем и заместителем председателя ликвидационной комиссии.";

      предложение второе пункта 16 после слова "услуг" дополнить словами ", а также в должностных инструкциях на каждого работника, утверждаемых председателем ликвидационной комиссии";

      в пункте 19:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) в срок не позднее одного рабочего дня с даты назначения ликвидационной комиссии представляет в банки второго уровня, в которых имеются банковские счета ликвидируемого банка, документы с образцами первой и второй подписей и оттиска печати;";

      подпункт 2) после слов "кредитные бюро" дополнить словами ", фондовую биржу";

      подпункт 23) изложить в следующей редакции:

      "23) по итогам года публикует в периодических печатных изданиях на государственном и русском языках, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, информацию о ходе ликвидационного производства банка в срок не позднее 1 (первого) февраля года, следующего за отчетным;";

      в части четвертой пункта 23 слово "двух" заменить словом "трех";

      пункт 27 исключить;

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. По итогам каждого календарного года допускается утверждение комитетом кредиторов дополнительных выплат председателю и (или) членам ликвидационной комиссии, а также привлеченным работникам по результатам их деятельности, за исключением работников уполномоченного органа, организации по гарантированию, включенных в состав ликвидационной комиссии.

      Общая сумма дополнительных выплат лицам, в отношении которых принято решение об осуществлении дополнительных выплат, утверждается в размере не более 0,5 процента от суммы, фактически направленной на удовлетворение требований кредиторов.";

      подпункт 2) пункта 33 после слова "служб" дополнить словами ", расходы за пользование сетью интернет";

      пункт 36 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "Расходы по выезду в командировки работников уполномоченного органа, включенных в состав ликвидационной комиссии, осуществляются за счет средств уполномоченного органа.";

      пункт 43 после слова "расходов" дополнить словами "с приложением к ней пояснительной записки";

      дополнить пунктами 44-1, 44-2 следующего содержания:

      "44-1. В случае, если согласованные уполномоченным органом или утвержденные комитетом кредиторов ликвидационные расходы не были осуществлены в предыдущем периоде и имеется необходимость их осуществления в планируемом периоде, указанные расходы подлежат включению в смету ликвидационных расходов к планируемому периоду.

      44-2. До согласования сметы ликвидационных расходов с уполномоченным органом допускается осуществление ликвидационной комиссией расходов, связанных с проведением первоочередных мероприятий, по следующим статьям затрат:

      1) услуги по публикации объявления о принудительной ликвидации банка;

      2) услуги связи (телекоммуникационные расходы, абонентская плата за пользование телефоном, телеграфом, расходы по междугородним и международным переговорам, услугам почтовых и справочных служб, расходы за пользование сетью интернет);

      3) коммунальные услуги;

      4) услуги по нотариальному удостоверению документов с образцами первой и второй подписи (подписей) и оттиска печати;

      5) услуги по аренде помещения.";

      в части первой пункта 57 слова "общей суммой за день в кассовом журнале по приходу" заменить словами "в кассовой книге по приходу";

      пункт 65 после слова "получателя" дополнить словами "либо перечислением суммы на банковский счет работника";

      пункт 82 изложить в следующей редакции:

      "82. Ликвидационная комиссия в срок не более одного месяца с даты ее назначения проводит инвентаризацию имущества (активов), лицевых счетов, кредитных и иных договоров ликвидируемого банка, а также сверку всех остатков балансовых счетов и счетов меморандума с участием работников ликвидируемого банка. По результатам инвентаризации составляется акт.

      В дальнейшем в целях обеспечения достоверности данных бухгалтерского учета инвентаризация проводится ликвидационной комиссией не реже одного раза в год, а также в случае смены председателя ликвидационной комиссии.";

      пункт 84 изложить в следующей редакции:

      "84. Все активы ликвидируемого банка, установленные путем инвентаризации, подлежат включению в ликвидационную массу, если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан. Активы, не включенные в баланс банка на начало ликвидации и выявленные в ходе инвентаризации, должны быть отражены в промежуточном ликвидационном балансе ликвидируемого банка.

      Недостача имущества, выявленная в ходе инвентаризации, проведенной в соответствии с частью первой пункта 82 настоящих Правил, включается в промежуточный ликвидационный баланс и учитывается на отдельном счете.";

      в пункте 86:

      слова "должна осуществляться" заменить словами "осуществляется";

      слова "акта оценки имущества" заменить словами "отчета об оценке";

      после слова "передачи" дополнить словами "по согласованию с комитетом кредиторов";

      пункт 94 изложить в следующей редакции:

      "94. При рассмотрении претензии (заявления) юридического или физического лица ликвидационная комиссия проверяет законность предъявляемого требования и его обоснованность.";

      пункт 96 изложить в следующей редакции:

      "96. В случае, когда претензия (заявление) отклонена полностью или частично, заявителю возвращаются документы, полученные с претензией (заявлением), а также направляются документы, обосновывающие отклонение претензии (заявления), если их нет у заявителя.

      Отклонение ликвидационной комиссией претензии (заявления) в связи с непредставлением кредитором подтверждающих документов не препятствует повторному обращению кредитора в ликвидационную комиссию с претензией (заявлением) и приложением требуемых документов в пределах срока, установленного для приема претензий (заявлений).";

      в предложении первом пункта 106:

      слова "десяти рабочих дней" заменить словом "месяца";

      слово "незамедлительно" заменить словами "в течение двух рабочих дней";

      в пункте 107:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "107. В состав комитета кредиторов входит кредитор с наибольшей суммой требований, включенных в реестр требований кредиторов, по одному представителю от каждой категории кредиторов, предусмотренной статьей 74-2 Закона о банках, а также не более двух представителей от категории кредиторов четвертой очереди - физических лиц, имеющих к ликвидируемому банку требования по депозитам, в том числе беспроцентным депозитам до востребования, размещенным в ликвидируемом исламском банке, и переводам денег (далее - вкладчики – физические лица), избираемых в порядке, предусмотренном пунктом 107-1 настоящих Правил.";

      часть четвертую исключить;

      дополнить пунктом 107-1 следующего содержания:

      "107-1. Для выбора представителя (представителей) от вкладчиков - физических лиц ликвидационная комиссия банка в течение трех рабочих дней с даты утверждения промежуточного ликвидационного баланса и реестра требований кредиторов публикует в периодических печатных изданиях на государственном и русском языках, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, объявление о проведении ликвидационной комиссией работы по формированию состава комитета кредиторов ликвидируемого банка и принятию заявлений от вкладчиков – физических лиц о включении в состав комитета кредиторов ликвидируемого банка (далее - кандидаты) с указанием срока и места приема заявлений. При этом в объявлении предусматриваются следующие требования к кандидатам:

      1) кандидат должен быть вкладчиком – физическим лицом;

      2) кандидат должен принимать личное участие на заседаниях комитета кредиторов банка.

      После истечения срока приема заявлений кандидатов ликвидационная комиссия публикует в периодических печатных изданиях на государственном и русском языках, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, объявление о проведении выбора представителя вкладчиков – физических лиц в состав комитета кредиторов банка. Выбор осуществляется путем выражения своей воли вкладчиком – физическим лицом в срок и место, указанные в объявлении.

      В состав комитета кредиторов ликвидируемого банка включается (включаются) кандидат (кандидаты), набравший (набравшие) наибольшее количество голосов из числа вкладчиков - физических лиц, явившихся на голосование.";

      пункт 109 изложить в следующей редакции:

      "109. Ликвидационная комиссия не позднее трех рабочих дней до даты проведения первого заседания комитета кредиторов письменно уведомляет всех членов комитета кредиторов о месте и дате проведения первого заседания комитета.

      Первое заседание комитета кредиторов проводится в срок не позднее десяти рабочих дней со дня утверждения состава комитета кредиторов. На первом заседании комитет кредиторов:

      1) выбирает председателя комитета;

      2) утверждает положение о комитете кредиторов, регламентирующее порядок проведения заседаний комитета кредиторов и процедуру голосования.

      Председателю комитета кредиторов предоставляется право решающего голоса при равенстве голосов в процедуре голосования.";

      в пункте 111:

      в подпункте 11) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";

      дополнить подпунктом 12) следующего содержания:

      "12) согласование принятого председателем ликвидационной комиссии решения о передаче дебиторами ликвидируемого банка имущества для погашения задолженности перед ликвидируемым банком, в том числе в счет исполнения решения суда.";

      в пункте 116:

      слова "оценочной стоимости" заменить словами "стоимости, определенной оценщиком в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2000 года "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан" (далее – оценочная стоимость)";

      после слова "банка" дополнить словами "на дату передачи";

      часть вторую пункта 123 изложить в следующей редакции:

      "До утверждения состава комитета кредиторов ликвидационная комиссия реализует имущество по согласованию с уполномоченным органом в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.";

      в пункте 125:

      часть вторую после слова "Иное" дополнить словом "движимое";

      в части третьей слово "Имущество" заменить словами "Движимое имущество";

      часть четвертую изложить в следующей редакции:

      "Допускается реализация движимого имущества балансовой стоимостью менее пятидесяти месячных расчетных показателей без проведения публичных торгов по цене, определенной ликвидационной комиссией самостоятельно, но не ниже пятидесяти процентов от балансовой стоимости.";

      пункт 127 изложить в следующей редакции:

      "127. План реализации содержит предложения об объектах реализации и их подробную характеристику, сведения об оценочной стоимости, стартовой (и минимальной - при голландском методе торгов) цене реализации, периоде и методе проведения торгов.

      В план реализации не включается имущество балансовой стоимостью менее пятидесяти месячных расчетных показателей, а также оценочной стоимостью менее ста месячных расчетных показателей. Имущество оценочной стоимостью менее ста месячных расчетных показателей, не реализованное по цене не ниже оценочной стоимости, включается в план реализации.";

      подпункт 5) пункта 130 изложить в следующей редакции:

      "5) стартовые и минимальные цены лотов, выставляемых на реализацию (минимальная цена лота указывается в случае проведения торгов по голландскому методу);

      пункт 171 изложить в следующей редакции:

      "171. Ликвидационная комиссия предоставляет организации по гарантированию список депозиторов, обязательства, по возврату депозитов которых гарантируются, а также расчет возмещения по депозитам по состоянию на день вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка по формам, утвержденным организацией по гарантированию, и в сроки, установленные пунктом 3 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан".

      Передача ликвидационной комиссией организации по гарантированию списка депозиторов, а также расчета возмещения по депозитам осуществляется на бумажном и электронном носителях с составлением акта приема-передачи.";

      пункт 172 исключить;

      дополнить пунктом 173-1 следующего содержания:

      "173-1. Ликвидационная комиссия и организация по гарантированию в четвертом квартале каждого года (за исключением года, в котором возбуждено ликвидационное производство банка) проводят сверку сумм гарантийных возмещений, выплаченных организацией по гарантированию вкладчикам ликвидируемого банка.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      3. Департаменту ликвидации финансовых организаций (Жумабаева З.С.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединений юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и "Национальная экономическая палата Казахстана "Союз "Атамекен", Акционерного общества "Казахстанский фонд гарантирования депозитов", ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков.

      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.

Председатель

Е. Бахмутова

СОГЛАСОВАНО


Национальный Банк


Республики Казахстан


Председатель Марченко Г.А.


28 марта 2011 года


(подпись, дата, гербовая печать)