"Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 мамырда N 6959 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесi (бұдан әрi – санитариялық ереже) дербес компьютерлердi (бұдан әрi - ДК), планшетті дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ПлДК), ноутбуктерді, бейнетерминалдарды (бұдан әрi - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс iстеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлардың әсерiне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейдi.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды.
      Қызметі ДК, ПлДК, бейнетерминалдарды пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
      ДК, ПлДК және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда пайдалануға енгізуге жол беріледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) қауіпсіз электромагниттік сәулелену – адамның денсаулығына зиянды әсер ететін электромагниттік сәулелену деңгейі;
      2) бейнетерминал – бейненi көрсетуге арналған құрылғы. Клавиатура тәрiздi енгiзу (кiру блогы) құрылғысымен жабдықталған, дисплей экраны бар пайдаланушының терминалы;
      3) жерге қосу нұсқасы – жермен тікелей жанасатын жерге қосылатын жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) нұсқасы бойынша орналастырылған металл өткізгіштер жиынтығы;
      4) үй-жайдың кешенді жасанды жарығы – жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарық;
      5) үй-жайды кешенді табиғи жарықтандыру – жоғарғы және бүйірлік табиғи жарықтандырудың үйлесуі;
      6) жарықтандырудың өту коэффициенті – жарықтандырудың өту коэффициенті К % - газды разрядты шамдардың айнымалы токпен қуаттандыру кезінде олардың жарық ағынының уақыт ішінде өзгеруі нәтижесінде жарық тербелісінің салыстырмалы тереңдігін бағалау критерийі;
      7) ноутбук – кітапша түрінде жиналатын, дисплей мен клавиатураны қоса алғанда шағын бір корпуста барлық қажетті компоненттері (соның ішінде монитор) бар портативті дербес компьютер. Сымды және сымсыз желілерге қосылатын жетілдірілген құралдары, ішіне салынған мультимедиялық жабдығы (динамиктер, жиі микрофон және веб-камера) болады;
      8) дербес компьютер – жеке тұлғаның автономды пайдалануына арналған микрокомпьютер;
      9) периметрмен орналастыру – жиһаздарды, жабдықты қабырға бойында (периметрi бойынша) орналастыру;
      10) жайсыздық көрсеткiшi – көру аймағында жарықтықты бiрқалыпты бөлмеу кезiнде жағымсыз әсер тудыратын жайсыз жылтырауды бағалау критерийi;
      11) планшетті дербес компьютер – стилустың немесе саусақтардың көмегімен клавиатураны және тышқанды пайдаланбастан жұмыс істейтін, экранмен қосылған, қолмен енгізетін планшетті құрылғымен жабдықталған ноутбуктер тобы;
      12) жұмыс беті – жұмыс жүргiзiлетiн және жарық нормаланатын немесе өлшенетiн бет;
      13) қатармен орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бiрiнен кейiн бiрiн қатармен орналастыру;
      14) стилус – сенсорлы экранмен жұмыс істеуге арналған пластмасса өзек;
      15) «в» типiнiң 3-санатты дiрiл деңгейi – оқу пункттерi, есептеу орталықтары, денсаулық сақтау пункттерi, кеңсе үй-жайларының, жұмыс бөлмелерiнiң және ақыл-ой еңбегi қызметкерлерiне арналған басқа да үй-жайлардың жұмыс орындарындағы жалпы дiрiл;
      16) орталықта орналастыру – жиһаздар мен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру;
      17) электрондық кітап – электрондық түрде берілген мәтіндік ақпаратты көрсетуге арналған шағын планшетті компьютер.»;
      2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. ДК, ПлДК, ноутбуктер мен БТ-дi орналастыруға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. ДК, ПлДК, ноутбуктер және БТ пайдалануға арналған үй-жайларда осы санитариялық ережеде келтірілген жарықтандырудың, микроклиматтың, желдетудің нормаланған параметрлерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
      ДК, ПлДК, ноутбуктер мен БТ-ны бiлiм беру ұйымдарының цокольды қабаттарында орналастыруға жол берiлмейдi. ДК және БТ-ның жұмыс орындарын күш беретiн кабельдер, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық жабдықтар орналасқан жерге орнатуға жол берiлмейдi.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Электронды сәуле түтiгi (бұдан әрi - ЭСТ) негiзiндегi ДК және БТ пайдаланушыларының бiр жұмыс орнының ауданы, оның iшiнде халыққа қызмет көрсететiн мәдени ойын-сауық объектiлерiнде қатарда кемiнде 6 шаршы метр (бұдан әрi – м2), орталықта және периметр бойынша орналасқанда - 4 м2, БТ-ны тегiс дискреттiк экрандар (сұйық кристалл, плазмалық) базасында пайдаланғанда кез келген орналасуда 4 м2 құрайды.
      ПлДК, ноутбуктерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнына арналған алаңға 2,5 м2 жол беріледі.»;
      6711121520232538414243444647525354555659636465666768697075-тармақтар алынып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Үй-жайларда келушілердің сыртқы киімдеріне арналған гардероб бөлмелері немесе шкафтар (ілгіштер) және санитариялық тораптар қарастырылады.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Экраннан және ЭСТ-дегi БТ корпусынан 0,05 метр (бұдан әрi - м) қашықтықтағы кез келген нүктедегi рентген сәулесiнiң экспозициялық дозасының қуаты реттейтiн құрылғылардың кез келген қалыптарында сағатына 1 микро Зиверттен аспауы тиiс.»;
      26-тармақта 4) тармақша алынып тасталсын;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. ДК және БТ-мен үздiксiз жұмыс iстеу ұзақтығы 2 сағаттан артық емес ұсынылады.
      ПлДК салмағы:
      1) 1-4 сынып оқушылары үшін 1 кг артық емес;
      2) 5-8 сынып оқушылары үшін 1,5 кг-ға дейін;
      3) 9-11 сынып оқушылары үшін 1,5-тен 2,5 кг-ға дейін.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. ДК пайдалана отырып жұмыс iстеу қосалқы, негiзгi болып табылатын (диспетчерлiк, операторлық, есептеу, басқару посттары мен кабиналар, есептеу техникасының залдары) және жүйке-эмоциялық жүктемемен байланысты өндiрiстiк үй-жайларда жұмыс орындарындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы осы санитариялық ережеге 2-қосымшаның 1-кестесiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келеді.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. ДК және БТ-мен жұмыс орындарындағы электромагниттiк иондамайтын сәулелердiң рұқсат етiлген деңгейлерi осы санитариялық ережеге 6-қосымшада келтiрiлген. Құрал-саймандық бақылау жүргiзу әдiстемесі және ДК пайдаланушылардың жұмыс орындарындағы электромагниттiк өрiстің гигиеналық деңгейлері осы санитариялық ережеге 7-қосымшада келтiрiлген.
      Шу деңгейі нормативті деңгейден асатын жабдықтар (баспа құрылғылары, серверлер және т.б.) ДК, ПлДК, ноутбуктер, БТ үй-жайларынан бөлек орналастырылады.»;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Жасанды жарықтандыру кезінде жарық көздері ретінде люминесценттік шамдар пайдаланылады. Жергілікті жарықтандыру шырағдандарында қыздыру шамдарын, оның ішінде қуат үнемдейтін шамдарды пайдалануға жол беріледі.»;
      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. ДК пайдалануға арналған үй-жайларда жарықтың нормаланған мәнiн қамтамасыз ету үшiн iстен шыққан шамдарды ауыстыру жүргізіледі, терезе жақтауларының әйнектерiн және шырағдандарды тазалау жылына кемiнде екi рет жүзеге асырылады.
      Экрандағы жарқылдардың алдын алу үшін терезе ойықтары қорғаныш құрылғыларымен немесе жалюздермен жабдықталады.»;
      6-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Пайдаланушыларға арналған ДК, ПлДК, ноутбуктермен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Пайдаланушыларға арналған үстелдiң жұмыс бетiнiң биiктiгi 680-800 мм шегiнде реттеледi.»;
      7-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жалпы бiлiм беру ұйымдарында, орта және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Сабақ оқуға арналған үй-жайлар бiр орындық үстелдермен жабдықталады. ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс iстеуге арналған бiр орындық үстелдiң құрылымында мыналар:
      1) екi бөлек бет: бiреуi биiктiгi 520-760 мм шегінде ыңғайлы реттеушісі бар ДК орналастыруға арналған және екiншiсi - биiктiгi мен еңкею бұрышы 0-ден 15 градусқа дейiн ыңғайлы реттеушісі бар клавиатураға арналған, жұмыс қалпында бекiтiлген;
      2) ДК, ПлДК, ноутбуктер мен БТ-ға арналған клавиатура бетiнiң енi кемiнде 750 мм (екi беттiң енi бiрдей болады) және тереңдiгi кемiнде 550 мм;
      3) ДК, ПлДК, ноутбуктер немесе БТ-ға және клавиатураға арналған беттердiң электр қуатының сымы және жергiлiктi желiнiң кабельдерi орналасқан тiреушеге тiреуiш. Тiреушенiң негiзiн аяқ қойғышпен бiрге бiрiктiрген дұрыс;
      4) жұмыс орнын принтермен жабдықтаған кезде беттiң енiн 1200 мм дейiн үлкейту;
      5) биiктiгi және еңкею бұрышы бойынша реттелетiн, негiзгi үстелдің үстіңгі тақтайынан бөлек клавиатураға арналған қондырғы, тiреушенің негiзiне біріктірілген аяқ қойғыш көзделедi.»;
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде БТ, ДК, ПлДК-мен және ноутбуктермен тікелей болатын сабақтардың үзіліссіз ұзақтығын оқу сағаты ішінде мынадан асырмау ұсынылады: 

Атауы

Сабақтардың ұзақтығы

Мектепке дейінгі ұйымдар және 1 сыныптар

15 минуттан артық емес

2-3 сыныптар

20 минуттан артық емес

4-5 сыныптар

25 минуттан артық емес

6-8 сыныптар

30 минуттан артық емес

9-11 сыныптар

35 минуттан артық емес

                                                                  »;
      8-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мектепке дейiнгi ұйымдарда БТ, ПлДК, ноутбуктер мен ДК-де оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
      71-74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Мектепке дейiнгi ұйымдарда компьютерлiк ойын сабақтары аптасына 2 реттен жиi жүргiзiлмейдi.
      72. БТ, ПлДК, ноутбуктер және ДК-мен сабақтарды ұйқыға арналып бөлінген уақыт, күндiзгi серуен және басқа да сауықтыру іс-шаралары есебінен жүргізуге жол берiлмейдi.
      73. БТ, ПлДК, ноутбуктер және ДК пайдаланатын мектеп жасына дейiнгi балалардың сабақтарын әдiскер өткізеді немесе оның қатысуымен жүргiзiледi.
      74. Жасына қарамастан екi және одан да көп балаларға БТ, ПлДК, ноутбуктер және ДК-ді бір мезгілде пайдалануға жол берiлмейдi.»;
      1-қосымшада:
      3-кесте алынып тасталсын;
      2-қосымшада:
      1-кесте осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
      4-қосымша алынып тасталсын;
      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      7-қосымша:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жиілігі 50 Гц электр өрісінің фондық деңгейі және магниттік өріс кернеуінің фондық деңгейлері мынадай мәндерге сәйкес келеді: 0.5 кВ/м және 0.16 Ампер (0.2 мкТл).».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                       С. Қайырбекова
 

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі 
№ 217 бұйрығына 1-қосымша

«Дербес компьютерлердi,  
бейнетерминалдарды     
пайдалануға және олармен 
жұмыс iстеу жағдайларына 
қойылатын санитариялық- 
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесiне  
2-қосымша         

Өндiрiстiк үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары

      1-кесте       

Жыл кезеңi

Жұмыс санаты

Ауа температурасы артық емес

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Ауа қозғалысының жылдамдығы, секундына метр (бұдан әрі – м/с)

Салқын

Жылы

1а жеңiл
1б жеңiл
1а жеңiл
1б жеңiл

22-24
23-21
23-25
22-24

40-60
40-60
40-60
40-60

0,1
0,1
0,1
0,2

Ескертпе:
      1. 1а санатына отырып істелетін және физикалық күш талап етілетін, энергия шығыны сағатына 120 килокалорий (бұдан әрі - ккал/сағ) құрайтын жұмыстар жатады.
      2. 1б санатына тұрып, отырып істелетін немесе жүрумен байланысты және физикалық күш жұмсалатын, энергия шығыны 120-дан 150 ккал/сағ. құрайтын жұмыстар жатады.

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі 
№ 217 бұйрығына 2-қосымша

«Дербес компьютерлердi,  
бейнетерминалдарды     
пайдалануға және олармен 
жұмыс iстеу жағдайларына 
қойылатын санитариялық- 
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесiне  
6-қосымша         

Иондамайтын электромагниттi сәулелену деңгейлерінің рұқсат етiлген мәндерi

Параметрлер атауы

ДК, БТ бөліктері

Бақылау қашықтығы, см

Рұқсат етілген мәні

Кәсіби пайдаланушыларға арналған электростатикалық өрістің кернеулігі

Монитор
Клавиатура

Бас деңгейінде 1,0

20 метрге киловольт (бұдан әрі - кВ/м)

Балалардың мектепке дейінгі ұйымдардың, оқу орындарының және компьютер клубтарының жұмыс орындарындағы электростатикалық өрістің кернеулігі

Монитор
Клавиатура

Бас деңгейінде 1,0

20 кВ/м
15 кВ/м
15 кВ/м

БТ, ДК айналасындағы электр
өрісінің кернеулігі:
5-2000 Гц жиілік диапазонында:

Монитор

Деңгейде

25 метрге Вольт (бұдан әрі - В/м)
2,5 В/м

2-400 кГц жиілік диапазонында:

Монитор

Бас деңгейінде

2,5 кВ/м

ДК, БТ айналасындағы магниттік ағын тығыздығы:
5-2000 Гц жиілік диапазонында:

Монитор

Дисплей мен 10 см қашықтықта орнатылған жерге қосылмаған пластина арасында

250 нанно Тесла (бұдан әрі - нТл)

2-400 кГц жиілік диапазонында:

Монитор

25 нТл

Монитордың үстіңгі электростатикалық әлеуеті, артық емес (сертификатталған сынаулар кезінде)

Монитор

1,0

500 Вольт

Өнеркәсіптік жиіліктің электр өрісінің кернеулігі (50 Гц)

Қуат блоктары

1,0

0,5 кВм
0,5 кВм

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 767 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 апреля 2011 года № 217. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 мая 2010 года № 6959. Отменен приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2012 года № 362.

      Сноска. Отменен приказом Министра здравоохранения РК от 18.05.2012 № 362.

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 7 и подпунктом 1) статьи 145 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 767 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6526, опубликованный в газете "Казахстанская правда" 13 ноября 2010 года, № 310-311 (26371-26372)) следующие изменения и дополнения:

      в санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними", утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними" (далее - санитарные правила) регламентируют санитарно-эпидемиологические требования к размещению и эксплуатации персональных компьютеров (далее - ПК), планшетных персональных компьютеров (далее – ПлПК), ноутбуков, видеотерминалам (далее - ВТ) и условиям работы с ними, микроклимату, к воздействию физических факторов и освещению.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящие санитарные правила не распространяются на телевизоры, используемые в быту, на телевизионные игровые приставки, бортовые и портативные компьютеры.

      Предназначены для физических и юридических лиц, деятельность которых связана с эксплуатацией ПК, ПлПК, видеотерминалов и условиям работы с ними.

      Ввод объектов в эксплуатацию по оказанию услуг населению посредством ПК, ПлПК, и видеотерминалов допускается при наличии санитарно-эпидемиологического заключения органов государственного санитарно-эпидемиологического надзора.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В настоящих санитарных правилах использованы следующие термины и определения:

      1) безопасное электромагнитное излучение - уровень электромагнитного излучения, не оказывающий вредного воздействия на здоровье человека;

      2) видеотерминал - устройство визуального отображения. Терминал пользователя с экраном дисплея, оборудуемый устройством ввода (входным блоком) типа клавиатуры;

      3) контур заземления - совокупность металлических проводников, размещенных по контуру помещения (здания), в котором установлено заземляемое оборудование, непосредственно соприкасающихся с землей;

      4) комбинированное искусственное освещение помещений - освещение, при котором к общему освещению добавляется местное освещение;

      5) комбинированное естественное освещение помещений - сочетание верхнего и бокового естественного освещения;

      6) коэффициент пульсации освещенности - Коэффициент пульсации освещенности К % - критерий оценки относительной глубины колебаний освещенности в результате изменения во времени светового потока газоразрядных ламп при питании их переменным током;

      7) ноутбук – портативный персональный компьютер, складывающийся в виде книжки, содержащий все необходимые компоненты (в том числе монитор) в одном небольшом корпусе, включающий дисплей и клавиатуру. Содержит развитые средства подключения к проводным и беспроводным сетям, встроенное мультимедийное оборудование (динамики, часто микрофон и веб-камеру);

      8) персональный компьютер - микрокомпьютер, предназначенный для автономного использования индивидуумом;

      9) периметральная расстановка - расстановка мебели, оборудования вдоль стен (по периметру);

      10) показатель дискомфорта - критерий оценки дискомфортной блесткости, вызывающей неприятные ощущения при неравномерном распределении яркостей в поле зрения;

      11) планшетный персональный компьютер – класс ноутбуков, оборудованных планшетным устройством рукописного ввода, объединенным с экраном, работающий при помощи стилуса или пальцев без использования клавиатуры и мыши;

      12) рабочая поверхность - поверхность, на которой производится работа и на которой нормируется или измеряется освещенность;

      13) рядная расстановка - расстановка мебели и оборудования рядами в центре помещения, друг за другом;

      14) стилус – пластмассовый стержень для работы с сенсорным экраном;

      15) уровень вибрации категории 3 тип "в" - общая вибрация на рабочих местах в помещениях учебных пунктов, вычислительных центров, здравпунктов, конторских помещениях, рабочих комнатах и других помещениях для работников умственного труда;

      16) центральная расстановка - расстановка мебели и оборудования в центре помещения группами;

      17) электронная книга – компактный планшетный компьютер, предназначенный для отображения текстовой информации, представленной в электронном виде.";

      Наименование главы 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Санитарно-эпидемиологические требования к размещению и эксплуатации ПК, ПлПК, ноутбуков и ВТ";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. В помещениях для эксплуатации ПК, ПлПК, ноутбуков и ВТ обеспечиваются условия для соблюдения нормируемых параметров освещенности, микроклимата, вентиляции, приведенных в настоящих санитарных правилах.

      Не допускается размещение ПК, ПлПК, ноутбуков и ВТ в цокольных помещениях организациях образования. Не допускается размещать рабочие места с ПК и ВТ, где расположены силовые кабели, высоковольтные трансформаторы, технологические оборудования.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Площадь на одно рабочее место пользователей ПК и ВТ на базе электронно-лучевой трубки (далее - ЭЛТ), в том числе на объектах досуга для оказания услуг населению, составляет не менее 6 квадратных метров (далее - м2) при рядном, центральном и периметральном расположении - 4 м2, при использовании ВТ на базе плоских дискретных экранов (жидкокристаллические, плазменные) при любом расположении - 4 м2.

      Площадь на одно рабочее место пользователей ПлПК, ноутбуков допускается 2,5 м2.";

      пункты 6, 7, 11, 12, 15, 20, 23, 25, 38, 41, 42, 43, 44, 46, 47, 52, 53, 54, 55, 56, 59, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 75исключить;

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. В помещениях предусматриваются гардеробные комнаты или шкафы (вешалки) для верхней одежды посетителей и санитарные узлы.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Мощность экспозиционной дозы рентгеновского излучения в любой точке на расстоянии 0,05 метра (далее - м) от экрана и корпуса ВТ на ЭЛТ при любых положениях регулировочных устройств не превышает 1 микро Зиверт в час.";

      в пункте 26 подпункт 4) исключить;

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Продолжительность непрерывной работы с ВТ и ПК рекомендуется не более двух часов.

      Вес ПлПК:

      1) для учащихся 1-4 классов не более 1 кг;

      2) для учащихся 5-8 классов до 1,5 кг;

      3) для учащихся 9-11 классов от 1,5 до 2,5 кг.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. В производственных помещениях, в которых работа с использованием ПК является вспомогательной, основной (диспетчерские, операторские, расчетные, кабины и посты управления, залы вычислительной техники) и связана с нервно-эмоциональным напряжением, температура, относительная влажность и скорость движения воздуха на рабочих местах соответствует требованиям, указанным в таблице 1 приложения 2 к настоящим санитарным правилам.";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Допустимые уровни неионизирующих электромагнитных излучений на рабочих местах у ВТ и ПК приведены в приложении 6 к настоящим санитарным правилам. Методика проведения инструментального контроля и гигиенических уровней электромагнитных полей (далее - ЭМП) на рабочих местах пользователей ПК приведена в приложении 7 к настоящим санитарным правилам.

      Оборудования (печатающие устройства, серверы и т.п.), уровни шума которого превышают нормативные, размещаются вне помещений ПК, ПлПК, ноутбуков, ВТ.";

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. В качестве источников света при искусственном освещении используются люминесцентные лампы. В светильниках местного освещения допускается применение ламп накаливания, в том числе энергосберегающие.";

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. Для обеспечения нормируемых значений освещенности в помещениях для использования ПК проводится замена перегоревших ламп, чистка стекол оконных рам и светильников осуществляется не реже двух раз в год.

      Для предупреждения бликов на экране оконные проемы оборудуются защитными устройствами или жалюзями.";

      Наименование главы 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Санитарно-эпидемиологические требования к условиям работы с ПК, ПлПК, ноутбуков для пользователей";

      пункт 50 изложить в следующей редакции:

      "50. Высота рабочей поверхности стола для пользователей регулируется в пределах 680-800 мм.";

      Наименование главы 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Санитарно-эпидемиологические требования к условиям обучения с ПК, ПлПК, ноутбуков и ВТ в общеобразовательных организациях, организациях среднего и высшего образования";

      пункт 57 изложить в следующей редакции:

      "57. Помещения для занятий оборудуются одноместными столами. Конструкция одноместного стола для работы с ПК, ПлПК, ноутбуков и ВТ предусматривается:

      1) две раздельные поверхности: одну горизонтальную для размещения ПК с плавной регулировкой по высоте в пределах 520-760 мм и вторую - для клавиатуры с регулировкой по высоте и углу наклона от 0 до 15 градусов с фиксацией в рабочем положении (12-15 градусов);

      2) ширина поверхностей для ПК, ПлПК, ноутбуков и ВТ клавиатуры не менее 750 мм (ширина обеих поверхностей одинаковая) и глубина не менее 550 мм;

      3) опору поверхностей для ПК, ПлПК, ноутбуков или ВТ и для клавиатуры на стояк, в котором находятся провода электропитания и кабель локальной сети. Основание стояка следует совмещать с подставкой для ног;

      4) увеличение ширины поверхностей до 1 200 мм при оснащении рабочего места принтером;

      5) подставка для клавиатуры, регулируемая по высоте и углу наклона, отдельная от основной столешницы, подставка для ног, совмещенная с основанием стояка.";

      пункт 60 изложить в следующей редакции:

      "60. Непрерывная длительность занятий в дошкольных организациях и школах непосредственно с ВТ, ПК, ПлПК и ноутбуками в течение учебного часа рекомендуется не более:

Наименование

Длительность занятий

Дошкольные организации

и 1 классы

Не более 15 минут

2-3 классы

Не более 20 минут

4-5 классы

Не более 25 минут

6-8 классы

Не более 30 минут

9-11 классы

Не более 35 минут


      ";

      Наименование главы 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Санитарно-эпидемиологические требования к условиям обучения на ВТ, ПлПК, ноутбуках и ПК в дошкольных организациях";

      пункты 71-74 изложить в следующей редакции:

      "71. Компьютерные игровые занятия в дошкольных организациях проводятся не чаще 2 раз в неделю.

      72. Не допускается проводить занятия с ВТ, ПлПК, ноутбуками и ПК за счет времени, отведенного для сна, дневных прогулок и оздоровительных мероприятий.

      73. Занятия дошкольников с использованием ВТ, ПлПК, ноутбуков и ПК проводятся методистом или в его присутствии.

      74. Не допускается одновременное использование ВТ, ПК, ПлПК, ноутбуков двумя и более детьми, независимо от возраста.";

      в приложении 1:

      таблицу 3 исключить;

      в приложении 2:

      таблицу 1 изложить в следующей редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 4 исключить;

      приложение 6 изложить в следующей редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      приложение 7:

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "Фоновый уровень электрического поля частотой 50 Гц и фоновые уровни напряженности магнитного поля соответствуют следующим значениям: 0,5 кВ/м и 0,16 Ампер (0,2 мкТл).".

      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан обеспечить в установленном законодателством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Юридическому департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан – Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан Оспанова К.С.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


Республики Казахстан

С. Каирбекова


  Приложение 1 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 25 апреля 2011 года № 217
Приложение 2
к санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические требования
к эксплуатации персональных компьютеров,
видеотерминалов и условиям работы с ними"

"Оптимальные нормы микроклимата для производственных помещений

      Таблица 1

Период года

Категория

работ

Температура воздуха

не более

Относительная

влажность

воздуха, %

Скорость движения

воздуха, метр в

секунду (далее - м/с)

Холодный

Теплый

Легкая 1а

Легкая 1б

Легкая 1а

Легкая 1б

22-24

23-21

23-25

22-24

40-60

40-60

40-60

40-60

0,1

0,1

0,1

0,2


      Примечание:

      1. К категории 1а относятся работы, производимые сидя и не требующие физического напряжения, при которых расход энергии составляет до 120 килокалорий в час (далее - ккал/ч);

      2. К категории 1б относятся работы, производимые стоя, сидя или связанные с ходьбой и сопровождающиеся некоторым физическим напряжением, при котором расход энергии составляет от 120 до 150 ккал/ч.

  Приложение 2 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 25 апреля 2011 года № 217
Приложение 6
к санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические требования
к эксплуатации персональных компьютеров,
видеотерминалов и условиям работы с ними"

Допустимые значения уровней неионизирующих
электромагнитных излучений

Наименование параметров

Части ПК, ВТ

Контрольное

расстояние, см

Допустимое

значение

Напряженность электростатического

поля для профессиональных

пользователей

Монитор

Клавиатура

На уровне

головы 1,0

20 килоВольт

на метр

(далее -

кВ/м)

Напряженность электростатического

поля на рабочих местах детских

дошкольных организациях, учебных

заведений и компьютерных клубов

Монитор

Клавиатура

На уровне

головы 1,0

20 кВ/м

15 кВ/м

15 кВ/м

Напряженность

электрического поля

вокруг ПК, ВТ:

в диапазоне частот

5-2000 Гц:

Монитор

На уровне

25 Вольт

на метр

(далее - В/м)

2,5 В/м

в диапазоне частот

2-400 кГц:

Монитор

На уровне головы


Плотность магнитного

потока вокруг ПК, ВТ:

в диапазоне частот

5-2000 Гц:

Монитор

Между дисплеем

и установленной

в 10 см от

негозаземленной

измерительной

пластиной

1,0

1,0

250 нанно

Тесла

(далее - нТл)

25 нТл

в диапазоне частот

2-400 кГц:

Монитор


500 Вольт

Поверхностный

электростатический

потенциал от монитора,

не более (при сертификационных

испытаниях)

Монитор


Напряженность электрического поля

промышленной частоты (50 Гц)

блоки питания

0,5 кВ/м

0,5 кВ/м