Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 02-02-18/74 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда N 6970 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.11.2014 № 106 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру жеке спорт туралы» Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Спорт комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі М.Е. Омаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы  
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі 
№ 02-02-18/74 бұйрығымен
бекітілген        

Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастырудың ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру мен спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының (бұдан әрі - клубтар) қызметін реттейді.
      2. Клубтың басты мақсаты:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
      3) балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
      4) олардың денсаулығы мен дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;

2. Клуб қызметін ұйымдастыру

      3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
      4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
      5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
      Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша (соның ішінде оқушылардың жаңа және ауыспалы құрамымен) жұмыс істеуі мүмкін.
      6. Секциялардың толықтығы төмендегідей талаптарды ескере отырып, нормаға сәйкес болуы қажет:
      1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
      2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
      3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
      7. Кестені жасаған кезде мектептегі, арнаулы орта және кәсіптік-техникалық оқу орындары оқушыларының бос уақыты мен жұмысбастылық көлемін ескеру қажет.
      8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Реестрінде № 2816 тіркелген, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2004 жылы 27 наурыздағы № 06-2-2/97 бұйрығымен бекітілген Дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
      9. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.

3. Клубты басқару

      10. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
      Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.
      11. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын директор жүзеге асырады.
      12. Клубтың директоры дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жіктемесінің көлемін бекітеді.

4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      13. Оқу-жаттығу үдерісі балалардың жұмысқа қабілеттілігі, олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
      Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығын (3-4 күн) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша педагогикалық кеңес бекітеді және клубтың жарғысында тіркеледі.
      14. Балалар мен жасөспірімдерді клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары) атынан клуб директорының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      Клубқа қабылдауға ұсынылған құжаттарды педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарайды.
      Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      15. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдері қамқоршылары, қорғаншылары), өтініштері негізінде сондай-ақ бала сабаққа дәлелсіз себептермен 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
      16. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.

5. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары

      17. Балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.
      18. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының лауазымдық бірліктері спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты анықталады.
      Қызметті ұстау мен оның негізгі бағытына қарай клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.

Об утверждении Правил организации деятельности детских и подростковых клубов в сфере физической культуры и спорта

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 29 апреля 2011 года № 02-02-18/74. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 мая 2011 года № 6970. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 106

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 22.11.2014 № 106 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 21) статьи 23 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации деятельности детских и подростковых клубов в сфере физической культуры и спорта.
      2. Комитету по спорту в установленном законодательном порядке представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить официальное опубликование в средствах массовой информации после его государственной регистрации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра туризма и спорта Республики Казахстан Омарова М.Е.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Т. Ермегияев

Утверждены           
приказом Министра туризма и спорта
Республики Казахстан       
от 29 апреля 2011 года № 02-02-18/74

Правила организации деятельности детских и подростковых клубов
в сфере физической культуры и спорта

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации деятельности детских и подростковых клубов в сфере физической культуры и спорта (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и регулируют деятельность детских и подростковых клубов в сфере физической культуры и спорта (далее - клубы).
      2. Основными задачами клуба являются:
      1) формирование здорового образа жизни путем привлечения к занятиям физической культурой и спортом;
      2) создание условий для всестороннего развития личности путем раскрытия творческого потенциала;
      3) привлечение детей и подростков к систематическим занятиям физической культурой и спортом;
      4) осуществление физкультурно-оздоровительной и воспитательной работы среди детей и подростков, направленной на укрепление их здоровья и физического воспитания.

2. Организация деятельности клуба 

       3. Структурными подразделениями клуба являются секции по видам спорта (далее - секции), организация секций регламентируется учебным планом либо годовым календарным планом и расписанием занятий, которые утверждаются педагогическим советом клуба.
      4. Режим работы клубов определяется правилами внутреннего распорядка.
      5. Работа секций, в зависимости от плана работы, организовывается на весь календарный год.
       В период летних каникул секции могут работать по специальному расписанию (в том числе с новым и переменным составом учащихся).
      6. Наполняемость в секции должна осуществлятся, с учетом следующих требований:
      1) количественный состав секций определяется в зависимости от вида спорта;
      2) разница в возрасте детей в одной группе не должна превышать трех лет;
      3) количество групп определяются Уставом клуба в зависимости от условий осуществления учебно-тренировочного процесса.
      7. При составлении расписания необходимо учитывать объем свободного времени и занятости учащихся в школах, средних специальных и профессионально-технических учебных заведениях.
      8. Организация работы секций должна соответствовать требованиям Правил безопасности и санитарно-гигиенических норм при проведении занятий физической культурой, спортом и спортивно-массовых мероприятий утвержденных приказом и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 27 марта 2004 года № 06-2-2/97, зарегистрированных в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2816.
      9. Количество детей в секциях не должно превышать 25 человек в зависимости от вида спорта.

3. Управление клубом

      10. Управление клубом осуществляется на принципах коллегиальности.
      Формой коллегиального управления является педагогический совет клуба.
      11. Непосредственное управление клубом осуществляет директор, назначаемый местным исполнительным органом в сфере физической культуры и спорта.
      12. Директор клуба по согласованию с местным исполнительным органом в сфере физической культуры и спорта утверждает штатное расписание клуба, должностные инструкции работников клуба, объем учебной нагрузки.

4. Организация учебно-тренировочного процесса

      13. Учебно-тренировочный процесс осуществляется на основе принципов работоспособности детей, динамики их развития, возможностей и особенностей усвоения ими учебного материала и перспективы развития обучающегося.
      Продолжительность занятий в течении учебной недели (3-4 дня) устанавливается педагогическим советом по согласованию с местным исполнительным органом в сфере физической культуры и спорта и закрепляется в Уставе клуба.
      14. Зачисление детей и подростков в клуб осуществляется путем представления заявления от родителей (законных представителей, опекунов, попечителей) на имя директора клуба, с приложением справки с места учебы, двух фотографий 3х4, медицинской справки о состоянии здоровья.
      Документы поданные для зачисления в клуб рассматриваются педагогическим советом в течении 3-х дней.
      Основанием отказа зачисления в клуб является предоставление неполного пакета документов.
      15. Отчисление из клуба осуществляется на основании заявления родителей (законных представителей, опекунов, попечителей), а также решением педагогического совета в случае непосещения занятий ребенком более 1 месяца без уважительной причины.
      16. Учебно-тренировочный процесс организуется индивидуально или в группе (подгруппе) которые комплектуются с учетом возрастных и индивидуальных возможностей ребенка.

5. Участники учебно-тренировочного процесса

      17. Участниками учебно-тренировочного процесса являются дети, подростки и их родители (законные представители, опекуны, попечители), педагогические, медицинские работники клуба.
      18. Количество штатных единиц должности инструктора-методиста и тренера-преподавателя в клубе определяется в зависимости от количества секций по видам спорта.
      В зависимости от содержания и основного направления деятельности, в клубе предусматриваются должности педагога-психолога, медсестры-массажиста, специалистов лечебной физической культуры, социального педагога.