Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 187 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырда N 6978 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2020 № 211 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесі бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4673 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 15 маусымда № 90 (1119) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5211 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы № 8 жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.

      3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр


милиция генерал-майоры

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 26 сәуірдегі
N 187 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқытудан өту ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің арнайы бастапқы оқытудан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. ІІО-ға бірінші рет қабылданатын үміткерлер нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті білім, іскерлік, дағды және мінез-құлық нормаларын жедел үйрену үшін арнайы бастапқы оқытудан өтеді.

      3. Арнайы бастапқы оқыту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) жүзеге асырылады.

2. Алғашқы арнайы оқуға қабылдау және өту тәртібі

      4. Арнайы бастапқы оқытуға жіберу үшін ІIO-ға қызметке үміткерлерді іріктеуді және жеке істерін ресімдеуді Астана, Алматы қалаларының, облыстардағы, көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - IIД) кадр аппараттары жүзеге асырады.

      5. Арнайы бастапқы оқытуға ІІО-ға алғашқы рет қызметке қабылданатын және сынақ мерзімінен өткен адамдар жіберіледі.

      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін арнайы бастапқы оқуға қабылдау жоспарына сәйкес ІІО-ның кадр аппараттары білім беру ұйымдарына үміткерлердің жеке ісін арнайы бастапқы оқыту курстары басталуынан он күн бұрын ұсынады.

      7. Арнайы бастапқы оқуға жіберілген үміткердің өзімен бірге жеке куәлігі, спорттық киімі, жеке гигиена заттары, қажетті жазу құралдары болуы тиіс.

      8. Білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен ІІО-ға бірінші рет қабылданатын адамдар арнайы бастапқы оқыту курстарының тыңдаушылары қатарына қабылданады.

      Бұйрықтан үзінділер он күннен кешіктірілмей ІІД-нің кадр аппаратына жіберілуі тиіс.

      9. Арнайы бастапқы оқыту курстарында заңгерлік, арнайы, атыс, кәсіптік-психологиялық және тілдік дайындық бойынша, криминалистика, арнайы техника, алғашқы медициналық көмек, жауынгерлік күрес әдістері, Жарлықтар, іс жүргізу пәндері зерделенеді.

      10. Арнайы бастапқы оқыту курстарында оқу мерзімі орта басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер үшін - 2 ай, қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер үшін - 3 айды құрайды.

      11. Тыңдаушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды олардың құрамын білім беру ұйымының бастығы бекітетін емтихан комиссиясы жүргізеді. Емтихан комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ІІД қызметкерлері, білім беру ұйымының оқытушылар құрамының, ІІО Ардагерлер кеңесі өкілдерінен құрылады.

      12. Тыңдаушылар оқу жоспарының талаптарын орындамаған немесе білім беру ұйымының Жарғысын бұзған жағдайда олар білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен тыңдаушылар қатарынан шығарылады.

      13. Емтихандарды табысты тапсырған үміткерлерге арнайы бастапқы оқыту курстарын бітіргені туралы сертификат беріледі, ол жеке іске тігіледі.

      14. Оқуды табысты аяқтаған үміткер бір ай ішінде лауазымға тағайындалады және Ішкі істер министрлігінің кадрына қабылдана отырып, оған арнаулы атақ беріледі.

      15. Арнайы бастапқы оқыту мерзімі Қазақстан Республикасы ІІО қызметіндегі өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
органдарының қатардағы, кіші және
орта басшы құрамдағы лауазымдарына
бірінші рет қабылданатын адамдар
үшін арнайы бастапқы оқытудан
өту ережесіне қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

_____________________________

(білім беру ұйымының атауы)

МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

________________________________

(наименование организации образования)

СЕРТИФИКАТ

Осы сертификат________________

______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

____________________ берілді,

ол __________________________

_____________________________

_____________________________

санаты бойынша арнайы бастапқы оқыту курстарынан өтті

Білім беру ұйымының бастығы:

____________________________

___________________ қаласы

20___ж. "___"_______________

Тіркеу №_____________

М.О.

Настоящий сертификат выдан_________

___________________________________

 (фамилия, имя, отчество)

в том, то он (а) прошел (а) курсы специального первоначального обучения __________________________

по категории ______________________

___________________________________

Начальник организации образования:

__________________________________

город ___________ "__"_______20__г.

Регистрационный №___________

М.П.


      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттамасы).

      1. Сертификат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында арнайы алғашқы оқыту курстарынан өткенін растайтын құжат болып табылады.

      2. Сертификат:

      1) жылтыр қағаздан дайындалған А4 форматты (көлемі 297x210) мұқабадан;

      2) қосымшадан тұрады.

      3. Сертификаттың беткі жағы мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады:

      1) реңі ашық жасыл түсті, ортасында диаметрі 110 мм Қазақстан Республикасы ІІМ-нің эмблемасы болады;

      2) шетінен 5 мм қашықтықта көк түсті ою-өрнекті жиектемесі бар.

      4. Құжаттың жоғарғы бөлігінде:

      1) ою-өрнекті жиектеменің шетінен 2 мм қашықтықта ортасында диаметрі 35 мм Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген;

      2) елтаңба суретінің сол жағында: бірінші жолда - "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ", екінші жолда - "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген мәтін бас әріптермен Times New Roman 14 қарпінде жазылған, үшінші жол - "білім беру ұйымының атауы" деректемесіне бос жол бар;

      3) елтаңба суретінің оң жағында: бірінші жолда - "МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ", екінші жолда - "РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" мәтіні бас әріптермен Times New Roman 14 қарпінде жазылған, үшінші жол - "наименование организации образования" деректемесіне бос жол бар;

      4) елтаңбаның астында ортада 7 мм қашықтықта Times New Roman 72 қарпімен, бас әріптермен "СЕРТИФИКАТ" деген мәтін жазылған.

      5. Негізгі мәтін Times New Roman 14 қарпімен жазылады.

      6. "СЕРТИФИКАТ" деген мәтінің 12 мм астында:

      1) сол жақта: "Осы сертификат";

      2) оң жақта: "Настоящий сертификат выдан" деген мәтін орналастырады;

      7. Одан әрі екі қатар бос жол:

      1) сол жақта "атағы, тегі, аты, әкесінің аты";

      2) оң жақта "звание, фамилия, имя, отчество".

      8. Одан кейін екі қатар:

      1) сол жақта - бірінші қатар: "_________берілді,";

      2) екінші қатар - "ол__________" деген мәтін;

      3) үшінші және төртінші жол - бос баған;

      4) бесінші қатар - "санаты бойынша арнайы алғашкы оқыту курстарынан" деген мәтін;

      5) алтыншы қатар - "өтті" деген сөз.

      9. Оң жағында бес жол:

      1) бірінші жол - бос баған;

      2) екінші жол - "в том, что он(а) прошел(а) курсы специального" деген мәтін;

      3) үшінші жол - "первоначального обучения" деген мәтін;

      4) төртінші жол - "по категории________";

      5) бесінші жол - бос баған;

      10. Одан әрі екі қатарда төрт жол.

      11. Сол жақ қатарда:

      1) бірінші жол: "Білім беру ұйымының бастығы:" деген мәтін, қол қою үшін бос баған;

      2) екінші жолда: "_______қаласы 20____ жылғы "___" ______" деген жол;

      3) үшінші жол: "Тіркеу №_______" бағаны;

      4) төртінші жол: мөр орны (М.О.).

      12. Оң жақ қатарда:

      1) бірінші жол: қол қою үшін бос бағаны бар "Білім беру ұйымының бастығы" деген мәтін;

      2) екінші жол: " қаласы 20___ жылғы "____" ________" деген баған;

      3) үшінші жол: "Тіркеу № ___________" деген баған;

      4) төртінші жол: мөр орны (М.О.).

      13. Сертификаттар баспаханалық немесе компьютерлік тәсілмен (қолмен немесе баспа құралдармен толтырылатын деректерді есептемегенде) дайындалады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту курстарынан өткені туралы сертификатқа қосымша (сертификатсыз тіркеу №_______________________________жарамсыз) _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      арнайы бастапқы оқыту курстары кезінде

      _____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      мынадай білім көрсетті:

      заңгерлік даярлық бойынша ___________________________________________

      арнайы даярлық бойынша ______________________________________________

      атыс даярлығы бойынша _______________________________________________

      криминалистика бойынша ______________________________________________

      кәсіби-психологиялық даярлық бойынша ________________________________

      тілдік даярлық бойынша ______________________________________________

      арнайы техника бойынша ______________________________________________

      алғашқы медициналық көмек бойынша ___________________________________

      Жарғыларды білуі бойынша ____________________________________________

      жауынгерлік күрес әдістері __________________________________________

      іс жүргізу бойынша __________________________________________________

      Бастық ___________________

      Бастықтың орынбасары ___________________

      М.О.

Об утверждении Правил прохождения специального первоначального обучения для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел Республики Казахстан на должности рядового, младшего и среднего начальствующего состава

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 апреля 2011 года № 187. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2011 года № 6978. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 марта 2020 года № 211.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 13.03.2020 № 211 (вводится в действие с 01.01.2021).

      В целях реализации статьи 11 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила прохождения специального первоначального обучения для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел Республики Казахстан на должности рядового, младшего и среднего начальствующего состава.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 апреля 2007 года № 180 "Об утверждении Правил прохождения специального первоначального обучения кандидатов, впервые поступающих в органы внутренних дел Республики Казахстан на должности рядового, младшего и среднего начальствующего состава" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4673 и опубликованный в "Юридической газете" от 15 июня 2007 года № 90 (1293));

      2) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года № 149 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 апреля 2007 года № 180 "Об утверждении Правил прохождения специального первоначального обучения кандидатов, впервые поступающих в органы внутренних дел Республики Казахстан на должности рядового, младшего и среднего начальствующего состава" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5211 и опубликованный в "Юридической газете" от 30 мая 2008 года № 81 (1481)).

      3. Департаменту кадровой работы (Жансеитов А.А.) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и опубликование в периодических печатных изданиях.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора Куренбекова А.Ж.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Министр


генерал-майор милиции

К. Касымов


  Утверждены
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
26 апреля 2011 года № 187

Правила
прохождения специального первоначального обучения для лиц,
впервые поступающих в органы внутренних дел Республики
Казахстан на должности рядового, младшего и среднего
начальствующего состава
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок и условия прохождения специального первоначального обучения для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел Республики Казахстан (далее - ОВД) на должности рядового, младшего и среднего начальствующего состава.

      2. Лица, впервые поступающие в ОВД, проходят специальное первоначальное обучение для ускоренного приобретения знаний, умений, навыков и норм поведения, необходимых для выполнения служебных обязанностей по конкретной должности.

      3. Специальное первоначальное обучение осуществляется в организациях образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - организация образования).

2. Порядок приема и прохождения
специального первоначального обучения

      4. Отбор лиц на службу в ОВД для направления на специальное первоначальное обучение и оформление личных дел осуществляется кадровыми аппаратами департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы, областей и на транспорте (далее - ДВД).

      5. На специальное первоначальное обучение направляются лица, впервые поступающие на службу в ОВД, выдержавшие испытательный срок.

      6. В соответствии с план-графиком на специальное первоначальное обучение, ежегодно утверждаемым Министром внутренних дел Республики Казахстан, кадровые аппараты ДВД представляют в организацию образования личное дело кандидата не позднее десяти дней до начала курсов специального первоначального обучения.

      7. Лица, направленные на специальное первоначальное обучение, должны при себе иметь удостоверение личности, спортивную форму, предметы личной гигиены, необходимые письменные принадлежности.

      8. Приказами начальников организаций образования лица, впервые поступающие в ОВД, зачисляются в число слушателей курсов специального первоначального обучения.

      Выписки из приказа о зачислении на обучение не позднее десяти дней направляются в кадровые аппараты ДВД.

      9. На курсах специального первоначального обучения изучаются учебные дисциплины по юридической, специальной, огневой, профессионально-психологической и языковой подготовке, криминалистика, специальная техника, первичная медицинская помощь, боевые приемы борьбы, Уставы, ведение делопроизводства.

      10. Срок обучения на курсах специального первоначального обучения для лиц, впервые поступающих в ОВД, на должности среднего начальствующего состава составляет 2 месяца, на должности младшего и рядового начальствующего состава - 3 месяца.

      11. Итоговая оценка уровня знаний слушателей проводится экзаменационной комиссией, состав которой утверждается начальником организации образования. Состав экзаменационных комисий формируется из числа сотрудников Министерства внутренних дел Республики Казахстан, территориальных ДВД, преподавательского состава организаций образования, представителей Совета ветеранов ОВД.

      12. При не выполнении слушателями требований учебного плана или нарушении ими Устава организации образования они отчисляются из числа слушателей приказом начальника организации образования.

      13. Слушателям, успешно сдавшим выпускные экзамены, выдается сертификат об окончании курсов специального первоначального обучения согласно приложению к настоящему Правилу, который приобщается к личному делу.

      14. После успешного прохождения обучения слушатель в течение одного месяца назначается на должность и ему присваивается специальное звание с зачислением в кадры Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      15. Срок обучения на курсах специального первоначального обучения засчитывается в стаж службы в ОВД Республики Казахстан (выслугу лет).

  Приложение
к Правилам прохождения специального
первоначального обучения для лиц, впервые
поступающих в органы внутренних дел
Республики Казахстан на должности рядового,
младшего и среднего начальствующего состава

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ_______________________________

(білім беру ұйымының атауы)

МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН__________________________________

(наименование организации

образования)

СЕРТИФИКАТ

Осы сертификат ________________

_______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________ берілді,

ол ____________________________

_______________________________

_______________________________

санаты бойынша арнайы бастапқы

оқыту курстарынан өтті

Білім беру ұйымының бастығы:

_______________________________

_______________ қаласы 20__ ж.

"__" ________

Тіркеу № _________________

М.О.

Настоящий сертификат выдан

__________________________________

__________________________________

(фамилия, имя, отчество)

в том, что он(а) прошел(а) курсы

специального первоначального

обучения _________________________

по категории _____________________

__________________________________

Начальник организации образования:

__________________________________

город ______________ "__" ________

20__ г.

Регистрационный № _______________

М.П.


      Примечание:

      Форма (описание) сертификата о прохождении курсов специального первоначального обучения в организациях образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан

      1. Документом, свидетельствующим о прохождении курсов специального первоначального обучения в организациях образования МВД Республики Казахстан является сертификат.

      2. Сертификат состоит из:

      1) обложки форматом А4 (размером 297х210) мм из глянцевой бумаги;

      2) приложения.

      3. Лицевая сторона сертификата заполняется на государственном и русском языках:

      1) фон светло-зеленого цвета с эмблемой МВД Республики Казахстан диаметром 110 мм по центру;

      2) на расстоянии 5 мм от края орнаментальная рамка синего цвета.

      4. В верхней части документа:

      1) по центру на расстоянии 2 мм от края орнаментальной рамки расположено изображение герба Республики Казахстан диаметром 35 мм;

      2) слева от изображения герба текст: первая строка - "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ", вторая строка - текст "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ"; заглавными буквами шрифт Times New Roman 14, третья строка - пустая графа под реквизиты "білім беру ұйымының атауы";

      3) справа от изображения герба текст: первая строка - "МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ", вторая строка - текст "РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН"; заглавными буквами шрифт Times New Roman 14, третья строка - пустая графа под реквизиты "наименование организации образования";

      4) под изображением герба по центру на расстоянии 7 мм текст "СЕРТИФИКАТ" заглавными буквами шрифт Times New Roman 72.

      5. Основной текст печатается шрифтом Times New Roman 14.

      6. На 12 мм ниже текста "СЕРТИФИКАТ" располагается:

      1) строка слева: текст - "Осы сертификат";

      2) строка справа: текст - "Настоящий сертификат выдан".

      7. Далее в две колонки строка с пустыми графами под реквизиты:

      1) слева - "тегі, аты, әкесінің аты";

      2) справа - "фамилия, имя, отчество".

      8. Затем строки в две колонки:

      1) слева - первая строка: "_________ берілді,";

      2) вторая строка - "ол _________";

      3) третья и четвертая строки - пустые графы;

      4) пятая строка - текст: "санаты бойынша арнайы алғашқы оқыту курстарынан";

      5) шестая строка - слово: "өтті".

      9. В колонке справа в пять строк:

      1) первая строка - пустая графа;

      2) вторая строка - текст: "в том, что он(а) прошел(а) курсы специального";

      3) третья строка - текст: "первоначального обучения";

      4) четвертая строка - текст: "по категории _________";

      5) пятая строка - пустая графа.

      10. Далее также в две колонки четыре строки.

      11. В левой колонке:

      1) первая строка: текст "Білім беру ұйымының бастығы:" с пустой графой для подписи;

      2) вторая строка: графа " ______ қаласы 20 ж. "__"__________";

      3) третья строка: графа "Тіркеу № _______";

      4) четвертая строка: место для печати (М.О.).

      12. В правой колонке:

      1) первая строка: текст "Начальник организации образования" с пустой графой для подписи;

      2) вторая строка: графа "г.___________ "__"__________ 20__ г.";

      3) третья строка: графа "Регистрационный № _______ ";

      4) четвертая строка: место для печати (М.П.).

      13. Сертификаты изготавливаются типографским или компьютерным способом (без учета данных, которые заполняются вручную или с помощью печатающих устройств).

Приложение
к сертификату о прохождении курсов специального первоначального
обучения в организациях образования Министерства внутренних дел
Республики Казахстан

      (без сертификата регистрационный № _____________ недействительно)

      _____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество)

      за время обучения на курсах специального первоначального обучения

      _____________________________________________________________________

      (полное наименование организации образования)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      показал следующие знания:

      по юридической подготовке

      _____________________________________________________________________

      по специальной подготовке

      _____________________________________________________________________

      по огневой подготовке

      _____________________________________________________________________

      по криминалистике

      _____________________________________________________________________

      по профессионально-психологической

      подготовке __________________________________________________________

      по языковой подготовке

      _____________________________________________________________________

      по специальной технике

      _____________________________________________________________________

      по первичной медицинской

      помощи ______________________________________________________________

      по знанию уставов

      _____________________________________________________________________

      по боевым приемам борьбы

      _____________________________________________________________________

      по делопроизводству

      _____________________________________________________________________

      Начальник _____________________

      Заместитель начальника _____________________

      М.П.