Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі N 180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4673 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 187 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.04.26 N 187 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644  қаулысының 11-тармағын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлерді алғашқы арнайы оқуға қабылдау кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Ақанов) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы
      2007 жылғы 30 сәуір

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2007 жылғы 28 сәуірдегі   
N 180 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      1-1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына (бұдан әрі - 110) бірінші рет қабылданатын үміткерлер нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті білім, іскерлік, дағды және мінез-құлық нормаларын жедел үйрену үшін арнайы алғашқы оқудан өтеді.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Алғашқы арнайы оқу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  2. Алғашқы арнайы оқуға қабылдау және өту тәртібі

      3. Алғашқы арнайы оқуға жіберу үшін ІІО-ға қызметке үміткерлерді іріктеуді және жеке істерін ресімдеуді ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) кадр аппараттары белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. ІІД іріктеу комиссияларының құрамына білім беру ұйымдарының өкілдері енгізіледі.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3-1. Алғашқы арнайы оқу үш ай сынақ мерзімімен тиісті лауазымдарға тағылымдамашы болып тағайындалған ІІО-ғы қызметке үміткерлер үшін жүргізіледі.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3-2. Алғашқы арнайы оқудан мыналар өтпейді:
      бұрын ІІО-да қызмет атқарған және қызметке қайта қабылданған алғашқы арнайы оқудан өткенін растайтын құжаттар болған жағдайда;
      бұрын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында қызмет атқарғандар алғашқы арнайы оқудан өткенін растайтын құжаттар болған жағдайда;
      әскери және арнайы оқу орындарын күндізгі нысан бойынша бітіргендер;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын қызмет атқарған (запастағы) офицерлер.
       Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін алғашқы арнайы оқуға қабылдау жоспарына сәйкес ІІО-ның кадр аппараттары білім беру ұйымдарына үміткердің жеке ісін алғашқы арнайы оқу курстары басталуынан он күн бұрын ұсынады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Алғашқы арнайы оқуға жіберілген үміткердің өзімен бірге жеке куәлігі, спорт киімі, жеке гигиена заттары, қажетті жазу құралдары болуы тиіс.

      5-1. Ведомстволық білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен ІІО-ға үміткерлер арнайы алғашқы оқу курстарының тыңдаушылары қатарына қабылданады.
      Бұйрықтан үзінді көшірмелер бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он күннен кешіктірілмей ІІД-нің кадр аппаратына жіберілуі тиіс.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      6. - 15.  (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен)

      16. Алғашқы арнайы оқу курстарындағы оқу процесі үлгі оқу және тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

      17. Алғашқы арнайы оқу курстарында оқу мерзімі орта басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер үшін - 2 ай, қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер үшін - 3 айды құрайды.

      17-1. Тыңдаушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды олардың құрамын білім беру ұйымының бастығы бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді. Емтихан комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ІІД қызметкерлері, білім беру ұйымының оқытушылар құрамының, Ардагерлер кеңесі және жұртшылық өкілдерінен құрылады.
       Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      17-2. Тыңдаушылар оқу жоспарының талаптарын орындамаған немесе білім беру ұйымының Жарғысын бұзған жағдайда олар білім беру ұйымының бастығының бұйрығымен тыңдаушылар қатарынан шығарылады.
       Ескерту. 17-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      18. Емтихандарды табысты тапсырған үміткерлерге алғашқы арнайы оқу курстарын бітіргені туралы сертификат беріледі, ол жеке іске тігіледі.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      19. Оқуды табысты аяқтаған үміткер бір ай ішінде лауазымға тағайындалады және ІІО кадрына қабылдана отырып, оған арнаулы атақ беріледі.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      20. Алғашқы арнайы оқу курстарында оқу мерзімі қызмет өткерген жылдары үшін пайыздық үстемақы төлеу және зейнетақы есептеу үшін Қазақстан Республикасы ІІО-ғы қызмет өтіліне есептеледі.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008.04.23  N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады