"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 8 маусымдағы № 367 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 маусымда № 7012 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 366 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.06.2013 N 366 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2011 жылғы 19 мамырдағы № 81 шешіміне, сондай-ақ «Кеден одағының сыртқы шекарасына мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін көшіру бойынша жоспарларды орындау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 644 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26  қарашада № 5913 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 3 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелу ережесінде:
      5-тармақтың 1) тармақшасының 5 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тек қана Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы саудада өткізу туралы ережелер көрсетілген келісім шарттың (шарттың) көшірмесін, сондай-ақ дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың өндірушісі мен өндіруші ел көрсетілген спецификацияны;».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Бейсен Н.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнама белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Таласпаева А.С.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнама белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі және 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін, Кеден одағының Бірыңғай Кедендік Тарифімен белгіленген мөлшерлерден өзгеше, Қазақстан Республикасының қолданатын мөлшерлері мерзіміне қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрінің міндетін атқарушы                       С. Мусинов

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 710 "Об утверждении Правил ввоза и вывоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники"

Приказ И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 367. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июня 2011 года № 7012. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 июня 2013 года № 366

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 26.06.2013 № 366.

      В соответствии с решением Межгосударственного Совета Евразийского экономического сообщества (Высшего органа Таможенного союза) от 19 мая 2011 года № 81, а также решения Комиссии Таможенного союза от 19 мая 2011 года № 644 "О выполнении Планов по переносу согласованных видов государственного контроля на внешнюю границу Таможенного союза", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 710 "Об утверждении Правил ввоза и вывоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5913, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2010 год, № 3) следующее изменение:
      в Правилах ввоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, утвержденным указанным приказом:
      пятый абзац подпункта 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "копию контракта (договора) с указанием положений о реализации ввозимых лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники исключительно на территории Республики Казахстан, а также спецификацию, с указанием производителя и страны производителя лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники;".
      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бейсен Н.Е.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Юридическому департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Таласпаева А.С.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Байжунусова Э.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует на период до 31 декабря 2014 года, на срок применения Республикой Казахстан ставок, отличных от ставок, установленных Едиными Таможенными Тарифами Таможенного союза.

      И.о. Министра здравоохранения
      Республики Казахстан                       С. Мусинов