Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 366 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша БҰЙЫРАМЫН:
      l. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апталық мерзімде бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оны одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       С.Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 26 маусымдағы 
№ 366 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы кейбір күшін жойған бұйрықтардың тізімі

      1) «Дәрілік заттарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 748 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5112 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 ақпанда № 32 (1258) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл № 3);
      3) «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 8 маусымдағы № 367 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7012 болып тіркелген, 2011 жылда 21 шілдеде № 103 (1919) «Заң газеті» газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады