Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымда № 7031 тіркелді.

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

      2. "Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 12 тамыздағы № 262 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 285 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
милиция генерал-майоры

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 233 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындары қызметінің тәртібін және оны ұйымдастыруды реттейді

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қабылдау-тарату орындары белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған жағдайларда оларды қабылдауға және ұстауға арналған.

      3. Қабылдау-тарату орындарының негізгі міндеті белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау, жеке басын анықтау, оларды қылмыс жасаған, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған, іздестірудегі, хабар-ошарсыз кеткен адамдармен сәйкестендіру және кейіннен тиісті органдар мен мекемелерге беру үшін қабылдау-тарату орындарына орналастыру болып табылады.

      4. Қабылдау-тарату орындарында ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз еркімен кету мүмкіндігін болдырмайтын режим орнатылады.

      Қабылдау-тарату орындарында режимді қамтамасыз ету қабылдау-тарату орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.

      5. Қабылдау-тарату орындарында ұсталатын адамдарды күзету және режим талаптарын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік пен полиция бекеттері орнатылады.

      Қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдарды күзету бойынша қызмет өткеру үшін нарядқа тағайындалатын қызметкерлерге қару берілмейді. Қабылдау-тарату орнынан қашқан адамды ұстау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданылмайды.

      Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күш пен арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.

      6. Белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтауды, оларды қабылдау-тарату орнына жеткізуді ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.

      7. Қабылдау-тарату орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады және жүзеге асырады, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылайды.

      Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша қабылдау-тарату орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қабылдау-тарату орындарын пайдалану белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды, санитарлық-гигиеналық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін үй-жайлар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Қабылдау-тарату орнының қызметі тоқсанға құрастырылатын және Полиция департаменті бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.

      Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды күзету жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен атқаруды бақылауды қамтамасыз ету үшін ІІО аумақтық бөлімшелерінің қабылдау-тарату орындарына тексеру жүргізіледі:

      ІІМ орталық аппаратымен кемінде үш жылда бір рет;

      облыстық полиция департаменттері жылына кемінде бір рет.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2024 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қабылдау-тарату орнының бастығы:

      1) бөлініске жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді және оның қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;

      2) қарамағындағы қызметкерлер мен жұмыскерлерді іріктеу, орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      3) қызметкерлердің қызметтік жұмысын бақылауды жүзеге асырады және қабылдау-тарату орнының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      4) өзінің қызметкерлері мен қабылдау-тарату орны жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлейді және оларды ішкі істер органы бастығында бекітеді;

      5) қабылдау-тарату орнының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын, қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;

      6) ықпал ету шараларын қолдану және қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды босату туралы қаулыларды бекітеді;

      7) ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар өткізуіне қатысады;

      8) орналастырылған адамдарды тексеру және олардың арасынан іздестірудегі адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9) қабылдау-тарату орны жұмысының жай-күйін талдайды және нәтижелері туралы ішкі істер органының бастығына хабарлайды, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың санатымен күрестегі жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді;

      10) қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдармен құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуға ықпал ететін жеке әңгімелесулер өткізеді;

      11) қабылдау-тарату орнын ұстауға арналған сметаны әзірлейді, оны қажетті құрал-жабдықпен, мүкәммалмен және автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      12) қабылдау-тарату орнының қызметкерлері мен жүмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;

      13) қабылдау-тарату орнының үй-жайларында санитарлық жағдайды, орналастырылған адамдар мен төсек-орынды санитарлық өңдеуден уақтылы өткізуді бақылауды қамтамасыз етеді;

      14) ұсталатын адамдардың хаттары мен өтініштерін, қабылдау-тарату орны қызметкерлері мен жұмыскерлерінің іс-әрекетіне шағымдарды қабылдайды және қарайды, оларды тиесілігі бойынша жолдайды;

      15) Полиция департаментінің басшылығына қабылдау-тарату орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, қабылдау-тарату орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсынымхаттар жолдайды;

      16) материалдық бағалы заттардың сақталуына және қабылдау-тарату орнындағы іс жүргізуге жауап береді;

      17) қабылдау-тарату орнының қызметінде құпиялылық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;

      18) қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды белгіленген нормаларға сәйкес күн сайын үш реттік тамақпен қамтамасыз етеді;

      19)қабылдау-тарату орнының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне демалыстар береді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қабылдау-тарату орны бастығының орынбасары орналастырылған адамдарды ұстау режиміне бақылауды жүзеге асырады, олардың жеке басын тексеру және анықтау, олардың арасынан іздестірудегі адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Бастық болмаған кезде оның функцияларын атқарады.

      12. Қабылдау-тарату орны бойынша кезекші қабылдау-тарату орнының бастығы мен оның орынбасарына бағынады, олар болмаған кезде қабылдау-тарату орнының жұмысына басшылық етеді.

      Кезекші:

      1) қабылдау-тарату орнының бастығы мен оның орынбасарына барлық жеткізілген және орналастырылған адамдар туралы баяндайды;

      2) қабылдау-тарату орнына жеткізілген адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді, оларды жеке тексеру өндірісін, дактилоскопиялау мен суретке түсіруді ұйымдастырады, олардың ішінен камера бойынша кезекшілерді тағайындайды;

      3) қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарға тиесілі заттардың, құжаттар мен бағалы заттардың сақталуын және босаған кезде оларды қайтаруды қамтамасыз етеді;

      4) қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдарды медициналық тексеруді, санитарлық өңдеуді уақтылы қамтамасыз етеді, олардың тамақтануын және серуенге шығуын ұйымдастырады;

      5) қабылдау-тарату орнының бастығына қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдардың барлық шағымдары мен өтініштері туралы уақтылы баяндайды. Шағымдар, ұсыныстар мен хаттар жазу үшін орналастырылғандарға жазу құралдарын береді;

      6) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді;

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қабылдау-тарату орнының жедел қызметкері:

      1) іздестірудегі, хабар-ошарсыз кеткен, қылмыс жасаған адамдарды анықтау, сондай-ақ қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдардың жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмысын жүргізеді;

      2) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар шоғырланған жерлерді анықтайды және оларды ұстау бойынша рейдтер өткізу туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдардың қашуының, мүшесін зақымдауының, суицидтердің жолын кесуге, тыйым салынған заттарды анықтауға және алуға бағытталған ниеттерін анықтайды.

      14. Қабылдау-тарату орнының полицейі:

      1) орналастырылған адамдардың мінез-құлқын ұдайы қадағалайды, өлім, өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақатын келтіру жағдайларының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      2) қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;

      3) кезекшімен бірге орналастырылған адамдарды күн сайын серуендеуге шығарады, оларға ведомость бойынша тамақ береді;

      4) күн сайын камералардың жай-күйін, олардың жарамдылығын тексереді және байқалған ақаулар туралы қабылдау-тарату орнының басшылығына баяндайды, оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.

2-тарау. Қабылдау-тарату орындарын құру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орны Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2023 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қабылдау-тарату орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3-тарау. Қабылдау-тарату орындарының үй-жайлары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қабылдау-тарату орындарында:

      1) ерлер, әйелдер және балалары бар әйелдер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін, санитарлық тазалаудан өтпеген жаңадан түскендер, науқастар үшін жеке камералар;

      2) қабылдау-тарату орнының әкімшілігі мен қызметкерлері үшін кабинеттер;

      3) электр плитасы, су қайнатқышы, шкафы, ыдыс жууға арналған үш бөліктен тұратын ваннасы (сыйымдылық) бар тамақ жылытуға арналған бөлме;

      4) төсек-орын сақтауға арналған бөлме;

      5) жеке заттарды сақтауға арналған бөлме;

      6) санитарлық өткізгіш, жуынатын бөлмелер, дезинфекциялау камерасы;

      7) кір жуатын бөлме, санитарлық тораптар көзделуі тиіс.

      18. Қабылдау-тарату орындарының ішкі қоршалған серуендеу алаңдары, болуы керек, олар сәкілермен, урналармен және дәретханалармен жабдықталады.

Об утверждении Правил организации деятельности приемников-распределителей органов внутренних дел

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 мая 2011 года № 233. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июня 2011 года № 7031.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1999 года "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, специальных помещениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации деятельности приемников-распределителей органов внутренних дел.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 августа 1996 года № 262 "О мерах по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 30 мая 1996 года № 665 "О мерах по оказанию социальной, медицинской и иной помощи лицам, не имеющим определенного места жительства, документов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативно-правовых актов под № 285).

      3. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Тыныбеков К.С.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Кулинича А.В. и Комитет административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Тыныбеков К.С.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр

      генерал-майор милиции К. Касымов

  Утверждены
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 23 мая 2011 года № 233

Правила
организации деятельности приемников-распределителей
органов внутренних дел

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила организации деятельности приемников-распределителей органов внутренних дел (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1999 года "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, специальных помещениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества" и регламентируют порядок и организацию деятельности приемников-распределителей органов внутренних дел, в целях обеспечения режима содержания.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Приемники-распределители предназначены для приема и содержания лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов, удостоверяющих личность, при отсутствии в их действиях признаков административных правонарушений и преступлений и невозможности установления их личности иными способами.

      3. Основной задачей приемников-распределителей является выявление лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов, удостоверяющих личность, помещение их в приемники-распределители для установления личности, идентификации с разыскиваемыми лицами, совершившими преступления, скрывающимися от органов дознания, следствия, и суда, без вести пропавшими и последующей передачи соответствующим органам и учреждениям.

      4. В приемниках-распределителях устанавливается режим, обеспечивающий безопасность содержащихся лиц и исключающий возможность их самовольного ухода.

      Обеспечение режима в приемниках-распределителях возлагается на администрацию и сотрудников приемника-распределителя.

      5. Для охраны лиц, содержащихся в приемнике-распределителе, и обеспечения требований режима устанавливаются круглосуточное дежурство и полицейские посты.

      Сотрудникам, назначаемые в наряд для несения службы по охране лиц, содержащихся в приемнике-распределителе, оружие не выдается. При задержании лица, совершившего побег из приемника-распределителя в соответствии с Законом Республики Казахстан "О правоохранительной службе" оружие не применяется.

      К лицам, помещенным в приемник-распределитель, могут применяться физическая сила и специальные средства в соответствии с Законом Республики Казахстан "О правоохранительной службе".

      6. Выявление лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов, удостоверяющих личность, их доставление в приемник-распределитель осуществляется сотрудниками органов внутренних дел.

      7. В приемниках-распределителях медицинские работники организуют и осуществляют медицинскую помощь содержащимся в них лицам, контроль за выполнением санитарно-эпидемиологических требований.

      Методическое обеспечение деятельности приемников-распределителей по вопросам лечебно-профилактической и санитарно-противоэпидемической работы осуществляется медицинскими службами Министерства внутренних дел Республики Казахстан, департаментов полиции областей, городов республиканского значения и столицы, и уполномоченным органом в области здравоохранения.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Эксплуатация приемников-распределителей разрешается только при наличии помещений, отвечающих санитарно-гигиеническим нормам и требованиям пожарной безопасности, пригодных для безопасного содержания лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов удостоверяющих личность.

      9. Деятельность приемника-распределителя строится по плану, составляемому на квартал и утверждаемому курирующим заместителем начальника департамента полиции.

      Для обеспечения контроля за организацией и несением службы по охране лиц, помещенных в приемник-распределитель, проводятся проверки приемников-распределителей территориальных подразделений ОВД:

      центральным аппаратом МВД - не реже одного раза в три года;

      областными департаментами полиции - не реже одного раз в год.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 24.01.2024 № 65 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Начальник приемника-распределителя:

      1) обеспечивает выполнение возложенных на подразделение задач и принимает меры по совершенствованию его деятельности;

      2) организует работу по подбору, расстановке подчиненных сотрудников и работников;

      3) осуществляет контроль за служебной деятельностью сотрудников и принимает меры по обеспечению законности в деятельности приемника-распределителя;

      4) разрабатывает должностные обязанности своих сотрудников и работников приемника-распределителя и утверждает их у начальника органа внутренних дел;

      5) организовывает и проводит с сотрудниками приемника-распределителя воспитательную работу, служебную, боевую и физическую подготовку;

      6) утверждает постановления о применении мер воздействия и об освобождении помещенных лиц в приемник-распределитель;

      7) принимает участие в проведении мероприятий органами внутренних дел по выявлению лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов удостоверяющих личность;

      8) организовывает работу по проверке помещенных лиц и выявлению среди них разыскиваемых преступников и раскрытию совершенных ими преступлений;

      9) анализирует состояние работы приемника-распределителя и о результатах информирует руководство органа внутренних дел, вносит предложения, направленные на улучшение работы в борьбе с категорией лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов удостоверяющих личность;

      10) с лицами, содержащимися в приемнике-распределителе, проводит индивидуальные беседы, способствующие прекращению противоправных деяний;

      11) разрабатывает сметы на содержание приемника-распределителя, принимает меры к обеспечению его необходимым оборудованием, инвентарем и автотранспортом;

      12) принимает меры к улучшению социально-бытовых условий сотрудников и работников приемника-распределителя;

      13) обеспечивает контроль за санитарным состоянием в помещениях приемника-распределителя, своевременным проведением санитарной обработки помещенных лиц, и постельных принадлежностей;

      14) принимает и рассматривает письма и заявления содержащихся лиц, жалобы на действия сотрудников и работников приемника-распределителя и направляет их по принадлежности;

      15) вносит предложения руководству департамента полиции о назначении на должность, перемещении и освобождении от должности сотрудников и работников приемника-распределителя, а также о поощрении их или наложении дисциплинарных взысканий, направляет представления о присвоении сотрудникам приемника-распределителя специальных званий;

      16) отвечает за сохранность материальных ценностей и за делопроизводство приемника-распределителя;

      17) обеспечивает соблюдение режима секретности в деятельности приемника-распределителя;

      18) ежедневно обеспечивает трехразовым питанием лиц, помещенных в приемник-распределитель согласно установленным нормам;

      19) предоставляет отпуска сотрудникам и работникам приемника-распределителя.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным приказом Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Заместитель начальника приемника-распределителя осуществляет контроль за режимом содержания помещенных лиц, организует мероприятия по проверке и установлению их личности, выявлению среди них разыскиваемых лиц и по раскрытию совершенных ими преступлений. В отсутствие начальника выполняет его функции.

      12. Дежурный по приемнику-распределителю подчиняется начальнику приемника-распределителя и его заместителю, в их отсутствие руководит работой приемника-распределителя.

      Дежурный:

      1) докладывает начальнику приемника-распределителя или его заместителю обо всех доставленных и помещенных лицах;

      2) производит регистрацию и учет лиц, доставленных в приемник-распределитель, организовывает производство их личного досмотра, дактилоскопирование и фотографирование, назначает из их числа дежурных по камере;

      3) обеспечивает сохранность вещей, документов и ценностей, принадлежащих лицам, помещенным в приемник-распределитель, и выдавать их при освобождении;

      4) своевременно обеспечивает медицинский осмотр, санитарную обработку содержащихся в приемнике-распределителе лиц, организовывает их питание и вывод на прогулку;

      5) своевременно докладывает начальнику приемника-распределителя о всех жалобах и заявлениях лиц, содержащихся в приемнике-распределителе. Для написания жалоб, предложений и писем предоставляет помещенным письменные принадлежности;

      6) следит за строгим соблюдением помещенными лицами правил внутреннего распорядка, осуществляет постоянный контроль за несением службы постовым нарядом, в случае ухудшения здоровья помещенных лиц информирует медицинского работника, а в его отсутствие вызывает бригаду скорой медицинской помощи и оказывает неотложную медицинскую помощь.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным приказом Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Оперативный сотрудник приемника-распределителя:

      1) проводит оперативно-розыскную работу по выявлению лиц находящихся в розыске, без вести пропавших, совершивших преступления, а также по установлению личности лиц помещенных в приемник-распределитель;

      2) выявляет места сосредоточения лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов удостоверяющих личность, и вносит предложения о проведении рейдов по их задержанию;

      3) выявляет намерения лиц помещенных в приемник-распределитель направленные на пресечение побегов, фактов членовредительства, суицидов, обнаружение и изъятие запрещенных предметов.

      14. Полицейский приемника-распределителя:

      1) постоянно наблюдает за поведением помещенных лиц, принимает меры к предупреждению случаев смерти, самоубийств или причинения телесных повреждений;

      2) обеспечивает соблюдения правил внутреннего распорядка лицами помещенных в приемник-распределитель;

      3) совместно с дежурным выводит помещенных лиц на ежедневную прогулку, выдает им пищу по ведомости;

      4) ежедневно проверяет состояние камер, их исправность и докладывает о замеченных неисправностях руководству приемника-распределителя и принимает меры к их устранению.

Глава 2. Создание приемников-распределителей

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Приемники-распределители органов внутренних дел создаются, реорганизуются и ликвидируются решением Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 01.09.2023 № 673 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Финансирование приемников-распределителей осуществляется за счет бюджетных средств.

Глава 3. Помещения приемников-распределителей

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 05.05.2020 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. В приемниках-распределителях должны быть предусмотрены:

      1) камеры для раздельного содержания мужчин, женщин и женщин с детьми, иностранцев и лиц без гражданства, для вновь поступивших не прошедших санитарной обработки, и больных;

      2) кабинеты для администрации и сотрудников приемника-распределителя;

      3) комната для подогрева пищи с электроплитой, кипятильником, шкафом, трехгнездовой ванной (емкостью) для мытья посуды;

      4) комната для хранения постельных принадлежностей;

      5) камера хранения личных вещей;

      6) санпропускник, душевые комнаты, дезинфекционная камера;

      7) прачечная, санузлы.

      18. Приемники-распределители должны иметь внутренние огороженные прогулочные дворы, которые оборудуются лавками, урнами и туалетами.