Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7074 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 30 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 264 «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 17-20, 919-құжат жарияланған) бұйрықтың күші жойылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 15 шілдеде
№ 264 бұйрығымен  
бекітілген  

Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы
Ереже

       1. Осы Ереже «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және жекеше нотариустарды есептік тіркеудің шарты мен тәртібін айқындайды.
      2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) келу сипатында болады және конкурстық іріктеуден өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды, жекеше нотариустар туралы деректерді және үй-жайдың орналасқан жері туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында, аумақтық әділет органдарына есепке қою болып табылады.
      3. Конкурстық іріктеуден өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам аумақтық әділет органына есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша).
      Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) нотариаттық палатаға мүше болып қабылданған туралы аумақтық нотариаттық палата басқармасының шешімінен үзінді;
      3) тиісті нотариаттық округтен есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық әділет органы бұйрығының көшірмесі (егер өтініш беруші бұрын басқа нотариаттық округте нотариаттық қызмет жасаған жағдайда);
      4) жекеше нотариустың үй-жайына меншік құқығын немесе үй-жайды жалға алғанын растайтын құжат;
      5) 2006 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің № 35 бұйрығымен бекітілген өртке қарсы қауіпсіздігі органдарының Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі Ережесіне нотариустың үй-жайының сәйкестігі туралы қорытындысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4126 болып тіркелген) қоса беріледі.
      4. Жекеше нотариустың үй-жайы Заңның 15-бабының 4-тармағының және 21-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес болуы керек.
      Жекеше нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін тек бір ғана үй-жайы болады.
      Жекеше нотариустың үй-жайы азаматтардың, заңды тұлға өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі және іргелі ғимаратта орналасуы тиіс.
      Жекеше нотариустың үй-жайы жертөлелерде, жер асты жолдарында, дүңгіршектерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналасуына тыйым салынады.
      Егер жекеше нотариустың үй-жайы тұрғын үй қорына кіретін ғимараттың құрылымында болса, онда бөлек кіреберістің болуы және бірінші қабатта орналасуы тиіс.
      Жекеше нотариустың үй-жайы үш бөлмеден тұрады (нотариаттық іс-әрекетті жасауға, клиенттер күтуге, мұрағаттық үй-жай үшін).
      Жекеше нотариустың үй-жайы басқа нотариустың үй-жайымен бір кеңседе орналасқан жағдайда, кеңседе нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға арналған бөлменің және мұрағатқа арналған үй-жайдың саны нотариустың санына сәйкес болу керек.
      Жекеше нотариустың үй-жайы оның белгіленген қызмет ету аумағының шегінде орналасады.
      5. Аумақтық әділет органы есептік тіркеу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде есептік тіркеу туралы өтінішті қарайды және жекеше нотариустың үй-жайына осы Ереженің 3-тармағының 5) тармақшасының және 4-тармағының талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.
      6. Аумақтық әділет органы өтінішті қарау нәтижесінде өтініш берушіні есептік тіркеу жөнінде бұйрық шығарады және нотариаттық палатамен бірлесіп, оның қызмет ету аумағын анықтайды.
      7. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттар толық табыс етілмесе немесе жекеше нотариустың үй-жайы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмесе, аумақтық әділет органы есептік тіркеуден бас тарту жөнінде бұйрық шығарады.
      8. Өтініш берушіні есептік тіркеу туралы мәлімет және оның белгіленген қызмет ету аумағы Бірыңғай ақпараттық нотариалдық жүйесінің жекеше нотариустарды есептік тіркеу жөніндегі мәліметтердің электрондық тізіліміне (бұдан әрі - БАНЖ-нің электрондық тізілімі) енгізіледі (2-қосымша).
      9. БАНЖ-нің электрондық тізілімі аумақтық әділет органымен жүргізіледі.
      10. Енгізілген мәліметтің толықтылығына, дұрыстығына және уақытылы енгізілуіне аумақтық әділет органының бастығы немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен белгіленген әділет органының қызметкері жургізеді.
      11. Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты немесе оның басқа да сауалнама мәліметтері өзгерген жағдайда аумақтық әділет органы жекеше нотариустан тиісті мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде БАНЖ-нің электрондық тізіліміне өзгерістер енгізеді.
      Бұл ретте жекеше нотариус өзінің сауалнама мәліметтерін өзгерткені туралы аумақтық әділет органына беретін өзінің ақпаратында өзгеріс орын алғанын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.
      12. Жекеше нотариус үй-жайының орналасқан мекен-жайы өзгергендігі туралы мәліметті аумақтық әділет органына бір ай мерзім ішінде хабарлайды.
      Аумақтық әділет органы хабарлама алған күннен бастап жекеше нотариустың үй-жайының осы Ереженің 3-тармағының 5) тармақшасының және 4-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Бұл ретте жекеше нотариус нотариаттық қызметті жаңа мекен-жайында нотариустың үй-жайының жаңа мекен-жайы орналасқан жері бойынша есептік тіркеуге алынған соң жүзеге асырады.
      Жекеше нотариустың үй-жайы осы Ереженің 3-тармағының 5) тармақшасының және 4-тармағының талаптарына сәйкес келсе, аумақтық әділет органы нотариусты жаңа үй-жайының орналасқан жері бойынша есептік тіркеуге алады және тиісті өзгерісті БАНЖ-нің электронды тізіліміне енгізеді.
      Жекеше нотариустың үй-жайы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмесе, аумақтық әділет органы нотариусты жаңа үй-жайының орналасқан жері бойынша есептік тіркеуге алудан бас тартады және нотариусқа нотариаттық қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы басқа үй-жай таңдауды ұсынады.
      13. Жекеше нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініш берсе, ол жөнінде нотариаттық палата үш жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына хабарлайды.
      14. Жекеше нотариустың нотариаттық палатадан шығатыны туралы хабарлама келіп түскен соң, аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп бір ай мерзімде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттің заңдылығына тексеру және жекеше нотариустың анықталған бұзушылықтарды жою;
      2) жекеше нотариаттық мұрағатқа нотариаттық құжаттарды қабылдап-тапсыру;
      3) жекеше нотариустың жеке мөрін алып қою мен жою;
      4) жекеше нотариустың лицензиясын Әділет министрлігіне жіберу (егер Заңның 12-бабының 2-)-7) тармақтарының негізінде лицензиясының күші тоқтатылған жағдайда).
      Осы тармақта көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда, аумақтық әділет органының бастығы немесе оның міндетін атқарушы тұлға және нотариаттық палатаның төрағасы мерзімдерді бір айдан аспайтын уақытқа ұзарта алады.
      15. Осы Ереженің көзделген іс-шаралардың нәтижесі бойынша аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп қорытынды шығарады (3-қосымша).
      Шығарған қорытынды негізінде аумақтық әділет органы жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық шығарады.
      16. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы мәлімет БАНЖ-нің электрондық тізіліміне енгізіледі.

Жекеше нотариустарды есептік
тіркеу туралы Ережеге  
1 Қосымша        

Нысан

_______________________________
(қалаласы) облысы
Әділет департаментінің бастығы
_______________________________
_______________________________

Өтініш

      ______________________________________________________________
      (бос орын бар нотариаттық округтің әкімшілік-аумақтық
      ______________________________________________________________
      бірлігі көрсетіледі)
      жекеше нотариусы ретінде есептік тіркеу жүргізуіңізді сұраймын.
      Осы өтінішке:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ________________________________ қоса ұсынамын.

      ____________________                 _________________________

            (қолы)                                  (Т.А.Ә.)

20__ жылғы "____"____________

Жекеше нотариустарды есептік
тіркеу туралы Ережеге  
2 Қосымша       

Нысан

______________________________ (қаласының) облысының
жекеше нотариустарын Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде
есептік тіркеу туралы электрондық тізілімі

№ р/с

Жекеше нотариустың Т.А.Ә.

Жеке басты куә ланд ыратын құ жаттың н өмірі бері лген күні

Мем. лиц ензиясының нөмірі,

берілген күні

Нотариаттық палата мүшелігіне енген күні

Есептік тіркеуге алынған күні

Жекеше нотариустың қызмет ету аумағы

Жекеше нотариустың үй-жайының орналасқан жері

Жекеше нотариустың үйінің мекен-жайы

Нотариаттық палата мүшелігінен шығарылған күні

Есептік тіркеуден шығарылған күні

Жазба енгізген адамның (қызметі) Т.А.Ә.

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Жекеше нотариустарды есептік
тіркеу туралы Ережеге     
3 Қосымша     

Нысан

      Келісілген
      _________________(аумағы)                            Келісемін
      Нотариаттық палатаның                ____________қаласы(облысы)
      төрағасы                                                 Әділет
      департаментінің
      _________________(Т.А.Ә)             бастығы __________________
      20___ жылы «___»________                        (Т.А.Ә.)
                                           20 __ ж. «___» ___________

Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы
қорытынды

      Қалалық (облыстық) әділет Департаменті (аймақтың атауы) нотариаттық палатасымен бірлесіп, жекеше практикамен айналысатын жекеше нотариустың (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) есептік тіркеуден шығару туралы табыс етілген құжаттарын қарап, келесіні анықтады.
      20___ жылы «____» _______ (аймақтың атауы) нотариаттық палатасына жекеше нотариустан (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) (аймақтың атауы) нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түсті.
      Жекеше нотариус (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) (аймақтың атауы) нотариаттық палатаның мүшелігінен нотариаттық палатаның басқарма мүшелерінің жиналысының хаттамасына сәйкес (хаттама күні) (аймақтың атауы) нотариаттық палатасынан шығарылды.
      20___ жылы «____» _______ (қаласы, облысы) әділет Департаментіне (аймақтың атауы) нотариаттық палатасынан жекеше нотариусты (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) (аймақтың атауы) нотариаттық палатаның мүшелігінен шығару жөніндегі хабарлама келіп түсті.
      20___ жылы «____» _______ (қаласы, облысы) әділет Департаментімен жекеше нотариуспен жасалған іс-әрекеттің заңдылығына тексеру жүргізілді, ол жөнінде тексеру нәтижесі туралы акт жасалынды.
      Тексеру нәтижесінің актісіне сәйкес жекеше нотариустың (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) жасаған іс-әрекеттерінің заңдылығын тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ (бұзушылықтар анықталған жағдайда, оны жоюға арналған іс-шаралар көрсетілуі тиіс).
      (Қаласы, облысы) Әділет департаментімен 20___ жылғы «____» _______ актіге сәйкес жекеше нотариустың жеке мөрін алып қойды және жойды. Жекеше нотариустың құжаттары 20___ жылғы «____» _______ қабылдап-алу тапсыру актісіне сәйкес жекеше нотариустың мұрағатына берілді. Жекеше нотариустың (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) 20___ жылғы «___» _______ жекеше нотариалдық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы алып қойылды.
      Жоғарыда аталғанның негізінде жекеше нотариус (жекеше нотариустың Т.А.Ә.) жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығаруға жатады деп санаймын.

      (қорытындыны шығарған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Об утверждении Положения об учетной регистрации частных нотариусов

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2011 года № 7074. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 30

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 31.01.2012 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 32 Закона Республики Казахстан "О нотариате", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение об учетной регистрации частных нотариусов.
      2. Утратившим силу приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 13 декабря 2003 г. № 264 "Об утверждении Положение об учетной регистрации частных нотариусов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2625, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2004 г., № 19-20, ст. 919).
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Р. Тусупбеков

Утверждено        
приказом Министра юстиции
Республики Казахстан   
от 15 июля 2011 года № 264 

Положение
об учетной регистрации частных нотариусов

      1. Настоящее Положение разработано на основании статьи 32 Закона Республики Казахстан "О нотариате" (далее - Закон) и определяет условия и порядок учетной регистрации частных нотариусов.
      2. Учетная регистрация частных нотариусов (далее - учетная регистрация) носит явочный характер, заключается в постановке лица, прошедшего конкурсный отбор и вступившего в члены нотариальной палаты, на учет в территориальном органе юстиции, с целью формирования сведений о месте расположения помещения и данных о частном нотариусе.
      3. Для прохождения учетной регистрации в территориальный орган юстиции лицо, прошедшее конкурсный отбор и вступившее в члены нотариальной палаты, представляет заявление по прилагаемой форме (приложение 1).
      К заявлению прилагаются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;
      2) выписка из решения правления территориальной нотариальной палаты о принятии в члены нотариальной палаты;
      3) копия приказа территориального органа юстиции о снятии с учетной регистрации в соответствующем нотариальном округе (если заявитель ранее осуществлял нотариальную деятельность в другом нотариальном округе);
      4) документ, подтверждающий право собственности или аренды на помещение частного нотариуса;
      5) заключение органов противопожарной безопасности о соответствии помещения нотариуса требованиям Правил пожарной безопасности в Республике Казахстан, утвержденных приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 8 февраля 2006 года № 35 (зарегистрированный в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4126).
      4. Помещение частного нотариуса должно соответствовать требованиям пункта 4 статьи 15 и пункта 4 статьи 21 Закона.
      Частный нотариус для осуществления нотариальной деятельности имеет только одно помещение.
      Помещение частного нотариуса должно обеспечивать беспрепятственный доступ граждан, представителей юридических лиц и размещается в капитальном здании.
      Не допускается размещение помещения частного нотариуса в подвальных помещениях, подземных переходах, киосках и других временных строениях.
      Если помещение частного нотариуса находится в структуре здания, входящего в жилой фонд, то оно должно иметь отдельный вход и расположено на первом этаже.
      Помещение частного нотариуса состоит из трех кабинетов (для совершения нотариальных действий, ожидания клиентов, архивное помещение).
      В случае расположения помещения частного нотариуса в одном офисном помещении с другим нотариусом, количество кабинетов для совершения нотариальных действий в офисе и помещений для архива должно быть по числу нотариусов.
      Помещение частного нотариуса располагается в пределах определенной ему территории.
      5. Территориальный орган юстиции в течение пяти рабочих дней со дня поступления заявления о постановке на учетную регистрацию, рассматривает заявление о постановке на учетную регистрацию и осуществляет проверку помещения частного нотариуса на его соответствие требованиям подпункта 5) пункта 3 и пункта 4 настоящего Положения.
      6. По результатам рассмотрения заявления территориальный орган юстиции выносит приказ о постановке заявителя на учетную регистрацию и совместно с нотариальной палатой определяет ему территорию деятельности.
      7. В случае представления неполного перечня документов, предусмотренного в пункте 3 настоящего Положения или несоответствия помещения частного нотариуса требованиям законодательства Республики Казахстан, территориальный орган юстиции выносит приказ об отказе в постановке на учетную регистрацию.
      8. Сведения о постановке заявителя на учетную регистрацию и определенной ему территории деятельности заносятся в электронный реестр сведений об учетной регистрации частных нотариусов в Единой информационной нотариальной системе (далее - электронный реестр ЕНИС) (приложение 2).
      9. Электронный реестр ЕНИС ведется территориальным органом юстиции.
      10. Полнота, достоверность и своевременность вносимых в него сведений ведется сотрудником органов юстиции, определенный приказом первого руководителя территориального органа юстиции или лица, исполняющего его обязанности.
      11. В случае изменения фамилии, имени, отчества частного нотариуса либо других анкетных данных территориальный орган юстиции вносит изменения в электронный реестр ЕНИС не позднее пяти рабочих дней со дня поступления от частного нотариуса соответствующих сведений.
      При этом частный нотариус к своей информации об изменении своих анкетных данных представляет в территориальный орган юстиции копии документов, подтверждающие соответствующие изменения.
      12. Частный нотариус в течение месяца в территориальный орган юстиции сообщает сведения об изменении им местонахождения его помещения.
      После получения уведомления территориальный орган юстиции проверяет соответствие помещения частного нотариуса требованиям подпункта 5) пункта 3 и пункта 4 настоящего Положения.
      При этом частный нотариус совершает нотариальные действия по новому местонахождению после прохождения учетной регистрации нотариуса по новому местонахождению помещения нотариуса.
      При соответствии помещения частного нотариуса требованиям подпункта 5) пункта 3 и пункта 4 настоящего Положения территориальный орган юстиции производит учетную регистрацию нотариуса по новому местонахождению помещения и вносит соответствующие изменения в электронный реестр ЕНИС.
      В случае несоответствия помещения требованиям подпункта 5) пункта 3 и пункта 4 настоящего Положения территориальный орган юстиции отказывает в учетной регистрации по новому месту расположению помещения и предлагает частному нотариусу выбрать другое помещение, пригодное для совершения нотариальных действий.
      13. При подаче заявления частного нотариуса о выходе из членов нотариальной палаты нотариальная палата в течение трех рабочих дней извещает об этом территориальный орган юстиции.
      14. После поступления извещения территориальный орган юстиции совместно с нотариальной палатой осуществляет в месячный срок следующие мероприятия:
      1) проверку законности совершенных нотариальных действий и устранение частным нотариусом выявленных нарушений;
      2) прием-передачу нотариальных документов в частный нотариальный архив;
      3) изъятие и уничтожение личной печати частного нотариуса;
      4) изъятие и направление в Министерство юстиции Республики Казахстан лицензии частного нотариуса (когда действие лицензии прекращается по основаниям подпунктов 2)-7) статьи 12 Закона).
      В тех случаях, когда необходимо дополнительное время для проведения мероприятий, указанных в настоящем пункте, руководителем территориального органа юстиции или лицом, исполняющим его обязанности и председателем нотариальной палаты сроки продлеваются, но не более чем на один месяц.
      15. По результатам проведенных мероприятий, предусмотренных настоящим Положением, территориальный орган юстиции совместно с нотариальной палатой выносит заключение (приложение 3).
      На основании вынесенного заключения территориальный орган юстиции издает приказ о снятии частного нотариуса с учетной регистрации.
      16. Сведения о снятии частного нотариуса с учетной регистрации заносятся в электронный реестр ЕНИС.

Приложение 1          
к Положению об учетной    
регистрации частных нотариусов 

Форма           

Начальнику департамента юстиции
______________ (города) области
_______________________________
от ____________________________
_______________________________

                              Заявление

      Прошу произвести учетную регистрацию в качестве
      частного нотариуса ___________________________________________
                         (указывается административно-территориальная единица
      ______________________________________________________________
              нотариального округа, в которой образовалась вакансия)

                  К настоящему заявлению прилагаю:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________

      ___________________________                 ________________
              (Подпись)                             (Ф.И.О.)

      "____" _____________ 20__ года

Приложение 2         
к Положению об учетной   
регистрации частных нотариусов

Форма              

   электронный реестр об учетной регистрации частных нотариусов
         в Единой информационной нотариальной системе
       ______________________________ (города) области


п/п

Ф.И.О
частного
нотариуса

Номер, дата
выдачи
документа,
удостоверяющего
личность

Номер, дата
выдачи гос.
лицензии

Дата
вступления
в члены
нотариальной
палаты

Дата
постановки
на учетную
регистрацию

Территория
деятельности
частного
нотариус

1

2

3

4

5

6

7








       продолжение таблицы

Месторасположения
помещения частного
нотариуса

Адрес
проживания
частного
нотариуса

Дата
исключения из
членов
нотариальной
палаты

Дата снятия
с учетной
регистрации

Ф.И.О. лица,
вносившего
запись
(должность)

Примечание

8

9

10

11

12

13







Приложение 3            
к Положению об учетной     
регистрации частных нотариусов
Форма                    

Согласовано                                                     Согласен
Председатель                                                   Начальник
Нотариальной палаты                 департамента юстиции города (области)
____________ (округа)                             ______________ (Ф.И.О.)
______________ (Ф.И.О.)                              "____" ____  20__ г.
"______ " _______ 20__ года

                              Заключение
           о снятии с учетной регистрации частного нотариуса

      Департамент юстиции (города, области) совместно с нотариальной
палатой (наименование округа), рассмотрев представленные документы
частного нотариуса (Ф.И.О. частного нотариуса), занимающегося
нотариальной практикой о снятии с учетной регистрации, установил
следующее.
      "___" ____ 20__ года в нотариальную палату (наименование округа)
поступило заявление частного нотариуса (Ф.И.О.) о выходе его из членов
нотариальной палаты (наименование округа).
      Нотариальной палатой (наименование округа) частный нотариус
(Ф.И.О), исключен из членов нотариальной палаты (наименование округа)
согласно протокола заседания членов правления нотариальной палаты
(дату протокола).
      "___" ____ 20__ года в Департамент юстиции (города, области)
поступило извещение нотариальной палаты (наименование округа) об
исключении частного нотариуса (Ф.И.О.) из членов нотариальной палаты
(наименование округа).
      "___" ____ 20__ года Департаментом юстиции (города, области)
проведена проверка законности совершенных нотариальных действий
частного нотариуса (Ф.И.О.), о чем свидетельствует акт о результатах
проверки.
      Согласно акта о результатах проверки законности совершенных
нотариальных действий нарушений в деятельности частного нотариуса
(Ф.И.О.) не выявлено (в случае выявления нарушений, указать мероприятия
по их устранению).
      Департаментом юстиции (города, области) произведено изъятие
и уничтожение личной печати частного нотариуса согласно акта
от "____" ______ 20__ года. Документы частного нотариуса согласно акта
приема-передачи от "___" ____ 20__ года переданы в частный нотариальный
архив. Лицензия на право занятия частной нотариальной деятельностью за
№________ от "___" ______ года частного нотариуса (Ф.И.О.), изъята.
      На основании вышеизложенного, полагаю возможным снять с учетной
регистрации частного нотариуса (Ф.И.О.).

      (Ф.И.О., подпись, должность лица, выносившего заключение)