"Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 23 маусымдағы № 50/80 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7078 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру ережесінде:
      төртінші тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің алты бүтін алпыс бес жүздік пайызын ескере отырып айқындалады.».
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2010 жылғы бірінші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                   Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                       Б. Мелдешов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      __________Б.Б. Жәмішев
      2011 жылғы 14 шілде

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет министрі
      _____ М.А. Құл-Мұхаммед
      2011 жылғы 24 маусым

О внесении изменения в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 3 сентября 2009 года № 166/314 "Об утверждении Правил финансирования политических партий"

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 23 июня 2011 года № 50/86. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2011 года № 7078

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 12 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" и на основании пункта 3 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан "О политических партиях" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 3 сентября 2009 года № 166/314 "Об утверждении Правил финансирования политических партий" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5825) следующее изменение:
      в Правилах финансирования политических партий, утвержденных указанным постановлением:
      абзац первый пункта четвертого изложить в следующей редакции:
      "4. Размер бюджетных средств, выделяемых на финансирование деятельности политических партий, определяется в законе о республиканском бюджете на соответствующий год с учетом шести целых шестидесяти пяти сотых процентов от минимального размера заработной платы за каждый голос избирателя, поданный при голосовании за политические партии, представленные в Мажилисе Парламента по итогам последних выборов.".
      2. Юридическому отделу аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие с первого января 2010 года.

      Председатель
      Центральной избирательной комиссии
      Республики Казахстан                       К. Турганкулов

      Секретарь
      Центральной избирательной комиссии
      Республики Казахстан                       Б.Мельдешов

      "Согласовано"
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      ____________ Б.Б. Жамишев
      14 июля 2011 года

      "Согласовано"
      Министр культуры
      Республики Казахстан
      ________ М.А. Кул-Мухаммед
      24 июня 2011 года