"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру ережесінде:
төртінші тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің алты бүтін алпыс бес жүздік пайызын ескере отырып айқындалады.».
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2010 жылғы бірінші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы Б. Мелдешов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________Б.Б. Жәмішев
2011 жылғы 14 шілде
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі
_____ М.А. Құл-Мұхаммед
2011 жылғы 24 маусым