«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 шілдеде № 7084 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6444 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 18 қыркүйекте № № 376-377 (26220) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерді пайдалануға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілгеннен және оң қорытынды алғаннан кейін жол беріледі.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің ғимараттарында (үй-жайларында) зиянды қоспа бөлетін өндірістік үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіші, қалған объектілерде терезе желдеткіштері, фрамуга, терезе жақтауларындағы, сыртқы қабырғалардағы құрал-жабдықтар арқылы табиғи желдеткіш көзделуі қажет.».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                       С. Қайырбекова
 

О внесении изменений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 636 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 июня 2011 года № 419. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2011 года № 7084. Отменен приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2012 года № 362.

      Сноска. Отменен приказом Министра здравоохранения РК от 18.05.2012 № 362.

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 636 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники", (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6444, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 23 октября 2010 года № 281-282 (26342-26343)) внести следующие изменения:

      в санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники", утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Эксплуатация объектов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники допускается после согласования и получения положительного заключения органов государственного санитарно-эпидемиологического надзора.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. В зданиях объектов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники необходимо предусмотреть приточно-вытяжную вентиляцию с механическим побуждением в производственных помещениях имеющих вредные выделения, в остальных объектах естественную вентиляцию посредством форточек, фрамуг, приспособлений в оконных проемах, наружных стенах.".

      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Оспанов К.С.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Юридическому департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


Республики Казахстан

С. Каирбекова