Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2017 № 354 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2017 № 207 бірлескен бұйрығымен1. Қоса беріліп отырған Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етіп, жарияланғаны туралы мәліметтерді кейіннен Заң департаментіне (М.Ш. Мукушева) табыс етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жэне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Жолаушыларға қызмет көрсету.
2. Шектеулі кіру аймағынан өтетін қызметкерлерді және бөгде ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамамен қамтамасыз ету.
3. Көлік құралдары кіру үшін жолдарды ұстауды қамтамасыз ету.
4. Бөгде ұйымдарды әуежай аймағында өртке қарсы қамтамасыз ету.
5. Жолаушыларға, экипаж мүшелеріне ұзақ уақыт күту залын ұсыну.
6. Жүкті өңдеу.
7. Жүктерді жиырма төрт сағаттан артық сақтау.
8. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету.
9. Бөгде ұйымдарға жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды сақтау бойынша қызметтер.
10. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетудің транзиттік нысаны бойынша қызмет көрсету.
11. Әуе кемесін күтіп алуды - жөнелтуді қамтамасыз ету.
12. Жолаушыларды отырғызу/түсіру.
13. Жолаушыларды жеткізу.
14. Экипажды жеткізу.
15. Жолаушылар мен әуе кемесінің экипаждарын борт тамағымен қамтамасыз ету.
16. Дербес қызмет көрсету және жолаушыларды оның ішінде бақыланатын аймақта ертіп жүру.
17. Багаж, жүк және поштаны дербес алып жүру.
18. Сүйрету.
19. Ішкі тазалау.
20. Әуе кемесінің сантораптарына (дәретханаларына) қызмет көрсету.
21. Ауыз суды толтыру.
22. Әуе кемесіне электрэнергиясын беру.
23. Әуе кемесін кондиционерлеу.
24. Әуе кемесін қар мен мұздан тазарту.
25. Авиақозғалтқышқа май құю.
26. Жүйені оттегімен толтыру.
27. Әуе кемесін азотпен немесе тығыздалған ауамен толтыру.
28. Гидрожүйені тексеру және толтыру.
29. Авиақозалтқыштың әуе жіберуін қамтамасыз ету.
30. Ангардағы тұрақ.
31. Ұшуларды штурмандық қамтамасыз ету.
32. Навигациялық есептерді беру.
33. Флайт-жоспар құру.
34. Аэронавиагациялық ақпараттар жинағын жалға алу.
35. Радионавигациялық карталарды жалға беру.
36. Болжамдалған желді ескере отырып, авиациялық жанар-жағармай материалының қажетті мөлшерінің есебі.
37. Экипаж мүшелерін ұшар алдында медициналық тексеру.
38. Әуе кемесінен қоқыс шығару және пайдаға асыру.
39. Әуе кемесінің әрбір түрі бойынша алынбалы жабдықтар мен борт ыдыстарын санитарлық өңдеу.
40. Техникалық персоналды (операторды) беру.
41. Арнайы техникалық және көлік құралдарын беру.
42. Тапсырыс жасалған (чартерлік) авиа рейстерге метеорологиялық қамтамасыз етуді ұсыну.
43. Авиа тасымалдарды қамтамасыз ету процессіне қатысатын бөгде ұйымдарды ауысым алдындағы медициналық тексеру.
44. Жүкті буып түю.
45. Әуеайлақ ауданындағы бөгде ұйымдарға желіайлағының жарамдылығын қарау.
46. Әуе кемесіне техникалық және желілік қызмет көрсету.
47. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
48. Азотты, оттегін, сығылған ауаны дайындау және іске асыру бойынша қызметтер мен баллондарды жөндеу.
49. Жабдықтарды тексеру бойынша метрологиялық қызметтер.
50. Әуе кемесін сүйемелдеу.
51. Әуежай аумағындағы бөгде ұйымдардың желдромын тазарту.
52. Әуежайдың инфрақұрылым объектілерін әуеайлақ кешені бөлінісінде пайдалану.
53. Тікұшақтарды әуеайлақтан тыс апатты - құтқаруды қамтамасыз ету.