Ескерту. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.06.2014 № 276 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. В. Петров
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 27 шілдедегі
№ 303 бұйрығына
1-қосымша
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы
1. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді (ауыл шаруашылық, салынып жатқан және қайта салынып жатқан объектілердің, мектепке дейінгі, жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының, тұрмыстық мақсаттағы, сауда, қоғамдық тамақтану, емдеу, театр, ойын-сауық және мәдени-ағарту ұйымдарының, кеңсе, күзет, пәтерлер иелерінің кооперативі мекемелерінің өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің).
2. Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумін зерделеу ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытудың негізгі түрлері болып табылады.
3. Өртке қарсы нұсқаулық ұйымдардың жұмыскерлеріне негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізу, өндірістер мен жабдықтардың технологиялық үдерістерінің өрт қауіптілігін, өрттен қорғау құралдарын, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда олардың іс-қимылдарын зерделеу мақсатында жүргізіледі.
4. Өртке қарсы нұсқаулықты өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға Өртке қарсы нұсқаулықтың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өткізеді.
5. Өртке қарсы нұсқаулық өткізу кезінде ұйымның қызмет ерекшелігін ескерген жөн.
6. Өртке қарсы нұсқаулықты өткізу ұйымдардың жұмыскерлерін мыналармен:
ұйымда белгіленген өртке қарсы режиммен, сондай-ақ ішкі тәртіп нұсқауларымен және өрт қауіпсіздігі талаптарымен;
жұмыс учаскелеріндегі барынша өрт қауіпті жерлермен;
өрт туындайтын ықтимал көздермен және себептермен, олардың сақтандыру шараларымен және өртті байқаған кездегі әрекеттермен;
жұмыс орнында, қондырғыда, аппаратта, цехта және ұйым аумағында лапылдап жануды болдырмау үшін жұмысты бастар алдында, процесте және жұмысты аяқтағаннан кейін, жұмыстан кетер алдында сақталуға тиіс өрт қауіпсіздігі шараларымен;
өрт сөндіру құралдарын пайдалану әдістерімен, өрт сөндіру ережелерімен және тәсілдерімен таныстыруды қамтиды.
7. Өткізу сипаты мен уақытына қарай өртке қарсы нұсқаулық кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты болып бөлінеді.
8. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты өртке қарсы нұсқаулықты өткізу туралы осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізуді есепке алу журналында (бұдан әрі - Журнал) жазба жазылады.
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізуді есепке алу журналы оқыту, нұсқаулықтар өткізудің белгіленген мерзімдерін сақтау саласында жұмысты бақылау үшін қажет.
Журнал нөмірленуі, тігілуі және оған оны жүргізу үшін жауапты қол қоюы және ұйымның мөрімен бекітілуі қажет. Журнал өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғада сақталады.
9. Кіріске өртке қарсы нұсқаулық:
барлық жұмысқа жаңадан қабылданғандармен, олардың біліміне, кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтіліне қарамастан;
ауысымдық жұмыскерлермен;
ұйымға іссапарға жіберілген жұмыскерлермен;
өндірістік оқуға немесе практикаға келгендермен өткізіледі.
10. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулықты ұйымда өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға жүргізеді.
11. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулық жұмыскердің игерген дағдылары мен ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтауын, өрт шыққан кезде іс-қимыл жасаудың практикалық жаттығуын білуін тексерумен және өрт сөндіру құралдары мен өрттен қорғау жүйелерін білуін тексерумен аяқталады.
Кіріспе нұсқаулықтан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін атқаруға жіберілмейді.
12. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулық тікелей жұмыс орнында:
барлық жаңадан қабылданған жұмыскерлермен;
осы ұйымның бір бөлімшесінен екіншісіне ауысатындармен;
жұмыс орнын ауыстырған жағдайда олар үшін жаңаша жұмысты орындайтын жұмыскерлермен;
ұйымға іссапарға жіберілген жұмыскерлермен;
ауысымдық жұмыскерлермен;
ұйым аумағында құрылыс-монтаждау және өзге де жұмыстарды орындайтын құрылыс саласының мамандарымен;
өндірістік оқуға немесе практикаға келгендермен өткізіледі.
13. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулықты көрсетілген жұмыскерлер санатымен өткізуді әрбір құрылымдық бөлімшеде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
14. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулықты әр жұмыскермен дербес, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану, өрт шыққан кезде іс-әрекеттер жасау, адамдарды көшіру, зардап шеккендерге, сондай-ақ бір типтік жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен және жалпы жұмыс орны шегінде көмек көрсету дағдыларын практикалық тұрғыда көрсету және машықтау арқылы өткізіледі.
15. Қайта өртке қарсы нұсқаулық жұмыс орнында алғашқы өртке қарсы нұсқаулық бағдарламасы бойынша жалпы жұмыс орны шегінде дербес немесе бір типтік жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен өткізіледі.
16. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық:
өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу немесе бұрын әзірленгендерін өзгерту кезінде;
өндірістің технологиялық үдерісін өзгерту, жабдықты, аспаптарды, негізгі шикізатты, материалдарды ауыстыру немесе жаңарту, сондай-ақ объектінің өртке қарсы жай-күйіне әсер ететін өзге де факторларды өзгерту кезінде;
ұйым жұмыскерлері өрттің шығуына әкелуі мүмкін немесе соған әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;
ұйымға өрт-техникалық тексеріс жүргізу барысында ұйымдардың жұмыскерлері білімдерінің жеткіліксіз екендігі анықталған жағдайда мемлекеттік өрт бақылау органдарының талаптары бойынша өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша зерделеу үшін;
ұқсас өндірістерде болған өрттер туралы ақпараттық материалдар келіп түскен кезде;
ұйымдардың жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттанарлықсыз білу фактілері анықталған кезде өткізіледі.
17. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты жұмыскермен немесе қажетті дайындығы бар жұмыстың басшысы тікелей, дербес немесе бір кәсіптің жұмыскерлерінің тобымен өткізіледі. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулықтың көлемі мен мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізу қажеттілігі туындаған себептер мен жағдайларға байланысты анықталады.
18. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулық:
газ, бу және тозаң-ауа қоспасының, өзге де жанғыш газдардың (электрмен және газбен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнекерлеу лампаларын, жанарғыларды пайдалана отырып жұмыс істеу, битум қайнату және жылу мен ұшқын бөлу арқылы өзге де жұмыстар) жоғары өрт қауіптілігімен және өзге де отты жұмыстармен (ашық отты қолдану, ұшқын түзу, жабдықты, құралды, материалдарды тұтану (өздігінен тұтану) болуы мүмкін температураға дейін қыздыру арқылы жұмыс істеу) байланысты бір реттік жұмыстарды жүргізу кезінде;
төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде;
рұқсат наряды рәсімделетін жұмысты жүргізу кезінде, жарылыс қауіпті өндірістерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге;
ұйымда экскурсиялар өткізу кезінде;
ұйымда адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (алқа отырыстарын, жиналыстар, конференциялар, кеңестер және т.б.) дайындау кезінде өткізіледі.
19. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулықты ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адам немесе жұмыстың жетекшісі тікелей өткізеді.
20. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі мақсатты өртке қарсы нұсқаулық жұмыскердің меңгерген дағдыларын және ұйымда белгіленген өртке қарсы режимнің сақталуын, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды, өрт шыққан кезде іс-әрекеттер жасауды білуін, адамдарды көшіру, зардап шеккендерге көмек көрсету ережесін білуін тексерумен аяқталады.
21. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу көлемінде, өртке қарсы режим, технологиялық үдеріс пен ұйым өндірісінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ ұйымда өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын және мүлікті құтқару бойынша практикалық дағдыларды машықтауға мүмкіндік беретін тәсілдер мен іс-қимылдар бөлігінде өрт-техникалық минимуміне тізбесі осы Қағидаға 3-қосымшада келтірілген қызметкерлер міндетті түрде оқытылады.
22. Ұйым басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерін қызметі бағытына қарамастан өрт-техникалық минимумін оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде және кейінгі уақытта соңғы рет оқытудан өткен күнінен бастап жылына кемінде бір рет өткізіледі.
23. Өрт-техникалық минимумін оқыту өндірістен қол үзіп және өндірістен қол үзбей ұйымдастырылады.
24. Өндірістен қол үзіп, өрт-техникалық минимумін оқудан:
ұйым басшылары мен бас мамандары немесе олардың міндеттерін орындайтын адамдар;
ұйымдардың өрт қауіпсіздігіне және өртке қарсы нұсқаулықты өткізуге жауапты жұмыскерлер;
балалар мен жасөспірімдердің демалысы, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту қызметін көрсететін ұйымдардың басшылары;
газбен электрлік дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер өтеді.
25. Әзірленген және бекітлген бағдарламалар бойынша ұйымда өрт-техникалық минимумін тікелей:
ұйым бөлімшелерінің басшылары, басшылар мен бас мамандар;
жарылыс, өрт қауіпті өндірістер бөлімшелерінің жұмыскерлері;
бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер;
ұйымды тәулік бойы күзетуді жүзеге асыратын жұмыскерлер оқиды.
26. Өрт-техникалық минимумі бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымда тікелей ұйым басшысы немесе ұйым басшысы, өрт қауіпсіздігі саласында тиісті біліктілігі бар өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға өткізеді.
27. Ұйым басшыларының, мамандары мен жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын білулерін тексеру өрт-техникалық минимумі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады және құрамы кемінде үш адамнан тұратын біліктілік комиссиясы тексереді.
28. Білім тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына басшылар мен ұйымдағы өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар кіреді.
29. Білімдерін тексеруден өтетін жұмыскерлер бағдарламамен және білім тексеру кестесімен алдын ала танысады.
Өрт-техникалық минимумі көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу және білім тексеру нәтижелері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысанға бойынша хаттамамен ресімделеді, оған біліктілік комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері қол қояды.
Білім тексеруден ойдағыдай өткен тұлғаларға осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төрағаның қолы қойылған және куәлікті беретін ұйымның мөрі қойылған біліктілік куәлігі беріледі.
30. Ұйым жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін кезектен тыс тексеру бұрын өткізілген тексеріс мерзіміне қарамастан:
өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын нормативтік құқықтық актілер жаңадан бекітлген кезде немесе оларға өзгерістер енгізілген кезде (бұл ретте);
жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша білуін қажет ететін жаңа жабдық пайдалануға берілгенде және технологиялық үдерістер өзгерген кезде (мұндай жағдайда тиісті өзгерістермен байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын білуіне тексеріс жүргізіледі);
жұмыскерді тағайындаған немесе басқа жұмысқа ауыстырған кезде, егер жаңа міндеттері өрт қауіпсіздігі жөніндегі қосымша білімді қажет ететін болса (олар өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауды бастағанға дейін);
болған өрттерден кейін, сондай-ақ ұйым жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталған кезде;
жұмыста осы лауазымда бір жылдан астам үзіліс болған кезде;
мемлекеттік өрт бақылау органдары тексеріс жүргізген кезде өткізіледі.
31. Жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін уақытылы тексеруді бақылауды ұйым басшысы жүзеге асырады.
32. Бағдарламалар кәсіби қызметтің ерекшеліктерін, лауазымы бойынша міндеттерді орындау ерекшеліктері және салалық құжаттардың ережелерін ескере отырып, тыңдаушылардың әр санаты үшін дайындалады. Өрт-техникалық минимумін оқыту сағаттарының санын ұйым басшысы орындалатын жұмыстың сипатына байланысты анықтайды.
33. Арнайы бағдарламаларды дайындау кезінде:
практикалық оқытуға;
ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтауға;
алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуге;
өрт шыққан кезде іс-әрекет жасауға, зардап шеккендерді көшіру мен көмек көрсетуге аса назар аударылады.
Өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту
Қағидасына
1-қосымша
Өртке қарсы нұсқаулықтың
үлгілік бағдарламасы
Өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша ұйымның (өндірістің) ерекшелігі туралы жалпы мәліметтер.
Жұмыскерлердің міндеттері және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаулары үшін жауаптылығы.
Ұйымдағы өртке қарсы режиммен таныстыру.
Өртке қарсы режимді сақтау жөніндегі бұйрықтармен, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтармен таныстыру.
Өрттің алдын алу және оны сөндіру бойынша жалпы шаралар:
Құрылымдық бөлімшелердің, цехтердің, учаскелердің басшылары үшін (гидранттар мен ішкі өрт крандарын тексеру және сынау, өрт сөндіргіштерді, автоматты өрт сөндіру және дабыл құралдарын зарядтау мерзімдері, цех немесе учаске персоналын алғашқы нұсқаулықтан өткізу бағдарламасымен таныстыру, жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б.);
Жұмыскерлер үшін (жану немесе өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрт туралы өрт сөндіру бөліміне және тікелей басшыға хабарлау, жануды немесе сөндіру тәсілдері мен құралдары, жеке және ұжымдық қауіпсіздік шаралары, объектіде белгіленген өртке қарсы режимді білу және сақтау).
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, гидранттары, су қоры мен құм, көшіру жолдары мен шығу жолдары орналасқан орындармен танысу (көшіру жоспарына сәйкес). Тиісті үй-жайлар мен аумақтарды аралау.
Қолданылатын шикізаттың, материалдардың және дайындалатын өнімнің өрт қауіпті қасиеттері. Технологиялық үдерістің өрт қауіптілігі.
Өрт сөндіргіштердің түрлері және оларды өрттің класына (жанғыш заттың түріне, жабдықтың ерекшелігіне) байланысты қолдану.
Электр қондырғылары мен өндірістік жабдықты сөндіру кезіндегі талаптар. Өрт кезінде және көшіру жолында қою түтіндеген кезде нұсқаулықтан өтушінің іс-әрекет жасауы.
Өрт туралы хабарлау тәсілдері. Өрт шыққан кезде жеке қауіпсіздік шаралары. Зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету тәсілдері.
Өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту
Қағидасына
2-қосымша
Нысан
(бет жағы)
(ұйымның атауы)
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы № ___
Журналды жүргізуді бастаған датасы "___" _____ 20__ ж.
Журнал жүргізуді аяқтаған датасы "___" _____ 20__ ж.
(ішкі жағы)
№ |
Нұсқаулық өткізу датасы |
Нұсқаулық тан өтушінің аты-жөні (туған жылы) |
Нұсқаулы қтан өтушінің лауазымы (кәсібі) |
Нұсқаулық түрі |
Нұсқаулық берушінің аты-жөні |
Нұсқаулық берушінің лауазымы |
Нұсқаулықтан өтушінің қолы |
Нұсқаулы қ берушіні ң қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Ескертпе: Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы барлық нұсқаулық түрі үшін немесе ұйым басшысының шешімі бойынша әр нұсқаулық түрі үшін ресімделеді.
Өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту
Қағидасына
3-қосымша
Өрт-техникалық минимумге міндетті оқытылатын
жұмыскерлер тізбесі
1. Ұйымдардың басшылары, өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің өрт қауіпсіздігі және өртке қарсы нұсқаулық өткізу үшін жауапты адамдар.
2. Өрт қауіпті жұмыстарды (желіммен, мастикалармен, битумдермен, полимерлермен және өзге де жанғыш материалдармен; газбен дәнекерлеу жұмыстары, электрмен дәнекерлеу жұмыстары, металл кесу, қыздыру жұмыстары және т.б.) жүзеге асыратын жұмыскерлер.
3. Өрт қауіпсіздігі үшін жауапты ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары мен жұмыскерлері.
4. Жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан объектілердің өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар.
5. Мектепке дейінгі, жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар мен басшылар.
6. Адамдар жаппай жиналатын объектілердің (тұрмыстық мақсаттағы, сауда, қоғамдық тамақтану, емдеу, театр, ойын-сауық және мәдени-ағарту ұйымдарының, кеңсе мекемелерінің) өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдары мен басшылары.
7. Авто электриктер.
8. Ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын жұмыскерлер.
9. Пәтер иелері кооперативтерінің өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар мен басшылар.
Өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту
Қағидасына
4-қосымша
Нысан
Өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша білім тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының
№ ___ хаттамасы
____________________________________________
(ұйымның толық атауы)
____________________________________"___" _____ 20__ ж.
№ ___ бұйрығына (өкіміне) сәйкес біліктілік комиссиясы мынадай құрамда:
төраға _________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
мүшелері:
1. ______________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
2. _______________________________________________________
3. _______________________________________________________
4. _______________________________________________________
"___" _____ 20__ ж. өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі білімін тексеріп, мынадай нәтижелерді анықтады:
№ р/с |
Оқытудан өтушінің аты-жөні |
Лауазымы |
ұйымы |
Оқыту |
Белгі |
Қолы |
Комиссия төрағасы ________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
Комиссия мүшелері:
1. __________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
2. ___________________________________________________
3. ___________________________________________________
4. ___________________________________________________
М.О. "___" _____ 20__ ж.
Өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту
Қағидасына
5-қосымша
Нысан
(оң жағы)
Өрт-техникалық минимум көлемінде
өрт қауіпсіздігі саласында білім тексеру бойынша
біліктілік куәлігі
(ішкі беті, сол жағы)
_______________________________________
(ұйымның толық атауы)
№____ Біліктілік куәлігі
фото |
_______________________________________________________берілді
(аты-жөні)
Лауазымы ____________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________
М.О.
(ішкі беті, оң жағы және келесі беттері)
Білім тексеру туралы мәліметтер
Өткізу датасы |
Хаттама № |
Қабылданған шешім туралы белгі |
Комиссия төрағасының қолы |
Кезекті аттестаттау датасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 27 шілдедегі
№ 303 бұйрығына
2-қосымша
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің өрт қауіпсіздігі және өртке қарсы нұсқаулық өткізу үшін жауапты ұйымдардың басшыларына арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с |
Тақырыптар атауы |
Сағат саны |
1 |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер. |
2 |
2 |
Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар. |
2 |
3 |
Ұйымдағы өрт қауіптілігі. |
4 |
4 |
Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. |
4 |
5 |
Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. |
2 |
6 |
Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер. |
2 |
7 |
Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. |
3 |
8 |
Өрт кезінде жұмыскерлердің іс-әрекеттері. |
2 |
9 |
Практикалық сабақ. |
3 |
Жалпы сағат саны |
24 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері.
2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері.
3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі.
Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Өрттің электр тоғынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.
4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
5-тақырып. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.
Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру.
6-тақырып. Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді орнату, тактикалық-техникалық сипаттамасы және пайдалану ережесі.
Сыртқы және ішкі сумен жабдықтау, мақсаты, құрылғысы. Өрт крандары, орналастыру және оларды бақылау. Өрт кезінде қолдану ережесі.
Автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелерінің мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жіктеу, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану ережелері. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылау. Сумен, көбікпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары, құрылғысы.
Түтіннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтіннен қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтіннен қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.
7-тақырып. Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.
Өрт-техникалық комиссия. Жұмыскерлерге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым жұмыскерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихаттау. Өрт қауіпсіздігі бұрыштары.
"Өртке қарсы режим" терминінің ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.
8-тақырып. Өрт кезінде жұмыскерлердің іс-әрекеттері.
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды көшіру. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-шаралар.
9-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерімен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар.
Өрт қауіпті жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ |
Тақырыптар атауы |
Сағат саны |
1 |
Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар |
1 |
2 |
Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі |
1 |
3 |
Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары |
1 |
4 |
Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері |
2 |
5 |
Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары |
1 |
6 |
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт кезінде пайдалану тәртібі |
1 |
7 |
Өрт кезіндегі іс-әрекеттер |
1 |
8 |
Практикалық сабақтар |
2 |
Жалпы сағат саны |
10 |
1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшының өкімдері.
2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу ережесін бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау үдерісінде өрттің алдын алу шаралары.
4-тақырып. Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері
ТТС, ЖС және ЖГ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.
5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыс істеу кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидін тасымалдау кезіндегі оның қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу. Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кабельдерді қосу. Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.
6-тақырып. Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.
7-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Көшіру жолдары мен тәртібі, көшіру жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін жұмыскерлердің іс-қимылдары (жең желілерін төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер.
8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Түтін, жану, өрт байқалған кезде іс-қимылдарды машықтау. Ұйымнан көшіру бойынша практикалық сабақтар.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру
Ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған
өрт-техникалық минимум бойынша
тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с |
Тақырыптар атауы |
Сағат саны |
1 |
Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар |
2 |
2 |
Техникалық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман |
1 |
3 |
Өрт кезіндегі іс-әрекеттер |
1 |
4 |
Практикалық сабақтар |
3 |
Жалпы сағат саны |
7 |
1-тақырып. Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдері. Өртке қарсы режим. Көшіру жоспары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдары.
2-тақырып. Техникалық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді жіктеу, қолдану саласы, мақсаты, қолдану ережесі, орналасу орны. Ішкі өртке қарсы су құбырының, өрт крандарының мақсаты мен құрылғысы, орналасу орны. Автоматты өрт дабылы (АӨДҚ) және өрт сөндіру (АӨСҚ) қондырғылары; ұйымда орналастыру сызбасы. АӨДҚ мен АӨСҚ жұмыс істеген кездегі әрекеті. Өрт жабдығы мен құрал-саймандарының түрлері, мақсаты, құрылғысы мен орналасу орны.
3-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіру. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-әрекеттер.
4-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларына және өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с |
Тақырыптар атауы |
Сағат саны |
1 |
Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар |
1 |
2 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар |
2 |
3 |
Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар |
3 |
4 |
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау |
3 |
5 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі |
2 |
6 |
Практикалық сабақтар |
3 |
Жалпы сағат саны |
14 |
1-тақырып. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттердің статистикасы. Өрттердің себептері. Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт қауіптілігі. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлімшелердің, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объектілердің басшыларының міндеттері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерін және жылу бөлу қондырғыларын монтаждау мен пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар.
2-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар
Өрттің алдын алудың негізгі міндеттері. Өртке қарсы режим, анықтамасы, мақсаты мен оны белгілеу тәртібі. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде, шаруа қожалықтарында және елді мекендерде жалпы ұйымдастырушылық өрттің алдын алу іс-шаралары.
3-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
Мал өсіру және құс өсіру фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, ТТС, ЖС және ЖГ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептіргіштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.
4-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану ережесі. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлері. Өрт сөндіретін су айдындарын орнату ережесі. Ауыл шаруашылығы объектілерін байланыспен, дабылмен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.
5-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі
Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар конспектісін, сыныпты, көрнекі оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.
6-тақырып.
Ұйым (шаруа қожалықтарының) басшыларының, өртті жою бойынша тұрғындар мен ауылдық жердегі жұмысшылардың өрт-техникалық жаттығуы. Өрт жеңдерін төсеу. Су көзінен су беру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу. Өртке қарсы қызметті шақырту.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Сағаттар |
1 |
Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар |
1 |
2 |
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары |
2 |
3 |
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілердің өрт қауіпсіздігі шаралары |
4 |
4 |
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт болған жағдайда жұмыскерлердің әрекеттері |
2 |
5 |
Практикалық сабақтар |
3 |
Жалпы сағат саны |
9 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Құрылыс объектілеріндегі сипатты өрттердің қысқаша талдауы. Өрт сөндіру профилактикасының негізгі міндеттері. Өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғалардың міндеттері. Жаңадан салынып және құрылып жатқан объектілерде, құрылыс алаңдарымен қосалқы қожалықтарда өртке қарсы тәртіпті орнату және ұстау жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары.
Бөлек құрылыс учаскелерінің, корпус, цехтер, қоймалар, шеберханалардың өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына жұмыскерлерді үйрету. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру.
3-тақырып. Жаңадан салынып жатқан және қайта құрылып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Ауданның, облыстың құрылыс объектілерінде аса кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтануларды талдау. Электр желілерін, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлі жарық беру құралдарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Электрлік асырмалы жүктемелердің, қысқа тұйықталулардың, күрделі ауыспалы қарсылықтардың мәні мен пайда болу себептері. Қыздыру шамдарының өрт қауіптілігі. Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және асырмалы жүктемелерден қорғау шаралары. Автоматты және иілмелі сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткіш құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен жұмыстар жүргізгенде, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі ерекшеліктері. Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртібі, уақытша қызметтік, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру). Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киім кептіргіштерінде және үй-жайларды кептіруге арналған уақытша пештерді, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі. Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар. Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздеріне, өрт сөндіру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кіреберістерін ұстау және қатты, сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін пештерді, каминдерді, пайдаланғанда өрт сөндіру құралдарына жету, сондай-ақ ТТС жұмыс істеу. Эвакуациялау жолдарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары.
4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт болғанда жұмыскерлердің әрекеттері.
Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылыс және әрекет ету принципі. Оларды пайдалану және оларды тұтануды немесе өртті сөндіруде қолдану ережелері. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану ережелері. Өрт сөндіру қалқандары және олардың жабдықталуы. Өрт сөндіруге өрт сөндіру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану ережелері. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан ғимараттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт пайда болғанда жұмыскерлердің әрекеттері: өрт сөндіру көмегін шақыру, қолда бар құралдармен сөндіру, өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесін күтіп алу және олармен еріп жүру. Өртеніп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.
5-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру
Мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беру мектептерінде өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғалар мен басшыларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Сағаттар |
1 |
Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар |
1 |
2 |
Мектепке дейінгі және жалпы білім беру мектептеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары |
2 |
3 |
Өрт сөндіру құралдары және оларды өрт сөндіру үшін қолдану ережелері, өрт кезіндегі әрекеттер мен өрт сөндіру күзетін шақырту |
1 |
4 |
Практикалық сабақтар |
3 |
Жалпы сағат саны |
7 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына ұйымдардың жетекшілерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері.
2-тақырып. Мектепке дейінгі және жалпы білім беру мектептеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Электр желілерін, электрлік жабдықты және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, асқын жүктеме, ауыспалы қарсылық, ұшқындау, олардың мәні, пайда болу себептері мен жол бермеу тәсілдері. Өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және олармен жұмыс істеу тәртібі. ТТС мен ЖС өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар: жарқ ету температурасы, өздігінен тұтану және тұтану. Жарылыс жайлы түсінік. ТТС мен ЖС сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және қолдану кезіндегі өртке қарсы тәртіп. Химиялық реактивтер мен сілті металлдарын пайдаланғанда оларды сақтау және өрт қауіпсіздігі шаралары. Ғимараттардағы өртке қарсы тәртіп. Эвакуациялау жолдарын ұстау. Сыныптарда парталардың, үстелдердің және орындықтардың орналасуы. Кіру орындарын, шығу орындарын, холлдарды, коридорларды, саты алаңын, сондай-ақ шатырдағы бөлмелерді, жер төле үй-жайларының, оқу-өндірістік шеберханаларын, химия және физика кабинеттерін ұстау. Эвакуациялау жоспарларын әзірлеу. Қызмет көрсету персоналына нұсқамалық беру. Сауықтыру кезеңінде балаларды жоғары қабатты ғимараттар мен көп қабатты үйлерге орналастыру тәртібі.
Балалар мекемелерінде, мектеп-интернаттарындағы кезекшілер мен күзетшілер. Оларға нұсқамалық беру. Өрт пайда болған жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде міндеттер. Жаңа жылғы шырша орнатқанда, кино көруді, кештер мен спектакльдерді ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар. Шыршаларды орнату және бекіту ережелері. Адамдардың жаппай болатын үй-жайларға қойылатын талаптар.
Жаппай іс-шараларды өткізу жауапкершілігі, кезекшілердің мақсаты мен міндеттері.
3-тақырып. Өрттерді сөндіру құралдары. Оларды қолдану ережелері. Өрт кезіндегі әрекеттер және өрт сөндіру күзетін шақырту.
Өрт сөндіргіштердің мақсаты. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Оларды пайдалану және өрт сөндіруде қолдану ережелері.
Алғашқы өрт сөндіру құралдарының (құм, түрлі жабындар, суы бар бөшкелер мен шелектер, өрт сөндіру құрал-сайманы) және ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты. Оларды пайдалану ережелері.
Өртте қызмет көрсету персоналының әрекеттері. Өрттерде үй-жайлардың ішінен балаларды және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.
4-тақырып. Практикалық сабақтар
Эвакуацияны өткізуді жаттықтыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру
Адамдар жаппай жиналатын объектілердің басшылары мен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Сағаттар саны |
1 |
Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар |
1 |
2 |
Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру |
4 |
3 |
Сауда және қоғамдық тамақтану, базалар мен қоймалары бар ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары |
4 |
4 |
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер |
2 |
5 |
Практикалық сабақтар |
3 |
Жалпы сағат саны |
14 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
Сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базаларда, қоймаларда өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Өндірістік, әкімшілік, қойма және қосалқы үй-жайларында қатаң өртке қарсы режимді орнату және ұстау жөнінде негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар. Ведомстволық бағыныстағы объектілердің (учаскелердің) өртке қарсы жағдайына жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру. Қызметкерлерге өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету. Адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын, өрттерде қызмет көрсету персоналының әрекеттері жоспарын, объектідегі (учаскедегі) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық.
3-тақырып. Сауда, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базалар мен қоймаларда ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын
Өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы талаптары: аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды, жылыту, желдеткіш, түтін жою, сигнализация және өрт сөндіру жүйелерін ұстау. Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі. Жөндеу және от жұмыстарын жүргізуде өртке қарсы тәртіп.
Азық-түлік тауарларын сату ұйымдарында, азық-түлік қоймалары мен базаларында өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт қауіптілігі бар азық-түлік тауарларының қысқаша өрт сипаттамасы: өсімдік, мал және синтетикалық майлар, спирт арақ өнімдері, шөп, сіріңке және т.б. Сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Мұздату қондырғылары мен электр қозғалтқыштары бар механизмдерді пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі шаралары.
Базаларда, қоймаларда, дүкендерде және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сату ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС және ЖГ сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары және қысқаша сипаттама. Еденге арналған мастика, тұрмыстық химия тауарлары, парфюмерлік өнімдерінің, оқ-дәрілердің, пистондардың және т.б. өрт қауіптілігі. Сауда залдары мен қосалқы үй-жайларда, қоймалар мен базаларда өртке қарсы тәртіп.
Қоғамдық тамақтану ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары. Түскі ас залдарында, цехтерде, қоймаларда, қойма, тұрмыстық және қосалқы үй-жайларда өрт қауіпсіздігі шаралары. Дәнекерлеу пештерін, қайнатқыштарды, мұздатқыш қондырғыларды, ас үй плиталары мен жабдықтарын пайдалануда өртке қарсы іс-шаралар. Жаппай іс-шараларды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Аумақтарды, ғимараттарды, гараждарды, шаруашылық құрылыстар мен эвакуациялау жолдарын ұстауға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары. Жылыту және қыздыру құралдарын, электр қондырғыларын, радио және теледидарларды, сондай-ақ ТТС, ЖС мен ЖГ ұсатуда және сақтауда өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрттерді табу, хабарландыру және сөндіру құралдары.
4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрттегі әрекеттер
Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылысы және қолдану ережелері. Ұйымдарды, базаларды, қоймаларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Автоматты жүйелер: өрт туралы хабарлау, түтін жою және өрт сөндіру. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің құрылысы мен пайдалану ережелері. Өрт (тұтану) пайда болған жағдайда қызметкерлердің қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жасайтын әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күтіп алу және оларға еріп жүру. Адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.
5-тақырып. Практикалық сабақтар
Персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру
Кәсіпорын иелері кооперативтерінің басшылары мен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
р/с № |
Тақырыптың атауы |
Сағаттар |
1 |
Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар |
1 |
2 |
Тұрғын үйдегі ұйымдастырушылық өртке қарсы іс-шаралар |
2 |
3 |
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрттен қорғау жүйелері мен өрт кезіндегі персоналдың әрекеттері |
3 |
4 |
Практикалық сабақтар |
3 |
Жалпы сағат саны |
9 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Тұрғын үйдегі ұйымдастырушылық өртке қарсы іс-шаралар
Қоғамдық ғимараттарда болған өрттерді қысқаша шолу. Офистерде болған аса сипатты өрттердің үлгілері. Олардың талдауы мен себептері. Өрт қауіпсіздігі шараларын жүзеге асыру жөніндегі мекеме басшыларының міндеттері. Өртке қарсы тәртіпті орнату жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралар. Қызметкерлерді жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету және өрт пайда болған жағдайда олардың әрекеттері. Мекемелерде өрт-техникалық комиссияларын құру, олардың міндеттері мен тәжірибелік қызметі.
3-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары. Өрт кезіндегі әрекеттер және өртке қарсы қызметін шақырту
Алғашқы өрт сөндіру құралдары және тұтану кезінде оларды пайдалану. Автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің мақсаты мен жұмыс істеу принципі. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты мен пайдалану ережелері. Өрт сөндіруде алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру құрал-саймандарын қолдану. Мекемелерді өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт кезінде жұмыскерлердің әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерін шақырту және өрт орнына оларға ілесіп бару. Қабаттылығы жоғары және адамдар жаппай болатын үй-жайларда эвакуациялауды жүргізу тәртібі. Қалың түтін басқан жағдайдағы әрекеттер. Үрей жағдайдың алдын алу жөніндегі әрекеттер. Өртте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
4-тақырып. Практикалық сабақ
Персоналды эвакуациялау жөніндегі жаттығуларды ұйымдастыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру.