Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2014 № 862 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жылғы сәуір, № 4) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және оларды басқару құқығына арналған куәліктерді беру ережесіне:
11-тармақтың 6-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма бір жасқа толған, кем дегенде үш жыл жүргізуші өтілі бар, оның ішінде «С» санатына жататын көлік құралдарын кем дегенде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға - «Д» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін, сондай-ақ троллейбустар мен трамвайларды басқару құқығын алуға».
2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Қасымов