Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 06-3/471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қыркүйекте № 7170 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 4-4/256 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2014 № 4-4/256 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).     

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру»;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.                   С. Хасенов

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы  
№ 06-3/471 бұйрығына    
1-қосымша           

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында
алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік
қызмет регламенті

1. Жалпы ұғымдар

      1. Осы «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызметі регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4) тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы 13-бабының 4-1) тармағы;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы (бұдан әрі – Ереже);
      3) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      6. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификатты (бұдан әрі – карантиндік сертификат) қағаз тасығышта беру немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелдi бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негізі Қаулымен бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартының 16-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияларда демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 18.30-ға дейін алуға болады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Регламент аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) тұтынушы тиісті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – үш жұмыс күн ішінде;
      2) карантиндік сертификатты алуға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға күтудің рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсетудің уақыты – 40 минуттан аспайды.
      11. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылатын карантиндік сертификат нысаны Ереженің 9-қосымшасында көзделген.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдауды аумақтық инспекцияның бір маманы жүзеге асырады.
      Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және фитосанитариялық сертификатты алуға ұсынылатын құжаттарды тапсырады;
      2) қабылданған құжаттарды аумақтық инспекцияның кеңсесі қарастырып, бақылауға қояды;
      3) тіркелген, дұрыс ресімделген құжаттар аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына және одан кейін карантиндік сертификатты рәсімдеуге уәкілетті өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға (бұдан әрі – уәкілетті инспектор) беріледі;
      4) уәкілетті инспектор өтініштің дұрыс ресімделгенін қарастырады, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін анықтау үшін тексеруге барады (қажет болса үлгілер мемлекеттік өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жүйесіне енгізілген ұйымдарға сараптамаға жіберіледі), арнайы әзірленген бланкіде карантиндік сертификатты ресімдейді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды әзірлейді;
      5) ресімделген карантиндік сертификатқа уәкілетті инспектор қол қояды және мөрмен (мөртабанмен) растайды, жазбаша түрде дәлелді бас тартуға аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы қол қояды;
      6) карантиндік сертификат немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту тұтынушыға беріледі.
      15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері;
      2) аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
      3) жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор).
      17. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
      18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.

«Карантинге жатқызылған 
өнімді Қазақстан Республикасы
аумағында алып өтуге   
карантинді сертификаттар  
беру» мемлекеттік қызмет 
регламентіне 1-қосымша  

ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (ресімдері) реттілігі
сипаттамасы мен өзара байланысы

1-кесте. ҚФБ әрекеттірінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Құжаттар қабылдауға уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

Жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор)

Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

Құжаттар беруге уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

3

Әрекет (үрдіс, рәсім, операция) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, толықтығын тексеру

Құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыны айқындау

Құжаттарды өсімдіктер карантині саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін айқындау

Дәлелді бас тартуға қол қою

Карантиндік сертификатты немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-реттеулік шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру, құжаттарды аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына жіберу

Бұрыштама қою

Карантиндік сертификатты ресімдеу немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды әзірлеу

Дәлелді бас тарту

Тұтынушының қол қоюмен карантиндік сертификатты немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

2 сағат

1-2 жұмыс күні

2 сағат

30 минут

6

Келесі әрекет №

2

3

4

5

6

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Құжаттарды қабылдау мен беруге уәкілетті Аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

ҚФБ 2-тобы
Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

ҚФБ 3-тобы
Жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор)

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, құжаттарды аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына жолдау

№ 2-әрекет Құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыны айқындау

№ 3-әрекет
Құжаттарды өсімдіктер карантині саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін айқындау, карантиндік сертификатты арнайы әзірленген бланкіде ресімдеу

№ 4-әрекет Карантиндік сертификатты берілген сертификаттар журналына тіркеу. Тұтынушыға карантиндік сертификат беру



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Құжаттарды қабылдау мен беруге уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

ҚФБ 2-тобы
Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

ҚФБ 3-тобы
Жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор)

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, құжаттарды аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына жолдау

№ 2-әрекет
Құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыны айқындау

№ 3-әрекет
Құжаттарды өсімдіктер карантині саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін айқындау, жазбаша түрде дәлелді бас тартуды әзірлеу


№ 4-әрекет
Дәлелді бас тартуға қол қою


№ 5-әрекет
Дәлелді бас тартуды тіркеу, тұтынушыға беру



«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасы аумағында
алып өтуге карантиндік   
сертификаттар беру»    
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша         

ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі
арасындағы өзара байланысты көрсететін схема
 
 


Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы    
№ 06-3/471 бұйрығына      
2-қосымша            

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ұғымдар

      1. Осы «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызметі регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4) тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы 13-бабының 4) тармағы;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы (бұдан әрі – Ереже);
      3) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      6. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты қағаз тасығышта немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелдi бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту Қаулымен бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 16-тармағында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияларда демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 18.30-ға дейін алуға болады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Регламент аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) тұтынушы тиісті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – бес жұмыс күн ішінде;
      2) фитосанитариялық сертификатты алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға күтудің рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсетудің уақыты – 40 минуттан аспайды.
      11. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылатын  фитосанитариялық сертификат нысаны Ереженің 7-қосымшасында көзделген.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттар қабылдауды аумақтық инспекцияның бір маманы жүзеге асырады.
      Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және фитосанитариялық сертификатты алуға ұсынылатын құжаттарды тапсырады;
      2) қабылданған құжаттарды аумақтық инспекцияның кеңсесі қарастырып, бақылауға қояды;
      3) тіркелген, дұрыс ресімделген құжаттар аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына және одан кейін фитосанитариялық сертификатты рәсімдеуге уәкілетті өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға (бұдан әрі – уәкілетті инспектор) беріледі;
      4) уәкілетті инспектор өтініштің дұрыс ресімделгенін қарастырады, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін анықтау үшін тексеруге барады (қажет болса үлгілер мемлекеттік өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жүйесіне енгізілген ұйымдарға сараптамаға жіберіледі), арнайы әзірленген бланкіде фитосанитариялық сертификатты ресімдейді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды әзірлейді;
      5) ресімделген фитосанитариялық сертификатқа уәкілетті инспектор қол қояды және мөрмен (мөртабанмен) растайды, жазбаша түрде дәлелді бас тартуға аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы қол қояды;
      6) фитосанитариялық сертификат немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту тұтынушыға беріледі.
      15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері;
      2) аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
      3) жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор).
      17. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
      18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.

«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге әкетуге фитосанитариялық
сертификаттар беру» мемлекеттік
қызметі регламентіне 1-қосымша

ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (ресімдері) реттілік
сипаттамасы мен өзара байланысы

1-кесте. ҚФБ әрекеттірінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Құжаттар қабылдауға уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

Жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор)

Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

Құжаттар беруге уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

3

Әрекет (үрдіс, рәсім, операция) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, толықтығын тексеру

Құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыны айқындау

Құжаттарды өсімдіктер карантині саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін айқындау

Дәлелді бас тартуға қол қою

Фитосанитариялық сертификатты немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-реттеулік шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру, құжаттарды аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына жіберу

Бұрыштама қою

Фитосанитариялық сертификатты ресімдеу немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу

Дәлелді бас тарту

Тұтынушының қол қоюмен фитосанитариялық сертификатты немесе дәлелді бас тартуды беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

2 сағат

3-4 жұмыс күні

2 сағат

30 минут

6

Келесі әрекет №

2

3

4

5

6

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Құжаттарды қабылдау мен беруге уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

ҚФБ 2-тобы
Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы

ҚФБ 3-тобы
Жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор)

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, құжаттарды аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына жолдау

№ 2-әрекет
Құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыны айқындау

№ 3-әрекет
Құжаттарды өсімдіктер карантині саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін айқындау, фитосанитариялық сертификатты арнайы әзірленген бланкіде ресімдеу

№ 4-әрекет
Фитосанитариялық сертификатты берілген сертификаттар журналына тіркеу. Тұтынушыға фитосанитариялық сертификат беру



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Құжаттарды қабылдау мен беруге уәкілетті аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері

ҚФБ 2-тобы
Аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшенің бастығы

ҚФБ 3-тобы
Жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор)

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, құжаттарды аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына жолдау

№ 2-әрекет
Құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыны айқындау

№ 3-әрекет
Құжаттарды өсімдіктер карантині саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін айқындау, дәлелді бас тартуды әзірлеу


№ 4-әрекет
Дәлелді бас тартуға қол қою


№ 5-әрекет
Дәлелді бас тартуды тіркеу, тұтынушыға беру



«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге әкетуге фитосанитариялық
сертификаттар беру»    
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша         

ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы
өзара байланысты көрсететін схема

Об утверждении регламентов государственных услуг в области карантина растений

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 августа 2011 года № 06-3/471. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 сентября 2011 года № 7170. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 мая 2014 года № 4-4/256

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 06.05.2014 № 4-4/256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан
от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые регламенты государственных услуг:
      1) «Выдача карантинных сертификатов на перемещение подкарантинной продукции на территории Республики Казахстан» согласно  приложению 1 к настоящему приказу;
      2) «Выдача фитосанитарных сертификатов на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан» согласно приложению 2 
к настоящему приказу.
      2. Департаменту развития земледелия и фитосанитарной безопасности (Буць А.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       С. Хасенов

Приложение 1             
к приказу и.о. Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан         
от 12 августа 2011 года № 06-3/471

Регламент государственной услуги
«Выдача карантинных сертификатов на перемещение подкарантинной
продукции на территории Республики Казахстан»

1. Общие положения

      1. Настоящий регламент государственной услуги «Выдача карантинных сертификатов на перемещение подкарантинной продукции на территории Республики Казахстан» (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах».
      2. Государственную услугу предоставляют областные, районные (городов областного значения), городов Астана и Алматы территориальные инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – теринспекции).
      3. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      4. Государственная услуга предоставляется на основании:
      1) пункта 4-1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года «О карантине растений»;
      2) постановления Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1730 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов» (далее – Правила);
      3) постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2011 года № 485 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области фитосанитарной безопасности и семеноводства и внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745» (далее – Постановление).
      5. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам (далее – потребитель).
      6. Результатом предоставляемой государственной услуги является выдача карантинного сертификата на перемещение подкарантинной продукции на территории Республики Казахстан (далее – карантинный сертификат) на бумажном носителе, либо письменный мотивированный отказ в его выдаче.
      Основания для отказа в предоставлении государственной услуги указаны в пункте 16 Стандарта государственной услуги «Выдача карантинных сертификатов на перемещение подкарантинной продукции на территории Республики Казахстан», утвержденного Постановлением (далее - Стандарт).
      7. В процессе оказания государственной услуги участие других государственных органов не предусмотрено.

2. Требования к оказанию государственной услуги

      8. Информацию по вопросам оказания государственной услуги, а также о ходе оказания государственной услуги можно получить в соответствующих теринспекциях, адреса которых указаны в приложении 1 к Стандарту, в рабочие дни, кроме выходных и праздничных дней, с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов. Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      9. Регламент размещен на стендах теринспекций, адреса которых указаны в приложении 1 к Стандарту, а также на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан www.minagri.gov.kz в разделе «нормативные правовые акты» в подразделе «приказы Министерства».
      10. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) срок оказания государственной услуги с даты подачи потребителем необходимых документов – в течение трех рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания до получения карантинного сертификата – не более 30 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания потребителя – не более 40 минут.
      11. Форма карантинного сертификата, в соответствии с которым представляется результат оказания государственной услуги, предусмотрена в приложении 9 к Правилам.
      12. Для получения государственной услуги потребитель представляет документы, определенные в пункте 11 Стандарта.
      13. Прием документов для оказания государственной услуги осуществляется одним специалистом теринспекции.
      Потребителю выдается расписка о приеме соответствующих документов в соответствии с пунктом 14 Стандарта.

3. Описание порядка действий (взаимодействия)
в процессе оказания государственной услуги

      14. Этапы оказания государственной услуги:
      1) потребитель подает заявку и предоставлямые документы на получение карантинного сертификата, указанные в пункте 11 Стандарта;
      2) принятые документы рассматриваются, ставятся на контроль канцелярией теринспекции;
      3) зарегистрированные, оформленные надлежащим образом документы передаются начальнику структурного подразделения теринспекции и в последующем государственному инспектору по карантину растений, уполномоченному оформлять карантинный сертификат (далее – уполномоченный инспектор);
      4) уполномоченный инспектор рассматривает правильность оформления заявки, выезжает на досмотр для установления карантинного состояния подкарантинной продукции (при необходимости образцы направляются для экспертизы в организации, включенные в государственную систему обеспечения карантина растений), оформляет карантинный сертификат на специально изготовленном бланке или подготавливает письменный мотивированный отказ;
      5) оформленный карантинный сертификат подписывает и заверяет печатью (штампом) уполномоченный инспектор, письменный мотивированный отказ подписывает начальник структурного подразделения теринспекции;
      6) карантинный сертификат либо письменный мотивированный отказ выдается потребителю.
      15. Требований к информационной безопасности не предусмотрено.
      16. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):
      1) сотрудник канцелярии теринспекции;
      2) начальник структурного подразделения теринспекции;
      3) ответственный исполнитель (уполномоченный инспектор).
      17. Описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) СФЕ приведено в приложении 1 к настоящему регламенту.
      18. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий СФЕ, приведена в приложении 2 к настоящему регламенту.

Приложение 1         
к регламенту государственной услуги
«Выдача карантинных сертификатов на
перемещение подкарантинной продукции
на территории Республики Казахстан»

Описание последовательности и взаимодействие административных
                 действий (процедур) СФЕ

                 Таблица 1. Описание действий СФЕ

Действия основного процесса (хода, потока работ)

1

№ действия (хода, потока работ)

1

2

3

2

Наименование СФЕ

Сотрудник
канцелярии
теринспекции,
уполномоченный
на прием
документов

Начальник
структурного
подразделения
теринспекции

Ответственный
исполнитель
(уполномоченный
инспектор)

3

Наименование действия
(процесса, процедуры,
операции) и их
описание

Проверка
полноты
документов,
прием

Рассмотрение
документов и
определение
ответственного
исполнителя

Рассмотрение документов
на соответствие их
установленным
требованиям
законодательства в
области карантина
растений, определение
карантинного состояния
подкарантинной продукции

4

Форма завершения
(данные, документ,
организационно-
распорядительное
решение)

Регистрация
в журнале и
выдача
расписки,
направление
документов
начальнику
структурного
подразделения

Наложение
резолюции

Оформление карантинного
сертификата либо
подготовка письменного
мотивированного отказа

5

Сроки исполнения

30 минут

2 часа

1-2 рабочих дня

6

№ следующего действия

2

3

4

1

№ действия
(хода, потока работ)

4

5

2

Наименование СФЕ

Начальник
структурного
подразделения
теринспекции

Сотрудник канцелярии теринспекции,
уполномоченный на выдачу документов

3

Наименование действия
(процесса, процедуры,
операции) и их
описание

Подписание
мотивированного
отказа

Регистрация карантинного сертификата или
мотивированного отказа

4

Форма завершения
(данные, документ,
организационно-
распорядительное
решение)

Мотивированный
отказ

Выдача потребителю карантинного
сертификата или письменного
мотивированного отказа под роспись

5

Сроки исполнения

2 часа

30 минут

6

№ следующего действия

5

6

           Таблица 2. Варианты использования. Основной процесс

Группа 1 СФЕ
Сотрудник канцелярии
теринспекции,
уполномоченный на прием и
выдачу документов

Группа 2 СФЕ
Начальник структурного
подразделения
теринспекции

Группа 3 СФЕ
Ответственный исполнитель
(уполномоченный инспектор)

Действие № 1 Прием
документов,выдача
расписки, регистрация в
журнале, направление
документов начальнику
структурного подразделения

Действие № 2 Рассмотрение
документов и определение
ответственного
исполнителя

Действие № 3 Рассмотрение
документов на соответствие их
установленным требованиям
законодательства в области
карантина растений, определение
карантинного состояния
подкарантинной продукции,
оформление карантинного
сертификата на специально
изготовленном бланке

Действие № 4 Регистрация
карантинного сертификата в
Журнале выданных
сертификатов.
Выдача потребителю
карантинного сертификата



       Таблица 3. Варианты использования. Альтернативный процесс

Группа 1 СФЕ Сотрудник
канцелярии теринспекции,
уполномоченный на прием и
выдачу документов

Группа 2 СФЕ Начальник
структурного
подразделения
теринспекции

Группа 3 СФЕ Ответственный
исполнитель (уполномоченный
инспектор)

Действие № 1 Прием
документов, выдача
расписки, регистрация в
журнале, направление
документов начальнику
структурного подразделения

Действие № 2 Рассмотрение
документов и определение
ответственного
исполнителя

Действие № 3 Рассмотрение
документов на соответствие их
установленным требованиям
законодательства в области
карантина растений, определение
карантинного состояния
подкарантинной продукции,
подготовка письменного
мотивированного отказа


Действие № 4 Подписание
мотивированного отказа


Действие № 5 Регистрация
мотивированного отказа,
выдача его потребителю



Приложение 2            
к регламенту государственной услуги
«Выдача карантинных сертификатов на
перемещение подкарантинной продукции на
территории Республики Казахстан»

Схема, отражающая взаимосвязь между логической
последовательностью административных действий СФЕ

Приложение 2           
к приказу и.о. Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан      
от 12 августа 2011 года № 06-3/471

Регламент государственной услуги
«Выдача фитосанитарных сертификатов на вывоз
подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан»

1. Общие положения

      1. Настоящий регламент государственной услуги «Выдача фитосанитарных сертификатов на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан» (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах».
      2. Государственную услугу предоставляют областные, районные (городов областного значения), города Астана и Алматы территориальные инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – теринспекции).
      3. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      4. Государственная услуга предоставляется на основании:
      1) пункта 4 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года «О карантине растений»;
      2) постановления Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1730 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов» (далее – Правила);
      3) постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2011 года № 485 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области фитосанитарной безопасности и семеноводства и внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745» (далее – Постановление).
      5. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам (далее – потребитель).
      6. Результатом предоставляемой государственной услуги является выдача фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан на бумажном носителе, либо письменный мотивированный отказ в его выдаче.
      Основания для отказа в предоставлении государственной услуги указаны в пункте 16 Стандарта государственной услуги «Выдача фитосанитарных сертификатов на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан», утвержденного Постановлением (далее - Стандарт).
      7. В процессе оказания государственной услуги участие других государственных органов не предусмотрено.

2. Требования к оказанию государственной услуги

      8. Информацию по вопросам оказания государственной услуги, а также о ходе оказания государственной услуги можно получить в соответствующих теринспекциях, адреса которых указаны в приложении 1 к Стандарту, в рабочие дни, кроме выходных и праздничных дней, с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов. Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      9. Регламент размещен на стендах теринспекций, адреса которых указаны в приложении 1 к Стандарту, а также на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан www.minagri.gov.kz в разделе «нормативные правовые акты» в подразделе «приказы Министерства».
      10. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) срок оказания государственной услуги с даты подачи потребителем предоставляемых документов – в течение пяти рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания до получения фитосанитарного сертификата – не более 30 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания потребителя – не более 40 минут.
      11. Форма фитосанитарного сертификата, в соответствии с которой представляется результат оказания государственной услуги, предусмотрена в приложении 7 Правил.
      12. Для получения государственной услуги потребитель представляет документы, определенные в пункте 11 Стандарта.
      13. Прием документов для оказания государственной услуги осуществляется одним специалистом теринспекции.
      Потребителю выдается расписка о приеме соответствующих документов в соответствии с пунктом 14 Стандарта.

3. Описание порядка действий (взаимодействия)
в процессе оказания государственной услуги

      14. Этапы оказания государственной услуги:
      1) потребитель подает заявку и предоставляемые документы на получение фитосанитарного сертификата, указанные в пункте 11 Cтандарта;
      2) принятые документы рассматриваются, ставятся на контроль канцелярией теринспекции;
      3) зарегистрированные, оформленные надлежащим образом документы передаются начальнику структурного подразделения теринспекции и в последующем государственному инспектору по карантину растений, уполномоченному оформлять фитосанитарный сертификат (далее – уполномоченный инспектор);
      4) уполномоченный инспектор рассматривает правильность оформления заявки, выезжает на досмотр для установления карантинного состояния подкарантинной продукции (при необходимости образцы направляются для экспертизы в организации, включенные в государственную систему обеспечения карантина растений), оформляет фитосанитарный сертификат на специально изготовленном бланке или подготавливает письменный мотивированный отказ;
      5) оформленный фитосанитарный сертификат подписывает и заверяет печатью (штампом) уполномоченный инспектор, письменный мотивированный отказ подписывает начальник структурного подразделения теринспекции;
      6) фитосанитарный сертификат либо письменный мотивированный отказ выдается потребителю.
      15. Требований к информационной безопасности не предусмотрено.
      16. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):
      1) сотрудник канцелярии теринспекции;
      2) начальник структурного подразделения теринспекции;
      3) ответственный исполнитель (уполномоченный инспектор).
      17. Описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) СФЕ приведено в приложении 1 к настоящему регламенту.
      18. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий СФЕ, приведена в приложении 2 к настоящему регламенту.

Приложение 1        
к регламенту государственной услуги
«Выдача фитосанитарных    
сертификатов на вывоз   
подкарантинной продукции за
пределы Республики Казахстан»

Описание последовательности и взаимодействие административных
                     действий (процедур) СФЕ

                 Таблица 1. Описание действий СФЕ

Действия основного процесса (хода, потока работ)

1

№ действия
(хода, потока работ)

1

2

3

2

Наименование СФЕ

Сотрудник
канцелярии
теринспекции,
уполномоченный
на прием
документов

Начальник
структурного
подразделения
теринспекции

Ответственный
исполнитель
(уполномоченный
инспектор)

3

Наименование действия
(процесса, процедуры,
операции) и их
описание

Проверка
полноты
документов,
прием

Рассмотрение
документов и
определение
ответственного
исполнителя

Рассмотрение документов
на соответствие их
установленным
требованиям
законодательства в
области карантина
растений, определение
карантинного состояния
подкарантинной продукции

4

Форма завершения
(данные, документ,
организационно-
распорядительное
решение)

Регистрация
в журнале и
выдача
расписки,
направление
документов
начальнику
структурного
подразделения
теринспекции

Наложение
резолюции

Оформление
фитосанитарного
сертификата либо
подготовка письменного
мотивированного отказа

5

Сроки исполнения

30 минут

2 часа

3-4 рабочих дня

6

№ следующего действия

2

3

4

1

№ действия (хода,
потока работ)

4

5

2

Наименование СФЕ

Начальник структурного
подразделения теринспекции

Сотрудник канцелярии
теринспекции,
уполномоченный на выдачу
документов

3

Наименование действия
(процесса, процедуры,
операции) и их
описание

Подписание мотивированного
отказа

Регистрация
фитосанитарного
сертификата или
мотивированного отказа

4

Форма завершения
(данные, документ,
организационно-
распорядительное
решение)

Мотивированный отказ

Выдача потребителю
фитосанитарного
сертификата или
письменного
мотивированного отказа
под роспись

5

Сроки исполнения

2 часа

30 минут

6

№ следующего действия

5

6

            Таблица 2. Варианты использования. Основной процесс

Группа 1 СФЕ Сотрудник
канцелярии теринспекции,
уполномоченный на прием и
выдачу документов

Группа 2 СФЕ Начальник
структурного
подразделения
теринспекции

Группа 3 СФЕ Ответственный
исполнитель (уполномоченный
инспектор)

Действие № 1 Прием
документов, выдача
расписки, регистрация в
журнале, направление
документов начальнику
структурного подразделения
теринспекции

Действие № 2 Рассмотрение
документов и определение
ответственного
исполнителя

Действие № 3 Рассмотрение
документов на соответствие их
установленным требованиям
законодательства в области
карантина растений, определение
карантинного состояния
подкарантинной продукции,
оформление фитосанитарного
сертификата на специально
изготовленном бланке

Действие № 4 Регистрация
фитосанитарного
сертификата в Журнале
выданных сертификатов.
Выдача потребителю
фитосанитарного
сертификата



        Таблица 3. Варианты использования. Альтернативный процесс

Группа 1 СФЕ Сотрудник
канцелярии теринспекции,
уполномоченный на прием и
выдачу документов

Группа 2 СФЕ Начальник
структурного
подразделения
теринспекции

Группа 3 СФЕ Ответственный
исполнитель (уполномоченный
инспектор)

Действие № 1 Прием
документов, выдача
расписки, регистрация в
журнале, направление
документов начальнику
структурного подразделения

Действие № 2 Рассмотрение
документов и определение
ответственного
исполнителя

Действие № 3 Рассмотрение
документов на соответствие их
установленным требованиям
законодательства в области
карантина растений, определение
карантинного состояния
подкарантинной продукции,
подготовка письменного
мотивированного отказа


Действие № 4 Подписание
мотивированного отказа


Действие № 5 Регистрация
мотивированного отказа,
выдача его потребителю



Приложение 2       
к регламенту государственной
услуги «Выдача фитосанитарных
сертификатов на вывоз  
подкарантинной продукции за
пределы Республики Казахстан»

Схема, отражающая взаимосвязь между логической
последовательностью административных действий СФЕ