Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1730 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығын қараңыз.


      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 31, 311-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 24, 241-құжат).
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1730 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      алып қою актісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнімді алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
      карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру - карантинге жатқызылған өнімді пестицидтермен, оның ішінде фумиганттармен өңдеу (газды дезинсекция), карантиндік және басқа зиянды организмдерді жою мақсатында рефрижерациялау (жемістерді салқындату), сондай-ақ жүктерді және көлік құралдарын арамшөптерден босату үшін оларды тазалаудың механикалық тәсілдерін қолдану;
      Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау - әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды өткізуге бағытталған фитосанитариялық шаралар кешені;
      карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;
      карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны;
      карантиндік зертхана - мемлекеттік мекеменің карантинге жатқызылған импорттық және отандық өнімдегі карантиндік объектілерді анықтау мәніне олардың үлгілеріне сараптама жүргізілетін және объектілердің карантиндік және бөтен текті түрлерге тиесілілігі белгіленетін, аспаптармен және карантиндік объектілер жөніндегі әдебиетпен жабдықталған стационарлық зертханасы;
      карантиндік тексеру - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру;
      карантиндік тексеру актісі - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру сәтіндегі куәландыратын, карантинге жатқызылған өнімнің және көлік құралының жүк орнының карантиндік жай-күйін растайтын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
      карантиндік хабарлама - өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органды алдағы уақытта карантинге жатқызылған өнімнің түсетіні, оның жай-күйі және (немесе) ол жеткізілетін пунктте егжей-тегжейлі тексеру қажеттігі туралы хабардар етуші құжат;
      қайтару актісі - әкелуге жатпайтын карантинге жатқызылған импорттық өнімді қайтаруға немесе карантинге жатқызылған өнімді тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауға көрсетуден бас тартқан жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
      өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      өсімдіктер - тұқымдарын қоса алғанда, тірі өсімдіктер және олардың бөліктері;
      өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру мен тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
      өсімдік салымдары - почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауға жататын өсімдік тектес өнім;
      өсімдіктердің сыртқы карантині - карантиндік объектілердің карантинге жатқызылған өнімнің импортымен әкелінуінің және экспортымен әкетілуінің алдын алуға бағытталған өсімдіктер карантині;
      өсімдік тектес өнім - өзінің табиғаты және (немесе) қайта өңдеу тәсілі бойынша карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының аумағына енуі және (немесе) онда таралуы қатерін төндіретін қайта өңделмеген өсімдік тектес материал (шикізат);
      өсімдіктердің ішкі карантині - карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының ішінде таралуының алдын алуға, карантиндік объектілердің ошақтарын уақтылы анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған өсімдіктер карантині;
      рефрижерация - жеміс шыбындарынан және олардың дернәсілдерінен залалсыздандыру мақсатында жаңа піскен цитрус жемістерін арнайы ыдыстарда тоңазыту;
      транзит елі - карантинге жатқызылған өнім сақталмай, бөліктерге бөлінбей, қайта оралмай өтетін және осы елде карантиндік объектілермен залалдану қатеріне ұшырамайтын ел;
      фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-түс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
      карантинге жатқызылған өнім тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнім тізбесі;
      карантиндік қарау - ыдысты, ораманы ашпастан және үлгілер іріктеп алмастан карантинге жатқызылған өнімді, оның ішінде көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын көру арқылы тексеру.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2014 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға бағытталған.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар:
      ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың тұқымдары мен отырғызылатын материалын, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), басқа өсімдік тектес өнімге;
      жәндіктердің, өсімдіктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, гербарийлерге және тұқымдар коллекцияларына;
      почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы  өсімдік салымдарына;
      көкөністерге, жемістерге, жидектерге, саңырауқұлақтарға, сондай-ақ жаңғақтарға, жер жаңғағына, ұнға, жармаға, дәнді кофеге, какао-бұршаққа, кептірілген жемістер мен көкөністерге, темекіге және шикі қантқа;
      азық-түліктік, жемдік және техникалық астыққа және оның қайта өңделген өнімдеріне, копраға, ашытқыға, күнжараға, жомға, мақтаның, зығырдың және басқа жіп иіру дақылдарының талшықтарына, дәрілік өсімдік шикізатына, сондай-ақ былғары шикізатына және жүнге;
      ыдысқа, ағашқа, буып-түю материалдарына (синтетикалықтарды қоспағанда), топырақ құймалары мен үлгілеріне;
      басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтардан келген көлік құралдарына;
      өсімдік тектес өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, шаруа (фермер), үй маңы және саяжай қожалықтарының аумағына және үй-жайларына;
      ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге қолданылады.
      5. Қызметі өсімдік текті өнімді өндіруге, дайындауға, сатуға, тасымалдауға байланысты жеке тұлғалар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары осы ұйымдарда карантиндік іс-шаралардың орындалуына жауапты адамдарды айқындайды және олардың жұмыс істеуі үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді.

2. Карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезіндегі қорғау тәртібі
(өсімдіктердің сыртқы карантині)

      6. Жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге шарттар жасасу кезінде уәкілетті органнан карантиндік объектілердің әкелінуінің алдын алу жөніндегі карантиндік шаралар туралы қажетті ақпарат алады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әкелу шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелу фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген карантинге жатқызылған өнім тізбесіне сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне берілген фитосанитариялық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне немесе өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілмейді.
      12. Импорттық карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, жарамды және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамдарда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа көлік құралдарында тасымалданады.
      13. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде міндетті тексеру шартымен, карантиндік объектілермен залалданудың жасырын нысаны бар карантинге жатқызылған мынадай өнімді:
      ғылыми-селекциялық мақсаттар және сортты сынау үшін тұқымдардың үлгілері мен отырғызу материалын;
      ғылыми-зерттеу мекемелері және ботаникалық бақтар арасында алмасу тәртібімен тұқымдардың үлгілері мен отырғызу материалын әкелуге рұқсат етіледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13-1. Мынадай карантинге жатқызылған өнімді:
      1) көрсетілген өнім отырғызу немесе тұқымдық материал немесе картоп болып табылмайды деген шартпен кеме, ұшақтар, жолаушы вагондар, автокөлік құралдары жолаушыларының, экипаж мүшелерінің қолжүгінде;
      2) № 15 «Ағаш орама материалдарды халықаралық саудада реттеу жөніндегі нұсқаулық» фитосанитариялық шаралары бойынша халықаралық стандартқа сәйкес халықаралық үлгідегі арнайы таңбалау белгісі болған жағдайда ағаш орама және бекіткіш материалдарды;
      3) көлік құралдарынан сыртқа шығару құқығынсыз, көлік құралдарындағы және осы көлік құралдары командалары мен экипаждарының азық-түлік мақсатына арналған карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарын көрсетпестен әкелуге рұқсат етіледі. Көлік құралдарындағы карантиндік объектілермен залалданған азық-түлік қоры өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша залалсыздандырылады, жойылады немесе көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңінде арнайы қойма жайларында пломбаланады.
      Ескерту. Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14. Карантинге жатқызылған өнімді кедендік ресімдеу фитосанитариялық сертификаттарға және әкелуге (әкетуге) рұқсат туралы тауар-көліктік құжаттарға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тиісті белгісін қоя отырып, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан еткеннен кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212  (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
      16. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды уәкілетті органның фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ фитосанитариялық бақылау бекеттерінде, карантииге жатқызылған өнім жеткізілетін пункттерде тексеру осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті актіні ресімдей отырып, карантинге жатқызылған өнімді кедендік тексерудің алдында немесе онымен бір мезгілде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелеріне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы қолданыстағы заңнамасын түсіндіреді, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін және экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуын тексереді, көлікті, карантинге жатқызылған өнімді сыртқы байқауды жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді қарау кезінде оның үстінен, орамадан морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас организмдер, өсімдік аурулары белгілері, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілер бүлдірген белгілер табылған жағдайда карантиндік тексеру жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнен үлгілер іріктеуді, карантиндік зиянкестерді, өсімдіктер ауруларын және арамшөптерді анықтау мақсатында оларды сол жерде зерттеуді жүргізеді. Карантиндік объектілерді сол жерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, үлгілер және объектілер Республикалық карантиндік зертханаға объектілердің карантиндік түрлерге түрлік тиесілілігін растауға жіберіледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға ұсынудан бас тартқан жағдайда, онда бұл өнім экспорттаушы елге оның иесінің есебінен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісін ресімдей отырып, уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарына хабарлайды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      20. Карантиндік объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтарылуға, залалсыздандыруға, карантиндік арамшөптерден тазартылуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды оның иелері төлейді.
      Егер карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, тазарту, қайта өңдеу мүмкін болмаса және оны қайтаруға жағдайлар болмаса, онда бұл өнім Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алынуға және жойылуға жатады.
      Карантиндік объектілермен залалданған ерекше ғылыми немесе өзгеше құндылығы бар тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иелерінің өтініші бойынша тексеру үшін жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерге берілуі мүмкін. Карантиндік объектілермен залалдануы жойылғаннан кейін тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иелеріне қайтарылады.
      Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде почта жөнелтімдерінен, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес алып қою актісі жасалады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      21. Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жеткізу пунктіне әкелуге рұқсат бере отырып, тауар-көліктік ілеспе құжаттарға өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгіде мөртабан қояды және оның иесіне осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша карантиндік тексеру актісін береді.
      Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қадағалау өткізілгеннен кейін фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімдермен жүргізілетін жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша оның иелері жүргізеді.
      Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзушылықтар болмаған жағдайда карантиндік тексеру актісі бір күн ішінде ресімделеді.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Карантиндік бақылаудан еткен және кедендік ресімдеуді фитосанитариялық карантиндік бақылау бекеттерде аяқтаған әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге, сондай-ақ көлік құралдары соңғы түсетін пунктге карантиндік қайта тексеру жүргізілмейді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Карантинге жатқызылған өнім соңғы түсетін пунктте кедендік рәсімдеуді аяқтау үшін карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын екінші тексеруді, талдау мен сараптауға үлгілер іріктеуді кейіннен зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын белгілеуге сараптай отырып, уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы өнімді пайдалану шарттары туралы жазба жасай отырып, тексеру актісі жасалады.
      Объектілердің карантиндік түрлерге тиесілілігін Республикалық карантиндік зертхана растайды.
      Фитосанитариялық сараптама куәліктерін бере отырып, карантиндік объектілердің түрлік құрамын айқындау:
      зиянкестер мен арамшөптер үшін - 3 жұмыс күніне дейінгі;
      өсімдік аурулары - 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Карантинге жатқызылған өнімнің түсетін соңғы пунктте карантиндік объектілер анықталған жағдайда уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы осы Ереженің 20-тармағында айқындалған шараларды қолданады.
      25. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекетаралық шарттарында және келісімдерінде, сондай-ақ импорттаушы елдердің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      26. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкетуге осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның фитосанитариялық сертификаттары болғанда ғана рұқсат етіледі.
      27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттарды береді:
      1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм. Өтінім «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін;
      2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім беруші атынан өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      4) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар ескертілген шарттардың көшірмелері.
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін бастапқы тиеп-жөнелту орындарындағы және екінші рет, теңіз және өзен порттарында (айлақтарда), темір жол станцияларында, әуежайларда, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге объектілерде экспорттық лектерді қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілейді. Қайта тиемей әкету кезінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін ғана қадағалау жүзеге асырылады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптамау негізінде беріледі. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30. Фитосанитариялық сертификаттың түпнұсқасы карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі, көшірмесі уәкілетті органның іс қағазында сақталады.

3. Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау
кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің ішкі карантині)

      31. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      32. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес карантиндік сертификаттар болғанда жүзеге асырылады.
      Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
      33. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды береді:
      1) уәкілетті органға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм не «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады;
      2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және атынан өтінім беруші өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат.
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау негізінде беріледі. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      34. Алып жүру жолында немесе жеткізу пунктінде карантинге жатқызылған өнімнің мекен-жайын өзгерту карантинге жатқызылған өнім иесінің жүгінуі бойынша аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.
      Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім оның жеткізу пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.
      34-1. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүргізуге көрсетпеген жағдайда жүк жіберушіге қайтарылады.
      Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды жүргізу
тәртібі және көлік құралдарын тазарту

      35. Көлік құралдары және карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнім, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарда оны залалсыздандыру көзделген өнім, сондай-ақ карантиндік тұрғыдан әлеуетті қауіпті карантинге жатқызылған өнім өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша залалсыздандыруға жатады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      36. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілер анықталған кезде залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көліктің баска түрлерінде жүргізіледі.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Цитрус дақылдарының жемістерін рефрижерациялауды тоңазытқыш камераларда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың бақылауымен карантинге жатқызылған өнім иелері жүргізеді.
      37. Көлік құралдарының барлық түрлері карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан алынған өнімді тасымалдағаннан кейін қалдықтарды жоя отырып, міндетті түрде тазартуға, ал қажет болған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор айқындаған орындарда фумигациялауға жатады.
      Көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді фумигациялауға дайындауды фумигациялық жасақтар мамандарының басшылығымен карантинге жатқызылған өнім иелері немесе көліктік ұйымдар орындайды.
      38. Карантинге жатқызылған өнімді басқа мемлекеттерде залалсыздандыруды жүргізген кезде фумигациялық жасақтардың мамандары әкелінетін өнімде фумиганттардың қалдық мөлшерінің болуын тексереді.
      39. Залалсыздандыру мен тазарту, карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді қайтару немесе қайта өңдеу, жүктерді, багажды, сәлемдемелерді ашу мен буып-түю, оларды залалсыздандыру орындарына және кері жеткізу карантинге жатқызылған өнім иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Жеке және заңды тұлғалардың
карантиндік шараларды жүргізу тәртібі

      Ескерту. Ереже 5-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      40. Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, әзірлеумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар:
      1) егістерді, аумақтарды, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді;
      2) карантиндік объектілер табылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді;
      3) карантиндік арамшөптермен ластанған тұқымды себу үшін пайдаланбайды;
      4) карантиндік объектілер тараған аймақта әзірленген карантинге жатқызылған өнімді бөлек сақтайды және тазалайды;
      5) импорттық карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймалық жайларды жылына кемінде бір рет профилактикалық залалсыздандыру жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарының талаптарын сақтайды және орындайды.

6. Жергілікті атқарушы органдардың карантиндік шараларды жүргізу тәртібі

      Ескерту. Ереже 6-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      41. Облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді.
      Аудандар мен ауылдық округтарда карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу үшін облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бұйрығымен маман тіркейді.
      42. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымы бойынша теміржол станцияларында, теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, автовокзалдарда (автостанцияларда), ішкі сауда объектілерінде, почта байланысы ұйымдарында және өзге де объектілерде карантиндік аймақтарда жеке және заңды тұлғалардың - осы объектілердің иелерінің, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады.
      43. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

7. Карантин белгілеу мен оны алып тастау тәртібі

      Ескерту. Ереже 7-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      44. Карантиндік объектілер анықталғанда таралу шекарасын көрсете отырып, карантиндік объектінің түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді.
      Уәкілетті орган облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен бірлесе отырып:
      1) фитосанитариялық бақылау бекеттерін айқындайды;
      2) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін әзірлейді;
      3) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін бір жұмыс күні ішінде жеке, заңды тұлғалардың және карантиндік аймақ халқының назарына жеткізеді.
      45. Карантиндік аймақтарда карантиндік объектілер залалдаған карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгізіледі.
      Карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік аймақтардан облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) тыс жерлерге әкету уақытша ұйымдастырылған фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы және карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден — фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда.
      Карантиндік аймақты әкетілген карантинге жатқызылған залалданған өнім қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеуші ұйымдарға берілуге тиіс.
      Карантинге жатқызылған залалданған өнімді залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуға және жойылуға тиіс.
      46. Карантиндік аймақтан алып тастау жүйелік зерттеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Егер карантиндік аймақты белгілеу сәтінен бастап үш жыл бойы карантиндік объектілер анықталмаса, уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы аумақтан карантиндік аймақ алынып тасталады.

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден  
қорғау жөніндегі ережеге   
1-қосымша           

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден  
қорғау жөніндегі ережеге   
2-қосымша          

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының  
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден  
қорғау жөніндегі ережеге   
3-қосымша           

N ___ карантиндік тексеру актісі
_____________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)

      Мен, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ тиесілі
      (заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның аты-жөні)
карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын тексеруді және карантиндік сараптамаға арналған үлгілерді іріктеуді жүргіздім.
Өнімнің (көлік құралдарының) атауы __________________________________
_____________________________________________________________________
Саны (лек салмағы, орын саны және басқалары) ________________________
Карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жері __________________________
_____________________________________________________________________
_____________ берген 20__ жылғы "__" ____________ N ___ сертификат
Саны ______ дана, салмағы ______ кг орташа үлгілер іріктеліп алынды.
Тексеру нәтижесінде анықталды _____________________________________________________________________
Өсімдіктер карантині жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу талап етіледі: ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Акт карантинге жатқызылған өнім иесінің өкілі _______________________
_________________________________________________ қатысуымен жасалды.
          (лауазымы, қолы, аты-жөні)

Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор    _______________    _________________________
                             (қолы)                (аты-жөні)
Өкіл                     _______________    _________________________
                             (қолы)                (аты-жөні)

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден  
қорғау жөніндегі ережеге   
4-қосымша           

________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)

N ___ карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі

      Осы актіні мемлекеттік инспектор ______________________________
_____________________________________________________________________
теміржол станциясы (автоөткел) өкілінің және (немесе) кеден және шекара органдары өкілдерінің ________________________________________
__________________________________________________ қатысуымен жасады.
200_ жылғы "__" ______________  ___________________________
вагон N N _________________________________________
Саны __________ тн/кг, _________________ орын өсімдік тектес
карантинге жатқызылған өнім ___________________________ түсті.
Жіберуші ____________________________________________________________
Экспедитор __________________________________________________________
Алушы _______________________________________________________________
Көрсетілген жүк "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес _______________________________
себебі бойынша қайтарылды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор      ________________   _______________________
                                (қолы)               (аты-жөні)
Актінің көшірмесі берілді  ________________   _______________________
                                (қолы)               (аты-жөні)
      200_ жылғы "__" ____________

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден  
қорғау жөніндегі ережеге   
5-қосымша           

___________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)

Алып қою актісі

      Кімге: ________________________________________________________
______________________________________________________________ иесіне
Осымен төменде санамаланған карантинге жатқызылған өнім мынадай себептер бойынша алынғандығы куәландырылады:
өнім ___________________________________________________ залалданған.
Бұл өнімнің импортына тыйым салынған.
Фитосанитариялық сертификат мынадай себептер бойынша жарамсыз:
_____________________________________________________________________
Басқа себептер: _____________________________________________________
Қабылданған шаралар: ________________________________________________
Жою _________________________________________________________________
Қайтару _____________________________________________________________
Залалсыздандыру _____________________________________________________
Залалданған өнімдерді карантинге жатқызылған өнімнен алып тастау ____
Басқалары: __________________________________________________________
Алынған карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны:
(бүкіл өнім немесе оның бір бөлігі) _________________________________
Карантинге жатқызылған өнім туралы мәліметтер:
Экспорттаушының мекен-жайы: _________________________________________
Карантинге жатқызылған өнімді алушының мекен-жайы: __________________
Айырма белгілері (таңбасы): _________________________________________
Жеткізу құралдары: __________________________________________________
N ___ фитосанитариялық сертификат
____________ (ұйымның атауы) берген        Берілген уақыты __________

Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор      _____________      _______________________
                              (қолы)                (аты-жөні)
      М.О.                   200_ жылғы "__" _____________________

Қазақстан Республикасының  
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден 
қорғау жөніндегі ережеге  
6-қосымша          

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының  
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден 
қорғау жөніндегі ережеге  
7-қосымша          

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      

      

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден   
қорғау жөніндегі ережеге    
8-қосымша           

_____________________________________________________________________
(өсімдік карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
_____________________________________________________________________
бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң
аты
_____________________________________________________________________
(бар болса)
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді
әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын:
1) __________________________________________________________________
  (карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы)
2) __________________________________________________________________
                      (өсімдіктің ботаникалық атауы)
3) __________________________________________________________________
       (жүк алушы, карантинге жатқызылған өнімнің жүк алушысының
_____________________________________________________________________
                               мекенжайы)
4) __________________________________________________________________
            (карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны)
5) __________________________________________________________________
   (фитосанитариялық талаптарға сәйкес фитосанитариялық сертификаттың
_____________________________________________________________________
        қосымша декларациясында көрсетілуі қажет мәліметтер)
6) __________________________________________________________________
            (зарарсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер)
7) __________________________________________________________________
(шартта (келісімшартта) немесе фитосанитариялық талаптарда көзделген
_____________________________________________________________________
         карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру тәсілі)
8) __________________________________________________________________
   (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
         жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы)
9) __________________________________________________________________
    (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
                жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция)
10) _________________________________________________________________
      (карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау)
_____________________________________________________________________
                   қандай температурада жүргізілді)
11) _________________________________________________________________
    (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
       жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы)
12) _________________________________________________________________
           (карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат)
13) _________________________________________________________________
                         (импорттаушы елдің атауы)
14) _________________________________________________________________
           (карантинге жатқызылатын өнім жеткізілетін мекенжай)
15) _________________________________________________________________
        (көлік түрі, көлік құралының нөмірі немесе кеменің атауы,
_____________________________________________________________________
                              тасымалдау түрі)
16) _________________________________________________________________
             (карантинге жатқызылған өнімнің сапар бағдары)
17) _________________________________________________________________
               (тиеп - жөнелту күні, тиеп - жөнелту орны)
18) _________________________________________________________________
        (сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын
               импортаушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауы)
19) _________________________________________________________________
                (карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел)

Басшы _______________   _____________________________________________
           (қолы)           (Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

Мөр орны 20__ жылғы «___» _______________

Қазақстан Республикасының  
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден 
қорғау жөніндегі ережеге  
9-қосымша          

      Ескерту. 9-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

N ____ карантиндік сертификат

_____________________________________________________________________
      (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)
Берілген уақыты 20__ жылғы "__"    20__ жылғы "__" дейін жарамды
1. __________________________________________________________________
          (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні)
_____________________________________________________________________
мынадай карантинге жатқызылған өнімді _______________________________
_____________________________________________________________________
   (қайда, кімге, алушының нақты атауы мен мекен-жайы көрсетілсін)
___________________________________________________ шығаруға берілді.
             (почталық мекен-жайы)
2. Орынның жалпы саны (дана) ________________________________________
3. Жалпы салмағы (тонна, кг) ________________________________________
4. Жөнелту станциясы (пункті) _______________________________________
5. Жеткізетін станциясы (пункті) ____________________________________
6. Зерттеу, тексеру немесе зертханалық талдау (сараптама) негізінде (керегінің асты сызылсын) ___________________________________________
                          (карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік
______________________________________________ туралы куәландырылады.
жай-күйі және жүргізілген іс-шаралар туралы белгі)
7. Карантинге жатқызылған өнімді жөнелту, сақтау, алу, сату және пайдалану кезінде мынадай карантиндік іс-шаралар белгіленеді ________
_____________________________________________________________________
8. ______________________________________ негізінде берілді.
            (қандай құжат)

Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор        ______________   _______________________
                                 (қолы)             (аты-жөні)
      М.О.                      200_ жылғы "__" ____________________
      Ескертпе: 1. Сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір жеке легіне, көлік бірлігіне, контейнерге, вагонға беріледі және түпнұсқа түрінде жарамды.
      2. Алып жүру жолында карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің арнайы рұқсатынсыз басқа жаққа жіберуге тыйым салынады.
      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 212 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Сертификаттың қолданылу мерзімі карантинге жатқызылған өнімнің жолда болған уақытына байланысты белгіленеді.

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден  
қорғау жөніндегі ережеге   
10-қосымша          

_____________________________________________________________________
(өсімдік карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
_____________________________________________________________________
бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң
аты
_____________________________________________________________________
(бар болса))
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014  N 78қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

______________________ мынадай карантинге жатқызылған өнімді шығаруға
  (облыстан, қаладан)
карантиндік сертификат беруді сұраймын:
1) __________________________________________________________________
  (карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
орын саны, және буып/түю сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы,
_____________________________________________________________________
                        пайдалану мақсаты)
2) __________________________________________________________________
                  (өсімдіктің ботаникалық атауы)
3) __________________________________________________________________
      (облыстың (қаланың) атауы, және карантинге жатқызылған өнім
                            жеткізілетін
_____________________________________________________________________
                              мекенжай)
4) __________________________________________________________________
    (карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімдері мен орны)
5) __________________________________________________________________
                   (жөнелту станциясының атауы)
6) __________________________________________________________________
                   (жеткізу станциясының атауы)

Басшы _______________   _____________________________________________
          (қолы)             (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

Мөр орны 20__ жылғы «___» _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады