"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 502 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қазанда № 7280 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2014 № 192 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б.Бисенқұлов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б.Бисенқұлов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 502 бұйрығымен    
бекітілген        

"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет
РЕГЛАМЕНТІ

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" қызмет көрсету регламенті "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) көлік құралының иесі (иенің өкілі) - көлік құралының меншік иесі болып табылатын не болмаса белгіленген заңнамалық актілердің негізінде және шегінде көлік құралын пайдаланатын немесе иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;
      2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу - заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - МТНБ) және көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуға рұқсат берілгенін растайтын оларға арналған құжаттарды есепке алу, беру бойынша ішкі істер органдары жол полициясының қызметі;
      3) тіркеудегі өзгерістер - тиісті құқықтық негіздер бар болған жағдайда көлік құралдарының есепке алу деректері мен құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      4) тіркеу құжаты - көлік құралының жол қозғалысына қатысуға рұқсат берілгенін растайтын, көлік құралының ресми құжаты болып табылатын көлік құралын тіркеу туралы куәлігі (бұдан әрі - КҚТК).
      3. Мемлекеттік қызметті ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ЖП ТЕБ) көрсетеді.
      4. Мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының;
      2) "Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағы 18) тармақшасының;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт);
      4) "Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығы негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) көрсетіледі.
      6. Белгіленген үлгідегі КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу немесе қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. ЖП ТЕБ орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Үкіметтің электрондық порталында;
      2) электрондық Үкіметтің порталында;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);
      4) ІІМ Жол полициясы комитетінің "Заңнама" бөлімінде (www.zholpolice.kz);
      5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) веб-сайттарында, Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылған.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 6 сағаттан аспайды;
      2) өтініш иесінің жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты - 40 минуттан аспайды.
      10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады:
      1) көлік құралы не болмаса өтініш иесі іздестіруде болған жағдайда;
      2) өтініш иесі көлік құралын, осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда;
      3) стандарттар мен ережелерді бұза отырып, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру;
      2) арнайы есептер бойынша тексеру және көлік құралдарының агрегаттарына салыстыру жүргізу;
      3) ААІЖ жүйесінде қажетті тіркеу деректерін жинау;
      4) КҚТК өндірісі;
      5) КҚТК беру;
      6) өтініш иесінің тізілімде қол қоюы.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды бір адам, ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш иесі ЖП ТЕБ-ке Стандарттың 11-тармағында көзделген тізбені ұсынуы қажет.
      14. Өтініш иесі жүргізуші куәлігін алу мәселесі бойынша өтініш білдірген кезде ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың көрсетілген Бұйрықпен бекітілген мемлекеттік тіркеу және жеке көлік құралдарын есепке алу Ережесінің талаптарына сәйкестігін тексереді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығы белгіленген:
      1) КҚТК бергені үшін - мемлекеттік бажды төлеген күнде ең аз есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) - 125 пайызды;
      2) автомобильге МТНБ бергені үшін - АЕК - тен 280 пайызды;
      3) мотокөлікке МТНБ, автомобильге тіркеме беру үшін - АЕК-тен 140 пайызды;
      4 )"Транзит" көлік құралын айдап әкету үшін нөмірлік белгі беру үшін АЕК-тен 35 пайызды құрайды.
      Сонымен қатар Кодексте көлік құралдарын тіркегені үшін мемлекеттік алым көзделген, ол әрбір тіркелетін (қайта тіркелетін) көлік құралы үшін, сондай-ақ КҚТК көшірмесін алу кезінде АЕК-тің төрттен бір бөлігін құрайды.
      Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар көлемі мен төлеген күнін растайтын төлемдік құжаттар береді.
      16. ЖП ТЕБ қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Осы регламенттің 16-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша ЖП ТЕБ қызметкері құжаттарды ЖП ТЕБ операторына жолдайды. ЖП ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін:
      1) көлік құралының өтініш иесін (өтініш иесінің өкілін) автоматтандырылған-ақпараттық іздеу жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) бойынша және көлік құралын іздестіруде болуын тексереді;
      2) көлік құралы өтініш иесінің (өтініш иесі өкілінің) көлік құралдарының электрондық есептерінің ААІЖ жүйесінде жұмыс істеуі үшін қажетті тіркеу деректерін жинақтауды жүзеге асырады.
      Көрсетілген іс-әрекеттер нәтижелері бойынша ЖП ТЕБ операторы дайындалған КҚТК ТЕБ қызметкеріне тапсырады, ол осы регламенттің 9-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде көлік құралының иесіне қол қойғызып, КҚТҚ мен МТНБ береді.
      Құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаны туралы талон беріледі.
      КҚТК мен МТНБ жеке басын куәландыратын құжаттарды (сенімхат) берген соң КҚТК мен МТНБ тізіліміне қол қойғаннан кейін өтініш иесіне (өтінушінің өкілі) беріледі.
      17. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық-фунционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік іс-әрекеттердің реті және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      18. Осы регламенттің 2-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету мен ҚФЕ процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба келтірілген.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі     
тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда  
көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және
нөмірлік тіркеу белгілерін беру"   
мемлекеттік қызмет регламентіне   
1-қосымша               

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)

1

Әрекеттің (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ЖПБ

ЖПБ

ЖПБ

3

Әрекеттің (процесс, рәсім, операциялар) атауы және олардың сипаттамалары

өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

ААІЖ жүйесінде қажетті тіркеу деректерін теру

КҚТК беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арнайы есептер бойынша тексеру және көлік құралының агрегаттарын салыстыру

КҚТК өндіру

өтініш иесінің тізілімде қол қою

5

Орындау мерзімі

45 минут

20 минут

5 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3


"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін      
көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу,
қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне         
2-қосымша                         

Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 сентября 2011 года № 502. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 октября 2011 года № 7280. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года № 192

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 04.04.2014 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги «Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства».
      2. Комитету дорожной полиции Министерства внутренних дел (Бисенкулов Б.Б.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан полковника полиции Тыныбекова К.С. и Комитет дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бисенкулов Б.Б.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    К. Касымов

Утвержден           
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан     
от 26 сентября 2011 года № 502

РЕГЛАМЕНТ
государственной услуги
"Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача
регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных
средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства"

1. Общие положения

      1. Настоящий регламент государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства" разработан в соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах".
      2. В настоящем регламенте используются следующие понятия:
      1) владелец (представитель владельца) транспортного средства - физическое или юридическое лицо, являющееся собственником транспортного средства, либо владеющее или пользующееся, или распоряжающееся транспортным средством на основании и в пределах, установленных законодательными актами;
      2) государственная регистрация транспортных средств - деятельность дорожной полиции органов внутренних дел по учету, выдаче государственных регистрационных номерных знаков (далее - ГРНЗ) и официальных документов на транспортные средства, подтверждающих их допуск к участию в дорожном движении, осуществляемая в соответствии с законодательными актами;
      3) изменение в регистрации - внесение изменений и дополнений в учетные данные и документы на транспортные средства при наличии соответствующих правовых оснований;
      4) регистрационный документ - свидетельство о регистрации транспортного средства (далее - СРТС), являющееся официальным документом на транспортное средство, подтверждающее его допуск к участию в дорожном движении.
      3. Государственная услуга оказывается регистрационно-экзаменационными подразделениями дорожной полиции органов внутренних дел (далее - РЭП ДП).
      4. Форма государственной услуги: частично автоматизированная.
      5. Государственная услуга оказывается на основании:
      1) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О безопасности дорожного движения";
      2) подпункта 18) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об органах внутренних дел";
      3) стандарта государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства", утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1672 (далее - Стандарт);
      4) приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2010 года № 90 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств и Правил приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления отдельными видами транспортных средств" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6103) (далее - Приказ).
      6. Результатом государственной услуги является регистрация, перерегистрация транспортных средств, с выдачей СРТС и ГРНЗ, либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении услуги.

2. Требования к оказанию государственной услуги

      7. Государственная услуга предоставляется пять дней в неделю (вторник - пятница с 09.00 час. до 18.00 час., перерыв на обед с 13.00 час. до 14.30 час., суббота с 08.00 час. до 16.00 час., перерыв на обед с 12.00 час. до 13.00 час.). Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания. Информация о месте нахождения РЭП ДП указана в приложение 1 Стандарта.
      8. Информация о государственной услуге размещена:
      1) на электронном портале Правительства;
      2) на портале электронного Правительства;
      3) на веб-сайтах Министерства внутренних дел Республики Казахстан (www.mvd.kz) (далее - МВД);
      4) в разделе "Законодательство" Комитета дорожной полиции МВД (www. Zholpolice. kz);
      5) веб-сайтах департаментов внутренних дел областей, городов Алматы и Астаны, в помещениях РЭП, указанных в приложении 1 Стандарта, на стендах и информационных досках.
      9. Государственная услуга представляется в следующие сроки:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента сдачи заявителем необходимых документов - не более 6 часов;
      2) максимально допустимое время ожидания до получения государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения заявителя - не более 30 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания получателя государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения заявителя - не более 40 минут.
      10. В предоставлении государственной услуги может быть отказано в случаях, предусмотренных пунктом 16 Стандарта:
      1) нахождения транспортного средства либо заявителя в розыске;
      2) не предоставления заявителем транспортного средства, документов, указанных в пункте 11 Стандарта;
      3) внесение в конструкцию транспортных средств изменений с нарушением стандартов и правил.
      11. Этапы оказания государственной услуги:
      1) прием и проверка пакета документов заявителя;
      2) проверка по специальным учетам и сверка агрегатов транспортного средства;
      3) набор необходимых регистрационных данных в системе АИПС;
      4) производство СРТС;
      5) выдача СРТС;
      6) подпись заявителя в реестре.
      12. Прием документов для оказания государственной услуги осуществляет одно лицо, ответственный сотрудник РЭП ДП.

3. Описание порядка действий (взаимодействия) в процессе
оказания государственной услуги

      13. Для получения государственной услуги заявителю необходимо представить перечень документов, предусмотренных в пункте 11 Стандарта.
      14. При обращении заявителя, ответственный сотрудник РЭП ДП проводит проверку представленных документов на соответствие их требованиям Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств, утвержденных указанным Приказом.
      15. В соответствии с Налоговым кодексом за оказание государственной услуги установлена государственная пошлина:
      1) СРТС - 125 процентов от минимального расчетного показателя на день уплаты государственной пошлины (далее - МРП);
      2) ГРНЗ на автомобиль - 280 процентов от МРП;
      3) ГРНЗ на мототранспорт, прицеп к автомобилю - 140 процентов от МРП;
      4) номерного знака для перегона транспортного средства "Транзит" - 35 процентов от МРП.
      Кроме того, Кодексом предусмотрен государственный сбор за регистрацию транспортных средств, составляющий одну четвертую часть МРП за каждое регистрируемое (перерегистрируемое) транспортное средство, а также при получении дубликата СРТС.
      Государственная пошлина и государственный сбор оплачиваются через банковские учреждения Республики Казахстан, которыми выдаются платежные документы, подтверждающие размер и дату оплаты.
      16. Сотрудник РЭП ДП проводит проверку полноты предоставленных документов.
      После сдачи документов, потребителю выдается талон о том, что он сдал все необходимые документы для получения государственной услуги, по форме согласно приложению 2 к Стандарту.
      По результатам проверок предоставленных документов, указанных в пункте 16 настоящего Регламента, сотрудник РЭП ДП направляет документы оператору РЭП ДП. Оператор РЭП ДП после получения документов:
      1) проверяет по автоматизированной информационной поисковой системе (далее - АИПС) заявителя транспортного средства и транспортное средство на предмет нахождения в розыске;
      2) осуществляет набор необходимых регистрационных данных для функционирования электронных учетов заявителя (представителя заявителя) транспортного средства и транспортных средств в системе АИПС.
      По результатам указанных действий оператор РЭП ДП передает изготовленный СРТС сотруднику РЭП, который выдает СРТС и ГРНЗ под роспись заявителя (представителя заявителя) транспортного средства в сроки, установленные подпунктом 2) пункта 9 настоящего регламента.
      СРТС и ГРНЗ выдаются заявителю (представителю заявителя) транспортного средства под роспись в реестре выдачи СРТС и ГРНЗ по предъявлению документа, удостоверяющего личность (доверенность).
      17. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой структурно-функциональной единицы (далее - СФЕ) с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры), приведено в приложении 1 к настоящему регламенту.
      18. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ, приведена в приложении 2 к настоящему регламенту.

Приложение 1         
к Регламенту государственной услуги
"Регистрация, перерегистрация  
автотранспортных средств и выдача
регистрационных номерных знаков, за
исключением транспортных средств,
регистрируемых Министерством  
сельского хозяйства"     

Таблица 1. Описание действий СФЕ.

Действие основного процесса (хода, потока работ)

1

№ действия (хода,
потока работ)

1

2

3

2

Наименование СФЕ

ПДП

ПДП

ПДП

3

Наименование действия
(процесса, процедуры,
операции) и их
описание

Прием и
проверка пакета
документов
заявителя

Набор
необходимых
регистраци-
онных
данных в
системе
АИПС

Выдача
СРТС

4

Форма завершения
(данные, документ,
организационно-
распорядительное
решение)

Проверка по
специальным
учетам и сверка
агрегатов
транспортного
средства

Производство
СРТС

Подпись
заявителя
в реестре

5

Сроки исполнения

45 минут

20 минут

5 минут

6

Номер следующего
действия

2

3


Приложение 2         
к Регламенту государственной услуги
"Регистрация, перерегистрация  
автотранспортных средств и выдача
регистрационных номерных знаков, за
исключением транспортных средств,
регистрируемых Министерством  
сельского хозяйства"     

      Схема функционального взаимодействия