"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1672 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1672 қаулысымен  
бекітілген     

"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын
қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және
нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) ұсынады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы;
      2) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 65-тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Үкіметтің электрондық порталында;
      2) электрондық Үкіметтің порталында;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (mvd.gov.kz);
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі автокөлік құралдарын тіркеу немесе, қайта тіркеу және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер (бұдан әрі - КҚТК) және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін (бұдан әрі - МНТБ) беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжі жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттерде тіркелген және 2 айдан артық мерзімге Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға, оның ішінде көлік құралдары бар шетел азаматтарына көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 сағаттан аспауы тиіс;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты ең көп дегенде 30 минуттан аспауы тиіс;
      3) өтініш беруші жүгінген сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты 40 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін (бұдан әрі - Салық кодекс) басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес:
      1) КҚТК-ны бергені үшін - мемлекеттік баж төленетін күні ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 125 пайызын;
      2) автомобильге арналған МТНБ үшін - АЕК-нің 280 пайызын;
      3) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне арналған МТНБ үшін - АЕК-нің 140 пайызын;
      4) көлік құралдарын екінші жерге жеткізуге арналған «транзит» нөмірлік белгісі үшін АЕК-нің 35 пайызын құрайды.
      Бұдан басқа, Салық кодексінде көлік құралдарын тіркеу үшін мемлекеттік алым көзделген, ол тіркелетін (қайта тіркелетін) әрбір көлік құралы, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алған кезде айлық есептік көрсеткіштің төрттен бір бөлігін құрайды.
      Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен төленген күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі. (сейсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-дан 14.30-ға дейін, сенбі күні 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.00-дан 13.00-ға дейін). Қабылдау кезек ретімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. ТЕБ-тің қызмет көрсететін орны ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөліністерінен бөлек кіретін есігі, қабылдауды күту орындары, құжаттарды ресім үстелдері (тағандар), орындықтары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стенділермен жабдықталған залы болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш беруші тұрған жерде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ТЕБ қызметкеріне мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
      1) көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырылған өтініш;
      2) көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырылған ұйымның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның өтініш;
      3) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат;
      4) Салық кодексінде айқындалған баж бен алымдарды төлеу туралы құжаттар;
      5) мыналарды:
      6) салық төлеушілер үшін - Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салық төленгендігін;
      7) Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылатын адамдар үшін - салық төлеуден босатылуға құқықты растайтын құжаттар;
      8) шаруашылық жүргізетін субъектіні тіркеу туралы куәліктің немесе ұйымның заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге де құжаттың бекітілген көшірмесі;
      9) көлік құралына берілген тіркеу құжаты;
      10) өндіруші зауыттардың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдық орнатқан кәсіпорындардың қабылданылу-тапсыру актілері, сертификаттары немесе әкелінген жабдыққа арналған тиісті кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты.
      11) кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының МТНБ, «Транзит» белгілері және тіркеу құжаттары;
      12) көлік құралына нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат.
      Көлік құралдарына, нөмірлі агрегаттарға растайтын құжаттар:
      1) кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (жүк кедендік декларациясы, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету міндеттемесі);
      2) халықты әлеуметтік қорғау органдары беретін құжаттар;
      3) орындауға жататын мемлекеттік орган сот шешімінің іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы, қаулысы сот куәландырған көшірмесін қоса берумен орындау парағы;
      4) келісім-шарттар, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес нотариалды жасалған;
      5) заңды тұлғаның өз құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға көлік құралын бөлу және беру туралы мөрмен бекітілген бұйрығы (өкімі);
      МТНБ тіркеу, қайта тіркеу және беру кезінде өтініш берушілер нөмірлі агрегаттардың есепке алу деректеріне және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында көлік құралдарын ТЭБ-ге тексеруге ұсынады.
      Көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасында аккредиттелген диполматиялық корпустарда және олардың дипломатиялық қорғанышы бар қызметкерлеріне, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары мен өкілдіктеріне, шетелдіктер қатысатын кәсіпорындарға көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары арқылы жүргізіледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген өтініш бланкілерін ТЕБ қызметкері береді, ол да ІІМ-нің және ІІД-нің веб-сайттарында орналастырылған.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар ТЕБ-ке тапсырылады.
      14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш берушінің өкіліне осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды оның тапсырғандығы туралы талон беріледі.
      15. КҚТК және МТНБ көлік құралының өтініш берушісі олардың жеке қолдары КҚТК және МТНБ беретін тізілімге қойылып, жеке басын куәландыратын құжатты (сенімхат) көрсеткеннен кейін беріледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:
      1) өтініш (өтініш берушінің өкілі) көлік құралын және осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;
      2) көлік құралдары конструкциясына стандарттар мен қағидалардың талаптарын бұза отырып өзгерістер енгізілген жағдайда бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. ТЕБ қызметі тұтынушылардың конституциялық құқықтарының сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшейді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері ІІМ-нің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген сенім телефондары арқылы алуға болады.
      21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым ІІД-нің жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімшесінің бастығына жұмыс күндері беріледі.
      23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдану құқығы бар.
      24. Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамның атына берілуі тиіс.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде субъектінің немесе іс-әрекетіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөндері, жүгіну себептері және талабы көрсетіледі.
      25. Келіп түскен шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш иесіне күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.
      26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1672 қаулысымен  
бекітілген     
Мемлекеттік қызмет  
көрсету стандартына  
1-қосымша     

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 N 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2013 № 855 қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің web-caйты

http://www.e.gov.kz/ctitzenty/trav/
vehicles.

Аймақ

ТЕҚП

Мекен-жай

телефон

web-сайт

Астана қаласы

ІІМ ӘПК ТЕП

Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4.

71-58-30,
71-58-14


ІІД ЖПБ ТЭБ

Алматы ауданы, Жетіген көшесі, 35

71-69-90
53-22-40

http://
www.ast_guvd.mvd.kz

Алматы қаласы

Алматы қаласының ІІД ЖПБ ТЕЖБ

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 185 «В»

2544525
2544541
2544551

http://www.
almaty.police.kz

АТЕП-1

Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, 176 «А»

3973387
3973384

АТЕП-2

Алматы қаласы, Сүйінбай көшесі 2

2705911
2705912

АТЕП-3

Алматы қаласы, Алматы-Бішкек тас жолы, 13 шақырым

3510298

АТЕП-4

Алматы қаласы, Төлеби көшесі 296

3150256
3510247

ТП-1 (мемлекеттік көлік)

Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, 176 «А»

3973382

ТП-2

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 185

2544518

ТП-3

Алматы қаласы, Мамыр-4 шағын ауданы, 165 үй

3800230
3800232

ОТЕЖБ есептік тобы

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 185

2544558

ОТЕЖБ емтихандық топ

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 185

2544543

Арнайы ТЕБ


2579054
2579374

Ақмола облысы

ІІД ЖПБ ТЭБ

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі 179

8(7162)29-98-10,
29-98-21

http://www.akmdvd.
online.kz

ІІД ЖПБ АТЕБ

Астана қаласы, Ақжол көшесі 18/а

8(7172)54-61-77

Ақкөл АІІб АТЕБ

Ақкөл қаласы, Парк көшесі 2

8(71638)2-16-38

Атбасар АІІб АТЕБ

Атбасар қаласы, Урицкий көшесі 38

8(71643)4-29-43

Жарқайың АІІб ТП

Державинск қаласы, Захаров көшесі 33

8(71648)9-21-99

Есіл АІІб АТЕБ

Есіл қаласы, Жеңіс көшесі 58

8(71647)2-22-77

Степногор қаласының ІІБ АТЕБ

Степногор қаласы, 5 шағын аудан

8(71645)5-91-22

Бурабай АІІб АТЕП

Шучье қаласы, Абылай хан көшесі 1а

8(71636)4-25-22

Алматы облысы

Орталық ТЕБ, Талдықорған қаласы, 7 шағын аудан, ІІД ЖПБ ғимараты

ҚІІБ, Талдықорған қаласы, Абай көшесі 249

8(7282)27-05-72,
21-18-24

http://www.zhetisu-
police.kz

Талғар АІІБА АТЕБ, Гүлдала кенті, Алматы-Кокпек-Көктап тас жолы, ЖПБ

Талғар ауданының АІІБ, Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 120

8(7272)57-43-06
, 57-33-80

Қапшағай ҚІІБ ЖП АТЕБ, Қапшағай қаласы, Сейфуллин көшесі 36

Қапшағай қаласының ҚІІБ, Қонаев көшесі 14

8(72772) 4-24-88

Еңбекшіқазақ АІІБ АТЕБ, Есік қаласы Алтын Адам аллеясы 163

Еңбекшіқазақ ауданының АІІБ, Есік қаласы, Топатаев көшесі, 105а

8(7275)4-22-59

Шелек селосы ТЭП, Шелек селосы, Имамниязов көшесі 1

Еңбекшіқазақ ауданының АІІБ, Шелек селосы, Б.Момышұлы көшесі 97

8 (72776)
2-08-64

«Меркур» АТЕП, Алматы қаласы, Майлин көшесі 79

Іле ауданының АІІБ, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі, 14

8(727)251-25-69

Сарқанды қаласының АТЕБ, Сарқанды қаласы Тәуелсіздік көшесі 126

Сарқанд ауданының АІІБ, Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі 42

8(7283)92-15-84

Панфилов АІІб АТЕБ, Жаркент қаласы, Қонаев көшесі 309

Жаркент ауданының АІІБ, Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі 102

8(7283) 15-28-27

«Шонжы» ТЕП Шонжы селосы, Исламов көшесі 40

Ұйғыр ауданының АІІБ, Шонжы селосы, А. Арзиев көшесі 51

8(7277)82-36-53

Қарасай АІІБ АТЕБ, Қаскелең қаласы, Наурызбай батыр көшесі 1а

Қарасай ауданының АІІБ, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 98

8(7272)98-36-07

«Барыс» ТП Алматы-Бішкек тас жолының 23 км «БН автомобиль базары», Көбелеков көшесі, 1а

Қарасай ауданының АІІБ, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 98

8(7272)98-55-04

«Жаксылық» ТП, Қапшағай көшесі 28

Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 14

8(7272)51-12-65

ЖП ЖТЕП, Жылжымалы ЖТЕП, Гүлдала кенті

Жылжымалы пункт



Атырау облысы

ІІД ЖПБ ТЕЖБ

Атырау қаласы, СПМ-136, Гогичашвили көшесі 25

8(7122)
98-17-07,
98-17-15,
98-17-37

http://www.dvd-
atyrau.kz

ІІД ЖПБ ТЕП

Атырау қаласы, Элеваторная көшесі, 7 а, «БИПЕК Авто» ЖШС ғимараты

8(7122)
30-16-52,
75-51-44

Жылыой АІІб ТЕП

Құлсары каласы, Бисенқұлов көшесі, 64

8(7237) 5-19-21

Құрманғазы АІІб ТЕП

Ганюшкино селосы, Абай көшесі 37

8(712233) 2-14-79

Ақтөбе облысы

ІІД ЖПБ ТЕБ

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 56

8(7132)51-84-24,
51-28-26

http://www.
dvdaktobe.kz

Хромтау АІІб АТЕТ

Хромтау қаласы, Абай даңғылы 11

8(71336)21-6-98

Мұғалжар АІІб АТЕТ

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі 74а

8(71333)36-4-48

Шалқар АІІб АТЕТ

Шалқар қаласы, Есет батыр көшесі 88

8(71335)2-33-80
2-20-90

Темір АІІб АТЕТ

Шұбарқұдык кенті, Желтоқсан көшесі 6

8(71346)2-23-72

Шығыс Қазақстан облысы

ІІД ЖПБ ТЕБ

ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 73/1

8 (7232)
77-46-86,
77-69-88

http://www.02vko.
kz

ТП № 1

ШҚО, Өскемен каласы, Объездное тас жолы, 2

8 (7232)-230537

ТП № 2

ШҚО, Өскемен каласы, Тәуелсіздік даңғылы 92/1

8(7232)-753744

ТП № 3

ШҚО, Өскемен каласы, Абай даңғылы 97

8(7232)-753744

Семей қаласы ІІБ ТЕБ

Семей қаласы, Морозов көшесі 5

8 (7222)
56-67-22

Семей қаласы ІІБ № 1 ТП

Семей қаласы, Қаржаубайұлы, 249

8(7222)51-53-66

Бородулиха АІІб ТЕП

Бородулиха селосы, Мир қиылысы, 14

8 (723)51-21-287

Жарма ауданы АІІб ТЕП

Қалбатау селосы, Бабатайұлы көшесі 34

8 (72347)
6-57-59

Аягөз АІІб ТЕП

Аягөз қаласы, Тәңірбергенов көшесі 68

8(72837)3-34-41

Қатон-карағай АІІб ТП

Үлкен Нарын селосы, Абай көшесі, 1

8 (723)41-21908

Көкпекті АІІб ТЕП

Көкпекті ауылы, Ленин көшесі 33

8(72348)2-72-11

Зайсан АІІб ТЕП

Зайсан қаласы, Баязи Сәтпаев көшесі 12

8(72340) 2-52-50

Риддер ҚАІІб ТЕП

Риддер қаласы, Безголосов көшесі 11

8(72336)2-24-74

Зырян ҚАІІб ТЕП

Зырян қаласы, М. Горький көшесі 97

8(72335)6-04-02

Үржар АІІб ТЕП

Үржар ауылы Абылай хан көшесі 237

8(72330)2-19-37

Шемонаиха АІІб ТЕП

Шемонаиха қаласы, М.Горький көшесі 97

8(72332)3-09-07

Жамбыл облысы

Тараз қаласы ЖПБ ТЕЖБ

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесі 98 үй

8 (7262)-
57-64-74
57-65-08

http://www.
tarazpolice.kz

Қордай АІІб ТЕП

Қордай ауылы, Молдағұлова көшесі 10

8(72636)2-18-80

Шу АІІб ТЕП

Төле би ауылы, Сәтпаев көшесі 198

8(726-43)
2-20-51

Мерке АІІб ТЕП

Мерке қаласы, Сарымолдаев көшесі 198

8(726-32)
2-26-32

Талас АІІб, ТЕБ

Қаратау қаласы, Жамбыл көшесі, 30

8(726-44)
6-12-78

Т. Рысқұлов АІІб ТЕП

Қулан ауылы, Жібек-Жолы көшесі 57

8(726-31)
2-12-70

Сарысу АІІб ТЕП

Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, 4 үй, 18

8(726-34)
6-10-28

Батыс Қазақстан облысы

Мойынкұм АІІб ТЕП

Мойынқұм ауылы, 64

8(726-42)
2-49-02

http://www.
zkopolice.kz

Бөрлі АІІб АТЕБ

Ақсай қаласы, 2 шағын аудан 7

8(7113) 330133

Қазталов АІІб АТЕБ

Қазталов кенті, Желтоқсан көшесі 20

8(7114) 431250

Қарағанды облысы

ІІД ЖПБ ТЕБ

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі 1

8(7212)41-53-90

http://www.krgdvd.
creatida.kz

Теміртау қаласы ІІБ ТЕБ

Теміртау қаласы, Мичурин көшесі 8

8(7213)98-74-57

Абай ауданы ІІБ ТЕБ

Абай қаласы, 3 шағын аудан, 42 үй

8(72131)4-37-67

Жезказған қаласы ІІБ ТЕБ

Жезказған қаласы, Сәтпаев көшесі 80

8(7102)72-44-11

Балқаш қаласы ІІб ТЕБ

Балқаш қаласы, Язев көшесі 13

8(71036)4-03-46

Осакаровка АІІБ ТЕБ

Осакаровка кенті, Литвиновская көшесі 93

8(72149)4-11-00

Қарқаралы АІІБ ТЕБ

Қарқаралы қаласы, Әуезов көшесі 40

8(72146)3-25-85

Жаңарка АІІб ТЕТ

Атасау кенті, тәуелсіздік даңғылы 10а

8(710-30)-28-442

«АвтоСтар» ТП

Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28/3

8(7212)90-91-76

«АвтоМир» ТП

Қарағанды каласы, Тәттімбет  көшесі 10/5

8(7212)33-39-89

«Қамқор» ТП

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 108

8(7212)44-17-55

«Жаңа-Арнау» ТП

Қарағанды қаласы, Стартовый киылысы 61/1

8(7212)42-87-88

Қостанай облысы

ІІД ЖПБ ТҚ және ТЕЖБ

Қостанай қаласы, Карбышев көшесі 45/3

8(7142)280506,
281487, 287787

http://www.kostanay
рolice.kz

Рудный қаласы ТЭБ

Рудный қаласы, автовокзал ауданы, Тоуоtа орталығы

8(31431)40664,
46246

Арқалық қаласы ІІБ ТЕБ

Арқалық қаласы, Молодежная көшесі 10

8(71430)70818,
70869

Лисаковск қаласы ҚІІб ЖПБ ТЕП

Лисаковск қаласы, 1А-6 шағын ауданы

8(71433)30202,
37757

Жітіқара АІІб АТЕП

Жітіқара қаласы, 5В-18 шағын ауданы

8(71435)20911

Қарабалык АІІб ЖПБ ТЕП

Қарабалық кенті, Ничепуренко көшесі 3

8(71441)33291

Федоров АІІб ЖПб ТЕП

Федоровка кенті, Красноармейская көшесі, 56

8(71442)21187

Ұзынкөл АІІб ЖПб ТЕП

Ұзынкөл кенті, Абылай хан көшесі 34

8(71444)24178,
24696

Әулиекөл АІІб ЖПб ТЕП

Әулиекөл кенті, Целинная көшесі 7

8(71453)21041

Қостанай ІІб ЖПб ТЕП

Затоболск кенті, Механизаторлар көшесі 2а

8(714)425832

Меңдіқара АІІб ЖПБ ТЕП

Боровской кенті, Абай көшесі 95

8(71443)21445,
21564

Қызылорда облысы

ІІД ЖПБ ТЕБ

Қызылорда қаласы, Жібек-Жолы көшесі нөмірсіз

8(7242)29-77-15
29-77-13

http://www.dvdkzo.
kz

Арал ауданы АІІб ТЕТ

Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі № 27

8(72433)2-31-80

Қазалы ауданы АІІб ТЕТ

Әйтеке би кенті, Біржан сал көшесі № 46

8(72437)2-16-40

Қармақшы ауданы АІІб ТЕТ

Жосалы кенті, Көшербаев көшесі № 36

8(72437)21 1 89

Жалағаш АІІб ТЕТ

Жалағаш кенті, желтоқсан көшесі № 1

8(7243)13-25-25

Сырдария АІІб ТЕТ

Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі № 47

8(72436)21-2-48

Шиелі АІІб ТЕТ

Шиелі кенті, Мұстафа Шоқай көшесі № 5

8(72432) 4-22-50

Жаңакорған ауданы АІІб ТЕТ

Жаңақорған кенті, Қожанов көшесі нөмірсіз

8(72435)2-21-40

Маңғыстау облысы

ІІД ЖПБ орталық ТЕБ

Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, ЖПБ ғимараты

8 (7292) 60-53-86

http://mdvd.kz

ІІБ ЖПБ АТЕТ

Жаңаөзен қаласы, Губкина көшесі, 20

8 (72931) 32-8-35

Павлодар облысы

Павлодар облысының ІІД ЖПБ ТЕЖБ

Павлодар қаласы, Торговая көшесі 2

8(7182)-33-37-66

http://www.
dvdpavlodar.kz

Павлодар облысы ІІД ЖПБ ТЕЖБ бөлімшесі

Екібастұз қаласы, Открытый проезд көшесі, 9

8(7187)-34-03-85

Ақсу ІІБ АТЕТ

Аксу қаласы, Воксальная көшесі, 16

8(7183)-76-62-07

Ертіс ауданы ІІБ АТЕТ

Ертіс ауданы, Ертіс селосы, Ыскақов атындағы көше 95

8(7183)-22-16-29

Солтүстік Қазақстан облысы

ІІД ЖПБ ТЕЖБ

Петропавл қаласы, Володарский көшесі 18

8(7152)-61-25-46

http://police.sko.
kz

ТП-1 Петропавл

Петропавл қаласы, Володарский көшесі 18

8(7152)-61-25-46

ТП-2 Петропавл

Петропавл қаласы. Ж. Жабаев көшесі, 294

8(7152)
47-34-73

Айыртау АІІб ТЕТ

Саумалкөл қаласы, Уәлиханов көшесі 24

8 71533-2-18-85

Тайынша АІІб ЖП АТЕБ

Тайынша қаласы, Күншығыс көшесі 102

8(71536)-2-22-55

Уәлиханов АІІб ЖП АТЕТ

Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі 88

8(71542)-2-11-84

Қызылжар ТЕТ

Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 8

8(7153)82-00-75

Мамлютка ауданы ІІБ ТЕП

Мамлютка каласы, Ленин көшесі 45

8(7154)12-19-96

Шал-Ақын ауданы ІІБ ЖПБ ТЕТ

Сергеевка қаласы, Шал-Ақын көшесі 14

8(71534)-2-06-76

Ғ. Мүсірепов ауданы ІІБ ТЕТ

Новоишимское ауылы. Абылайхан көшесі 59

8(71535)-2-19-14

Есіл ауданы ІІБ ЖП ТЕТ

Явленка ауылы, Ыбыраев көшесі 13

8(71543)-2-23-82

Жамбыл ауданы ТЕП

Пресновка каласы, Достық көшесі 17

8(71544)-2-27-01

М.Жұмабаев атындағы аудан ІІБ ЖПБ ТЕТ

Булаево қаласы, Юбилейная көшесі, 54

8(7153)12-11-78

ОҚО

ОҚО ІІД ЖПБ ТЕБ

Шымкент қаласы Қожанов көшесі нөмірсіз

8(7252)-53-52-52

http://www.dvd-uko.
kz

ТП № 1

Шымкент қаласы, Ташкент көшесі, нөмірсіз

8(7252)-50-50-30

ТП № 2

Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы № 62

8(7252)-33-02-23

ТП № 3

Шымкент қаласы, Сайрам көшесі 190

8(7252)51-92-91

Бәйдібек АІІб АТЕБ

Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылы, абай көшесі нөмірсіз

8(7253)02-13-58

Мақтааралы АІІБ АТЕБ

Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесі нөмірсіз

8(7254)13-22-02

Сайрам АІІБ АТЕБ

Аксукент ауылы, Қарабұлақ тас жолы, нөмірсіз

8(7253)12-00-04

Сарыағаш АІІБ АТЕБ

Сарыағаш қаласы, Ташкент көшесі нөмірсіз

8(7253)72-53-01

Түркістан АІІБ АТЕБ

Кентау қаласы, Абай даңғылы нөмірсіз

8(7253)631515

Байқоңыр қаласы

ТЕП 1

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Абай көшесі 36

8(736-22)-5-27-84


Курчатов қаласы

ТЕП

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесі 42

8 (7222)2-29-81


Приозерск қаласы

ТЕП

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы Достық көшесі 6

8(7103)955-49-89


Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет   
көрсету стандартына   
2-қосымша       

Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы
№_____ ТАЛОН

__________________________________________________________________
(Өтініш иесінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Қабылданған құжаттардың тізбесі:
      1.__________________________________________________________
      2.__________________________________________________________
      3.__________________________________________________________
      4.__________________________________________________________
      5.__________________________________________________________
      6.__________________________________________________________
      7.__________________________________________________________
      8.__________________________________________________________
      9.__________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________

      Қабылдаған:
      __________________________/____________________/______________
  (ТЕб қызметкерінің лауазымы, атақ) (қолы)             (ТАӘ )

      _________ жылғы «_______»________________

      Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет   
көрсету стандартына   
3-қосымша        

Сапасы мен қол жетімділігінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Алдағы жылы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының % (үлесі)




2. Сапасы

2.1. қызмет көрсету процесіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




3. Қол жетімділігі

3.1. қызмет көрсету сапасы мен оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратта қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




3.2. ақпараты электрондық форматта қолжетімді қызметтердің % (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. қазіргі шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет   
көрсету стандартына  
4-қосымша        

Облыстардың қалалардың атауы

Мекенжайы, орналасқан жері

К/бөлімнің телефоны

Сенім тел.


ІІМ Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1

87172-14007
      714008

722493

Астана қаласы ЖПК, Ш. Айманов көшесі, 4

      715868

715825

Астана қаласы ӘПК (Арнайы полиция), Тәуелсіздік көшесі, 1

      714082

722493

Астана

Астана қаласының ІІД, Бейбітшілік көшесі, 19

87172-323940

716161

Астана қаласының ІІД ЖПБ, Промзона көшесі, 35

      532300

532253

Алматы

Алматы қаласының ІІД, Масанчи көшесі, 57

8727-2544007

2636362

Алматы қаласының ІІД ЖПБ, Байтұрсынов көшесі, 185

     2544544

2610606

Ақмола

ІІД Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35 А

87162-251696

232870

Көкшетау қаласының ІІД ЖПБ, Уәлиханов көшесі, 179

      770475

771283

Алматы

ІІД Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 91/95

87282-600008

273055

Талдықорған қаласының ІІД ЖПБ, 7-шағын ауданы, ЖПБ ғимараты

      270572

222203

Ақтөбе

ІІД Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 А

87132-513837

520514

Ақтөбе қаласының ЖПБ, Ә. Молдағұлова көшесі, 56.

      518424

518366

Атырау

ІІД Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 85

87122-982015

251015

Атырау қаласы ЖПБ, Гогичашвили көшесі, 25

      301020

300268

Шығыс Қазақстан

ІІД Өсксмен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

87232-488802

242525

Өскемен қаласының ЖПБ, Тәуелсіздік даңғылы, 73/1

      774686

777118

Жамбыл

ІІД Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 89

87262-430522

430666

Тараз қаласының ЖПБ, Сүлейманов көшесі, 98

      343734

576414

Батыс Қазақстан

ІІД Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

87112-510450

505431

Орал қаласының ЖПБ, Гагарин көшесі, 2/5

      249225

540880

Қарағанды

ІІД Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37

87212-429025

429292

Қарағанды қаласының ЖПБ, Прогресс көшесі, 1

      415555

415383

Қостанай

ІІД Қостанай қаласы, Баймағанбетов көшесі, 197

87142-532626

526350

Қостанай қаласының ЖПБ, Абай даңғылы, 39

      280250

526197

Қызылорда

ІІД Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 18

87242-272876

272368

Қызылорда қаласының ЖПБ, Жібек жолы көшесі, нөмірсіз

      232066

212602

Маңғыстау

ІІД Ақтау қаласы, 12-шағын аудан

87292-421570

421571

Ақтау қаласының ЖПБ, 23-шағын аудан ЖПБ ғимараты

      212555

605406

Павлодар

ІІД Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 50

87182-323983

391243

Павлодар қаласының ЖПБ, Торговая көшесі, 2

      333756

333806

Солтүстік Қазақстан

ІІД Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 51

87152-394007

612008

Петропавл қаласының ЖПБ, Володарский көшесі, 18

      463095

493247

Оңтүстік Қазақстан

ІІД Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 13

87252-212041

212187

Шымкент қаласының ЖПБ, Қожанов көшесі, нөмірсіз

      535252

536551

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет   
көрсету стандартына  
5-қосымша        

Талон
______________________________
(субъектінің атауы)

Өтінішті қабылдаған ________________________________________
                               (маманның Т.А.Ә)

20___жылғы «_________» __________ ___сағ. ________мин.

      (мөлшері 75 мм х 55 мм)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады