Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 04.04.2016 № 147 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.03.2016 № 149 Бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметінің тексерілетін субъектілерінің бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6271 тіркелген және 24.11.2010 жылғы № 319 (26380) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.) «Мүлікті бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегi № 138 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегi № 17 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Әділет министрі Экономикалық даму және
____________Р. Түсіпбеков сауда министрдің м.а.
___________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2011 жылғы 31 қазандағы № 355 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрдің м.а.
2011 жылғы 21 қазандағы № 341 бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Осы Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдер (бұдан әрі – Өлшем) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметінің тексерілетін субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызуда тәуекел көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленген.
2. Осы Өлшемдерде келесідей ұғымдар пайдаланылған:
1) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді тәуекелдің түрлі дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы;
2) тәуекел – жоқ объектіге немесе бағалау қызметі саласындағы заңнама, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс мәліметтерді пайдалана отырып, ол экономикалық қылмыстар үшін алғышарттар болып табылатын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне қарама-қайшы келетін бұрыс бағалау;
3) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бағалау қызметінің лицензиаттарын тексеруді жоспарлау мақсатында бақылау қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органмен жүргізілетін іс-шаралар кешені;
4) тексерілетін субъект – бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде жеке кәсіпкер ретінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы жеке немесе заңды тұлға.
3. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері екі түрге бөлінеді:
1) объективті – тексерілетін субъектілердің қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;
2) субъективті – тексерілетін субъектілердің бекітілген талаптарды бұзуға жол беруіне байланысты айқындалады.
Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша біріншіге жатқызу бағалау қызметі аясында жұмыс өтіліне байланысты тек тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша келесіге жатқызу алынған балдар санына байланысты тек тәуекелдің дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
4. Бірінші бөлу кезінде тексерілетін субъектілер жатқызылады:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі субъектілерге - бағалау қызметі аясында жұмыс өтілі 5 жылға дейінгі тексерілетін субъектілер;
2) тәуекелдің орта дәрежесіндегі субъектілерге - бағалау қызметі аясында жұмыс өтілі 5 жылдан 10 жылға дейінгі тексерілетін субъектілер;
3) тәуекелдің мардымсыз дәрежесіндегі субъектілерге - бағалау қызметі аясында жұмыс өтілі 10 жыл және одан да жоғары тексерілетін субъектілер.
5. Тәуекел дәрежесі бойынша тексерілетін субъектілерді келесіге жатқызу кезінде субъектілер бағалау қызметі аясында тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъектілік өлшемдеріне байланысты бөлінеді.
Тәуекелді бағалау қолда бар ақпаратты жүйелі түрде пайдалану жолымен жүргізіледі.
Әділет органдары өткен жоспарлы және жоспардан тыс тексерістердің мәліметтерін талдауымен жүзеге асырылады.
6. Келесі өлшемдерге сәйкес балдар беріледі:
1) Тексерілетін субъектіде бағалау жүргізу шарттары бойынша бұзушылықтардың болуы:
шарттың мазмұны мен нысаны бойынша бұзушылықтар – 2 балл;
бағалау қызметі аясында заңмен тыйым салынған шарттарды жасау –
3 балл;
2) бағалау туралы есептерде бұзушылықтардың болуы:
бағалау нәтижесіне әсер етпейтін, есептердің мазмұны мен нысаны бойынша талаптарды бұзу – 2 балл;
бағалау нәтижесіне әсер ететін, бағалау әдістері мен бағалау амалдарын қолданудағы бұзушылықтар – 3 балл;
3) бұзушылықтардың қайталануы:
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл және одан кейін де қайта жасалған бұзушылықтар – 2 балл;
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған бұзушылықтар – 20 балл;
4) тексерілетін субъектілердің бағалау жүргізу шарттарының нөмірлері хронологиялық тәртіпте көрсетілген бағалау жүргізу есептері кітабы жүргізу бойынша міндеттерін орындамау – 1 балл;
5) жасалған есептерді сақтау жөніндегі талаптарды орындамау (5 жыл ішінде) – 2 балл;
6) бағалаушылармен объектіні тікелей зерттеуді жүзеге асырмауы – 3 балл;
7) азаматтық-құқықтық жауаптылық шартының болмауы – 3 балл;
8) кәсіби талаптарға сай келмеуі – 20 балл;
9) бағалаушымен тәуелсіздік талаптарын сақтамау – 5 балл.
7. Тәуекелдің әрбір өлшемі бойынша шекті мөлшері бар сәйкесінше балдар беріледі.
8. Тәуекелдің өлшемдері бойынша балдар барлық өлшемдер бойынша жалпы сомалық қорытындыны анықтау үшін сомаланады.
9. Тәуекелдің барлық өлшемдер бойынша сомалық қорытынды нәтижелері тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу үшін пайдаланылады.
10. Тәуекелдің дәрежесі бойынша тексерілетін субъектілерді бөлу келесі түрде жүзеге асырылады:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесі – 21 балдан жоғары;
2) тәуекелдің орта дәрежесі – 12-ден 20 балға дейін (қоса алғанда);
3) тәуекелдің мардымсыз дәрежесі – 11 балға дейін (қоса алғанда).
11. Тәуекелдің бір тобы ішінде жоспарлы тексеріс жүргізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу келесі қағидасы бойынша жүзеге асырылады:
1) жиналған балдардың ең көп саны;
2) ең көп тексерілмеген кезең.