Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 03.05.2018 № 504 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.05.2018 № 185 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Мыналар:
1) "Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 354 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 қазандағы № 339 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7301 болып тіркелген,
2012 жылғы 26 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған,
№ 188-192 (27266);
2) "Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 355 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 қазандағы № 341 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7300 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, № 188-192 (27266) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына
жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
____________ С. Айтпаева
2016 жылғы "____ "______
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 149 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі не зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы | ||||
2. | Шарт негізінде бағалау жүргізу | ||||
3. | Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау туралы есеп жасаудың дұрыстығы | ||||
4. | Хронологиялық тәртіпте бағалау жүргізуге шарттардың нөмірлері көрсетіле отырып бағалау жүргiзу есептерi кітабының болуы | ||||
5. | Бағалау туралы жасалған есептерді 5 жыл ішінде сақтау туралы талапты сақтау | ||||
6. | Бір бағалаушылар палатасында мүшелікте болу |
Лауазымды адам (адамдар) _____________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің басшысы___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
_________
(қолы)