Қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулер жүргізу туралы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 174 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 желтоқсанда № 7328 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса тіркеліп отырған Қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулер жүргізу тәртібі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрық қаржы полициясы органдары жеке құрамының мәліметіне жеткізілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді.

Төраға


қаржы полициясының генерал-майоры

Қ. Қожамжаров


  Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының 2011 жылғы 8 қарашадағы
№ 174 бұйрығымен бекітілген

Қаржы полициясы органдарында
қызметтік тергеулер жүргізу туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 58-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленген және қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулерді жүргізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ереже).

      2. Ережеде келесі түсініктемелер қолданылады:

      1) қаржы полициясы органдарындағы қызметтік тәртіп - Қазақстан Республикасының заңнамасымен, қаржы полициясы органдары басшыларының және уәкілетті басшыларының актілерімен белгіленген нормалар мен ережелерді қызметкерлермен міндетті сақтау;

      2) құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылықтар - іс-қимылдар, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдында құқық қорғау қызметінің беделі мен мәртебесін түсіретін, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарға мас күйінде немесе нашақорлық мас күйінде келуі (құқық қорғау органдарына қатыстылығы айналасындағылар үшін айқын); сотталғандар, тергеуде жүрген адамдармен рұқсат етілмеген байланысты болу; тергеу жүргізуге зиян келтірген жедел сипаттағы ақпаратты жариялау; заңсыз әрекет жасаған азаматтарға көмектесу; қызмет бабын өз пайдасы мақсатында қолдану; теріс қоғамдық резонанс туғызған қызметкерлермен, тыңдаушылармен және курсанттармен жарғыдан тыс қатынастар жасау; кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрімен айналысу, оның ішінде коммерциялық делдал болу, сондай-ақ қызмет бабын пайдалану арқылы жұмыстар мен қызметтер көрсету;

      3) қызметтік тергеу – қызметкердің тәртіптік теріс қылықты жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында жүргізілетін, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру, сондай-ақ қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке себепсіз тартуға жол бермеу жөніндегі қызмет;

      4) тәртіптік жаза (бұдан әрі – жаза) – тәртіптік жазалауға тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар лауазымды тұлға қызметкерге қолданатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;

      5) тәртіптік жауапкершілік – тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;

      6) тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.

      Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: елеусіз, елеулі және ауыр.

      Елеусіз теріс қылық - қызметкер алғаш рет немесе бұрын қолданылған жазаны алып тастағаннан кейін жасаған теріс қылық, ол қызметкерге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі жазаны қолдануға әкеп соғады, бұған жасалғаны үшін жұмыстан босату көзделген теріс қылық қосылмайды.

      Елеулі теріс қылық - қызметкердің ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі бұрын қолданылған жаза алынып тасталмай тұрып, алты ай ішінде қайталап жасаған теріс қылық, мұндай теріс қылық жасағаны үшін қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі жаза қолданылады

      Ауыр теріс қылық - жасағаны үшін қолданыстағы еңбек заңдарына, мемлекеттік қызмет туралы заңдарға, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарына, мемлекеттік және құқық қорғау қызметі туралы заңнамаларға сәйкес негіздер бойынша қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату, арнайы атағынан төмендету немесе қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығару көзделген теріс қылық.

      3. Қызметтік тәртіптің бұзылуының әр бір жағдайы үшін бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

      4. Қызметтік тәртіпті бұзуға:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамаларында, қаржы полициясы органдарының басшылары және өкілетті басшылары актілерімен белгіленген ережелер мен нормаларды қызметкердің орындамауы;

      2) қызметкердің қызметтік және өзге де құжаттарын, куәліктерді жоғалтуы;

      3) қызметкердің жұмысқа алкогольді, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде келуі;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге жағдайлар (Ар-намыс кодексін сақтамауы және т.б.) жатады.

      5. Қаржы полициясы органдары қызметкерінің теріс қылық жасауы жаза қолдануға негіз болып табылады.

      6. Қызметкерге қолданылған жаза оны Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа жауапкершіліктің түрінен босатпайды.

      7. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда, одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің осы тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда басшысы немесе қаржы полициясы органдарының уәкілетті басшысы қызметтік тергеу жүргізбей-ақ, жауапкершілікке тартуға құқылы.

      Егер қызметкер жазбаша түсініктемесінде өзінің тәртіптік теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда басшысы немесе қаржы полициясы органдарының уәкілетті басшысының нұсқауы бойынша қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.

      8. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату және жұмыстан шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижесі және қаржы полициясы органдарының тәртіптік комиссиясының тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.

      9. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтік тергеуді ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері жүргізеді.

      10. Қажет болған жағдайда, қаржы полициясы органдары басшысының келісімі бойынша қызметтік тергеу жүргізу кезінде қаржы полициясы органдарының басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тартылуы мүмкін.

2. Қызметтік тергеулерді жүргізу тәртібі

      11. Қызметтік тергеу қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша жүргізіледі.

      12. Қызметтік тергеу жүргізу үшін:

      1) жеке және заңды тұлғалардың арыздары, оның ішінде қаржы полициясы органдары қызметкерімен жасалған нақты теріс қылық фактілерді қамтитын иесі бүркемеленген арыздар;

      2) жалпы ақпарат құралдарындағы, оның ішінде Интернеттегі хабарламалар;

      3) құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары;

      4) қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің баянаттары;

      5) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) және аумақтық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттері (қаржы полициясы) және Қаржы полициясы академиясы (бұдан әрі - аумақтық қаржы полициясы органдары) басшылығының нұсқаулары негіз болады.

      13. Осы Ережеге сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдайлар фактілері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеу жүргізіледі, оларға:

      1) қызметкердің соңғы немесе өзге де ауыр деңгейдегі дене жарақатын алуы не өлімі;

      2) қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы;

      3) қызметкерлердің тәртіптік жазамен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауы;

      4) қаржы полициясы органдарының инфрақұрылым объектілеріне және қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғаларына шабуыл жасалуы;

      5) қызметтік автокөлікпен қызметкердің жол-көлік оқиғасын жасауы;

      6) табельдік қаруды, қару-жарақтарды, арнайы құралдарды, қызметтік куәліктерді, материалдық құндылықтарды жоғалтуы жатады.

      14. Қызметтік тергеу мынадай жолдармен жүргізіледі:

      1) қызметтік тергеудің мәніне қатысы бар Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен жұмысшыларынан жазбаша түсініктеме түрінде ресімдей отырып сұрау.

      Жазбаша түсініктемеде сұрау қойылған адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қажет болған жағдайда толық сауалнамасы көрсетіледі.

      Сұрақтарға жауаптар бірінші жақта сөзбе-сөз жазылады.

      Сауал қойылған адамның қалауы бойынша қойылған сұрақтарға жауапты өз қолымен жазуға мүмкіндік беріледі.

      Қызметтік тергеуді жүргізіп отырған қызметкер жазбаша түсініктемені алғаннан кейін осы құжатқа түсініктеме алынған күн, уақыты және орны туралы жазып, өзінің лауазымын, арнайы атағын, тегін, атын және әкесінің атын көрсетіп, өзінің қолымен бекітеді.

      Қызметтік тергеу жүргізуге қатысты қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда, акт жасалады, онда: актіні жасау орны, күні мен уақыты, актіні жасаушы қызметкердің және жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде қатысушы лауазымды тұлғаның лауазымы, арнайы атағы, тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.

      Актіге оны жасаушы лауазымды тұлға және жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде қатысқан лауазымды тұлғалар қол қояды;

      2) қажетті құжаттармен, түпнұсқалармен немесе көшірмелермен танысу, олар қажет болған кезде алынады және қызметтік тергеу материалдарына біріктіріледі;

      3) құқық бұзушылықтар (төтенше оқиғалар) жасалған орнын белгілеу, атап айтқанда, олар жасалған жердің сызбасын жасау, фотоға түсіру, бейне жазба немесе суретке түсіру;

      4) қызметтік тергеу жүргізу барысында қызметтік тергеу материалдарына біріктіру мүмкін болмайтын оқып танысқан құжаттар бойынша, сондай-ақ қызметтік құжаттарды және өзге де заттарды қарау туралы анықтама жасау;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қызметтік құжаттар мен заттарды, оның ішінде қызметтік куәліктерді уақытша алу;

      6) қаржы полициясы органдарының басқа бөлімшелерінен Агенттік басшысының не ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің уәкілетті лауазымды тұлғасының жазбаша сұрау салуы және тапсырмасы негізінде құжаттар мен мәліметтерді алу, сұратып алу аумақтық қаржы полициясы органдары басшыларымен орындалуға міндетті;

      7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан, қаржы полициясы органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен анықтамаларды, қорытындыларды алу;

      8) сарапшылардың қорытындысы қызметкердің кінәсін анықтау үшін шешуші мәнде болған жағдайда, соттық сараптамаларды тағайындау;

      9) қызметтік тергеу жүргізудің жан-жақты, толық және объективті қамтамасыз етілуі мақсатында, тексеріп жатқан оқиғаға қатысты азаматтардан, куәлерден, куәгерлерден жауап алу;

      10) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер.

      15. Қызметтік тергеу қорытындысы жасала отырып аяқталады, онда:

      1) қызметтік тергеу жүргізудің негізі;

      2) қызметтік тергеу жүргізудің нәтижесінде белгіленген фактілер мен оқиғаның мән-жайы;

      3) қызметтік тергеу жүргізудің нәтижесі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетілуі тиіс.

      16. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде қызметкердің әрекеттерінде қылмыс белгілері мәлім болған жағдайда, қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған қаржы полициясы органының басшысы немесе уәкілетті басшысы алынған материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарының тергеу бөлімшелеріне дереу беруге міндетті.

      17. Қаржы полициясы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларымен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданғанда, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарынан аталған қаулылар түскен кезде, бірақ қызметкердің әрекетінде сыбайлас жемқорлық белгілері не тәртіптік теріс қылық болған жағдайда, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы бір күнтізбелік күн ішінде ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданады.

      18. Қызметкерлерге қатысты қылмыстық істер қозғау фактілері бойынша қызметтік тергеу осы Ережеге сәйкес жалпы негізде жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметтік тергеумен заңға қайшы жасалған әрекеттің барлық мән-жайлары, оны жасауға қатысты тұлғалардың тобы анықталады, толық және объективті болуы қамтамасыз етіледі.

      19. Қызметтік тергеу қорытындысына қызметтік тергеу жүргізген қызметкер қол қояды және ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің бастығымен немесе оны ауыстырушы тұлғамен бір жұмыс күні ішінде бекітіледі.

      20. Бекітілген қызметтік тергеу қорытындысы аумақтық қаржы полициясы органының басшысымен немесе уәкілетті басшысымен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.

      21. Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелерін жазбаша түрде Агенттік Төрағасына немесе оны ауыстырушы тұлғаға қарау үшін енгізеді, соңғымен келіскеннен кейін, Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығымен бір жұмыс күні ішінде бекітілген қызметтік тергеу қорытындысы шығарылады.

      22. Аумақтық қаржы полициясы органының басшысы немесе оны ауыстырушы тұлғаның қызметтік тергеу қорытындысын келісуден бас тартқан жағдайда, соңғысы өзінің бас тарту себебін жазбаша жазуға тиіс. Көрсетілген жағдайда қызметтік тергеуді жүргізген тұлға бір тәулік ішінде қызметтік тергеу қорытындысын материалдармен бірге келіспеушіліктерді жою және шара қабылдау үшін Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасына жолдайды.

      23. Анықталған елеусіз теріс қылықтар жөніндегі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша жазалау қолданылатын тұлғаны таныстыру туралы жазбада белгіленген және келісілген қорытындының көшірмесі, соңғының түсініктемесі үш жұмыс күні мерзімінен кешіктірілмей жаза қолдану туралы бұйрықты шығару үшін қаржы полициясы органдарының кадр бөлімшесіне жолданады.

      Елеулі және ауыр теріс қылықтар бойынша келісілген және бекітілген қорытындының көшірмесі Заңның 57-бабы 4-тармағына сәйкес тәртіптік комиссияның қарауына жолданады.

      24. Жаза қолдану мерзімі Заңның 57-бабы 10-13 тармақтарында көзделген жаза қолдану мерзімінен аспауы тиіс.

      25. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жаза қолданған кезде қызметтік тергеу жүргізген ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері "Тәртіптік жауапкершілікке тартылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды есепке алуды жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Бас прокурордың 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығының талаптарына сәйкес Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде № 2741 тіркелген, аумақ бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Өңірлік басқармасында үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның № 1-К нысанды есеп карточкасын есепке қояды.

      26. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің құпиялық режимді бұзған фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаларының талаптарына сәйкес қызметтік тергеу жүргізіледі.

      27. Қызметтік тергеу қызметтік тергеуді тағайындаған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Көрсетілген мерзімге қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы, еңбек демалысында, қызметтік іссапарда болған, сондай-ақ оның басқадай себептермен қызметте болмаған уақыты есептелмейді.

      28. Қызметтік тергеуді жаңарту қызметтік тергеу жүргізген қызметкердің мәлімдемесі негізінде жүзеге асырылады. Қызметтік тергеу жаңартылғаннан кейін тергеудің жалпы мерзімі осы Ереженің 27-тармағымен белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.

3. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызметтік
тергеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      29. Қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкер:

      1) жүргізіліп жатқан қызметтік тергеудің мән-жайы бойынша жазбаша түсініктеме беруге;

      2) талап-өтініш жазуға, дәлелдер және өзге де құжаттар ұсынуға;

      3) қызметтік тергеу жүргізу жөнінде шешім қабылдаған қаржы полициясы органының басшысы немесе қызметтік тергеу бойынша қорытынды шығарған, қызметтік тергеу жүргізген қызметкердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне, сонымен қатар жоғарғы тұрған органға материалмен танысқан күннен бастап бір ай ішінде сот мерзімінде азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес шағымдануға;

      4) қызметтік тергеудің аяқталуы бойынша қорытындылармен және басқа да материалдармен, егер ол мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді жарияламаудың талаптарына қайшы келмесе қол қойып танысуға құқылы.

      30. Қызметтік тергеу жүргізуші қызметкердің әрекетіне кедергі келтіргенде, атап айтқанда: ақпараттар мен құжаттарды бермеуі, қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғаларының ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне келуден жалтаруы, тексеру әрекеттерін жүргізуге көмек көрсетпеуі жағдайында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікте болады.

      31. Қызметтік тергеуді жүргізетін қызметкер:

      1) арызданушының, қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан тұлғаның және оған қатысқан басқа да тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтайды;

      2) арызданушыларға заңда көзделген құқықтарын, қызметкерлерге осы Ереженің 29-тармағында көзделген құқықтарын түсіндіреді және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

      3) осы Ереженің талаптарын басшылыққа алады;

      4) жан-жақты, объективті зерделеуге, құқық бұзушылықтардың (төтенше оқиғалар) барлық мән-жайлары мен оны жасауға қатысты қызметкерлер туралы мәліметтерді құжаттамалық ресімдеуге қажетті барлық шараларды қабылдайды;

      5) тергеу материалдарының сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етеді, оның нәтижелерін уәкілетті лауазымды тұлғамен қызметтік тергеудің қорытындысын бекіткенге дейін жарияламайды, сондай-ақ құпиялық режимінің талаптарын сақтау жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды;

      6) өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан қызметкердің қалауы бойынша қызметтік тергеу материалдарымен оны, егер бұл мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жарияламаудың талаптарына қайшы келмесе, таныстыруға.

      32. Қызметтік тергеуді жүргізуші қызметкер өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес:

      1) қызметтік тергеудің мән-жайына қатысы бар қаржы полициясы органдары қызметкерлері мен жұмысшыларын, сондай-ақ тексеріліп жатқан оқиғаларға қатысты азаматтарды, куәлерді, куәгерлерді шақыртып, жазбаша түсініктемелер алады;

      2) акті бойынша қызметтік тергеу мәніне қатысы бар қаржы полициясы органдарының құжаттарымен және мүлкімен танысып, оларды уақытша алады;

      3) тауарларға, құжаттарға, көлік құралдарына, үй-жайларға және жергілікті орындарға қарау жүргізеді;

      4) қаржы полициясы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің мамандарын, сондай-ақ арнайы білімді талап ететін мәселелерді шешу үшін өзге мамандарды тартып, олардан кеңестер, анықтамалар, қорытындылар алады;

      5) жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді (төтенше жағдайларды) құжат түрінде ресімдейді және оның орнын тіркейді, теріс қылық (төтенше жағдайлар) жасалған орынның сұлбасын құрастырады;

      6) қызметтік тергеу материалдарына біріктіру мүмкін болмайтын, тергеу кезінде зерделенген құжаттардың мазмұны бойынша анықтамалар құрастырады;

      7) қызметтік тергеу жүргізу кезінде суретке түсіру, дыбыс-, бейнежазба жүргізеді;

      8) қаржы полициясы органдарының аумақтық құрылымдарынан, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттар, мәліметтер, анықтамалар, қорытындылар алады;

      9) қажет болған жағдайда, сот сараптамаларын тағайындайды.

      33. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен жұмысшылары қызметтік тергеу жүргізу кезінде қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес:

      1) шақырту бойынша келеді және қызметтік тергеу мән-жайлары бойынша жазбаша түсініктеме береді;

      2) қажетті қызметтік және өзге құжаттарды ұсынады;

      3) қызметтік тергеу жүргізуге толық көмек көрсетеді.

      34. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан қызметкер, қаржы полициясы органдары басшысы немесе оны ауыстырушы тұлға бұйрығының, қызметтік тергеуді жүргізуші лауазымды тұлғаның баянаты негізінде, қызметтік тергеу жүргізу кезеңіне, бірақ бір айдан артық емес мерзімге лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін.

      35. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының мынадай лауазымды тұлғаларының қызметтік тергеуді жүргізуге құқықтары жоқ:

      1) жасалған теріс қылықта немесе қылмыста жәбірленуші немесе басы-қасында болған;

      2) құқық бұзушылықты жасауға жол берген қызметкермен туыстық қатынасы бар;

      3) оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан лауазымды тұлғаның бағыныштысы болып табылатын;

      4) қызметтік тергеудің нәтижесінде тікелей немесе жанамалай мүдделі.

      Бұл жағдайда ол қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған тұлғаға, оны осы қызметтік тергеу жүргізуден босату үшін жазбаша баянатпен мәлімдеме жасауы тиіс. Аталған талапты сақтамаған жағдайда қызметтік тергеу нәтижелері жарамсыз болып саналады.

      36. Қызметтік тергеу жүргізуге бақылауды қызметтік тергеуді жүргізуші лауазымды тұлғаның тікелей басшысы жүзеге асырады.

      37. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтік тергеу жағдайына жалпы басшылықты ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады.

4. Қызметтік тергеу материалдарын есепке алу және
сақтау тәртібі

      38. Қызметтік тергеу қорытындысы келісіліп және бекітілгеннен кейін, қызметтік тергеулер Тіркеу журналына тіркеліп, тіркеу нөмірі беріледі.

      39. Қызметтік тергеу материалдары қорытындысымен және бұйрық көшірмесімен бірге тігіледі, құжаттар тізбесі жасала отырып нөмірленеді, мөр соғылады және қызметтік тергеуді жүргізген лауазымды тұлға өзінің қолымен бекітеді.

      40. Қызметтік тергеу материалдары ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінде арнайы бөлінген орындарда сақталады.

      41. Аумақтық қаржы полициясы органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің жүргізген қызметтік тергеу қорытындысының көшірмесі тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтың көшірмесімен бірге Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасына есепке алу және бақылау үшін жолданады.

      42. Қызметтік тергеу материалдары қаржы полициясы органдарында белгіленген мерзім бойы сақталынады. Мерзімі өткеннен кейін қызметтік тергеу тағайындау үшін негіз болған құжаттар және қызметтік тергеулердің нәтижелері туралы қорытындылар бөлек номенклатуралық істерде сақталады. Қызметтік тергеу нәтижелері туралы қорытындылардың көшірмелері қызметкердің жеке ісіне біріктіріледі.

Об утверждении Правил проведения служебных расследований в органах финансовой полиции

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 8 ноября 2011 года № 174. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 декабря 2011 года № 7328. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 17 февраля 2021 года № 63.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 17.02.2021 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 10 статьи 58 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения служебных

      расследований в органах финансовой полиции.

      2. Настоящий приказ довести до сведения личного состава органов

      финансовой полиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти

      календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


генерал-майор финансовой полиции

К. Кожамжаров


  Утверждена приказом Председателя
Агентства Республики Казахстан
по борьбе с экономической и
коррупционной преступностью
(финансовой полиции)
от 8 ноября 2011 года № 174

Правила
проведения служебных расследований
в органах финансовой полиции
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 10 статьи 58 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" (далее - Закон) и устанавливают порядок проведения служебных расследований в органах финансовой полиции (далее - Правила).

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) служебная дисциплина в органах финансовой полиции - обязательное соблюдение сотрудником норм и правил, установленных законодательством Республики Казахстан, актами руководителей и уполномоченных руководителей органов финансовой полиции;

      2) проступок, дискредитирующий правоохранительный орган - действия, в том числе, не связанные с исполнением служебных обязанностей, но явно подрывающие в глазах граждан достоинство и авторитет правоохранительной службы, а именно: появление сотрудников в общественных местах в состоянии алкогольного либо наркотического опьянения (очевидного для окружающих принадлежности к правоохранительному органу); вступление в недозволенные связи с лицами, находящимися под следствием, осужденными; разглашение информации оперативного характера, причинившее вред следствию; пособничество гражданам, совершившим незаконные действия; использование служебного положения в личных корыстных целях; неуставные взаимоотношения между сотрудниками, слушателями и курсантами учебных заведений, вызвавшие негативный общественный резонанс;

      3) служебное расследование – деятельность по сбору, проверке материалов и сведений о дисциплинарном проступке сотрудника, проводимая в целях полного, всестороннего и объективного выяснения обстоятельств его совершения;

      4) дисциплинарное взыскание (далее - взыскание) – мера дисциплинарной ответственности, налагаемая на сотрудников должностным лицом, имеющим право назначения на должность и освобождения от должности сотрудника, привлекаемого к дисциплинарной ответственности;

      5) дисциплинарная ответственность – вид юридической ответственности, которую несут сотрудники за совершение дисциплинарных проступков, а также административных правонарушений в случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан;

      6) дисциплинарный проступок - противоправное, виновное неисполнение или ненадлежащее исполнение сотрудником возложенных на него обязанностей, превышение должностных полномочий, нарушение служебной и трудовой дисциплины, нарушение Кодекса чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих), совершение коррупционного правонарушения, наказуемого в дисциплинарном порядке, а равно несоблюдение установленных настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан ограничений, связанных с пребыванием на правоохранительной службе.

      Дисциплинарные проступки подразделяются на следующие виды: незначительные, значительные и серьезные.

      Незначительный проступок - проступок, совершенный сотрудником впервые или после снятия ранее наложенного взыскания, который влечет применение к сотруднику взыскания в виде замечания, выговора или строгого выговора, за исключением проступка, за совершение которого предусмотрено увольнение.

      Значительный проступок - проступок, совершенный сотрудником повторно в течение шести месяцев при наличии не снятого ранее наложенного взыскания в виде замечания, выговора или строгого выговора, который влечет применение к сотруднику взыскания в виде предупреждения о неполном служебном соответствии.

      Серьезный проступок - проступок, за совершение которого предусмотрено предупреждение о неполном служебном соответствии, освобождение от занимаемой должности, понижение в специальном звании на одну ступень и увольнение из органов финансовой полиции по основаниям в соответствии с действующим трудовым законодательством, законодательством о государственной и правоохранительной службе, антикоррупционным законодательством Республики Казахстан.

      3. За каждый случай нарушения служебной дисциплины может быть наложено только одно дисциплинарное взыскание.

      4. К нарушениям служебной дисциплины относятся:

      1) несоблюдение сотрудником норм и правил, установленных законодательством Республики Казахстан, актами руководителей и уполномоченных руководителей органов финансовой полиции;

      2) утрата сотрудником служебных и иных документов, удостоверения;

      3) появление сотрудника на службе в состоянии алкогольного, наркотического или токсического опьянения.

      5. Основанием для наложения взыскания является совершение сотрудником органов финансовой полиции проступка.

      6. Применение к сотруднику взыскания не освобождает его от других видов ответственности.

      7. При совершении сотрудником дисциплинарного проступка с него истребуется письменное объяснение. Если в письменном объяснении сотрудник согласен с фактом совершения им данного дисциплинарного проступка, то руководитель или уполномоченный руководитель органа финансовой полиции вправе наложить взыскание без проведения служебного расследования.

      В случае если сотрудник в своем письменном объяснении не согласен с фактом совершения им дисциплинарного проступка, то по указанию руководителя или уполномоченного руководителя органов финансовой полиции должно быть проведено служебное расследование.

      8. Взыскание в виде предупреждения о неполном служебном соответствии, освобождения от занимаемой должности и увольнения налагается по результатам проведенного служебного расследования и соответствующим рекомендациям дисциплинарной комиссии органов финансовой полиции.

      9. Служебное расследование в органах финансовой полиции проводится сотрудниками подразделений внутренней безопасности.

      10. По мере необходимости, при проведении служебного расследования по согласованию с руководителем органов финансовой полиции могут привлекаться сотрудники других структурных подразделений органов финансовой полиции.

2. Порядок проведения служебных расследований

      11. Служебное расследование проводится по фактам совершения сотрудником дисциплинарного проступка.

      12. Основанием для проведения служебного расследования служат:

      1) обращения физических и юридических лиц, в том числе анонимные, где содержатся конкретные факты совершения сотрудником органов финансовой полиции проступка;

      2) сообщения в средствах массовой информации, в том числе Интернете;

      3) сообщения правоохранительных и судебных органов;

      4) рапорта сотрудников органов финансовой полиции;

      5) указания руководства Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции) (далее - Агентство) и территориальных Департаментов по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции) и Академии финансовой полиции (далее – территориальные органы финансовой полиции).

      13. В соответствии с настоящими Правилами служебное расследование в органах финансовой полиции Республики Казахстан проводится также по фактам чрезвычайных происшествий, к которым относятся:

      1) получение телесных повреждений той или иной степени тяжести сотрудником либо его гибель;

      2) возбуждение уголовного дела в отношении сотрудника;

      3) совершение сотрудником коррупционного правонарушения, наказуемого в дисциплинарном порядке;

      4) нападение на объекты инфраструктуры органов финансовой полиции и на должностных лиц органов финансовой полиции;

      5) дорожно-транспортное происшествие, совершенное сотрудником на служебном транспорте;

      6) утрата табельного оружия, боеприпасов, специальных средств, служебных удостоверений, материальных ценностей.

      14. Служебное расследование проводится путем:

      1) опроса сотрудников и работников органов финансовой полиции Республики Казахстан, имеющих отношение к предмету служебного расследования, оформляемого в виде письменного объяснения.

      В письменном объяснении указывается фамилия, имя, отчество, должность опрашиваемого лица, при необходимости более подробные анкетные данные.

      Ответы на вопросы записываются дословно, от первого лица.

      По желанию опрашиваемого лица ему предоставляется возможность собственноручно изложить ответы на поставленные вопросы.

      При получении письменного объяснения сотрудник, проводящий служебное расследование, производит в этом документе запись о дате, времени и месте получения объяснения и указать свою должность, специальное звание, фамилию, имя и отчество, скрепив запись своей подписью.

      В случае отказа сотрудника, в отношении которого проводится служебное расследование от письменных объяснений, составляется акт, в котором указываются: место, дата и время составления акта, должность, специальное звание, фамилия, имя и отчество сотрудника, составившего акт, и должностных лиц, присутствовавших при отказе от дачи письменных объяснений.

      Акт подписывается сотрудником, составившим его и другими должностными лицами, которые присутствовали при отказе от письменных объяснений;

      2) ознакомления с необходимыми документами, оригиналами или копиями, которые при необходимости изымаются и приобщаются к материалам служебного расследования;

      3) фиксирования места совершения правонарушения (чрезвычайного происшествия), а именно, осмотром, составлением схем места их совершения, фотографирования, производства видеозаписи или фотосъемки;

      4) составления справок по содержанию, изученных в ходе производства служебного расследования документов, которые не представляются возможным приобщить к материалам служебного расследования, а также об осмотре служебной документации и иных предметов;

      5) временного изъятия служебных документов и предметов, в том числе служебных удостоверений, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      6) получения, истребования документов и сведений из другого подразделения органов финансовой полиции, на основании письменного запроса и поручения руководства Агентства либо уполномоченного должностного лица подразделений внутренней безопасности, которые обязательны для исполнения руководителями территориальных органов финансовой полиции.

      7) получения справок, заключений от уполномоченных государственных органов и организаций Республики Казахстан, структурных и территориальных органов финансовой полиции;

      8) назначения судебных экспертиз в случаях, когда заключение экспертов имеет значение для определения вины сотрудника;

      9) опрос граждан, свидетелей, понятых, причастных к проверяемым событиям, с целью обеспечения всесторонности, полноты и объективности проведения служебного расследования;

      10) иные действия, не противоречащие действующему законодательству Республики Казахстан.

      15. Служебное расследование завершается составлением заключения, в котором отражается:

      1) основание проведения служебного расследования;

      2) факты и обстоятельства, установленные в результате служебного расследования;

      3) выводы и предложения по результатам служебного расследования.

      16. В случае обнаружения при проведении служебного расследования в действиях сотрудника признаков преступления руководитель или уполномоченный руководитель органа финансовой полиции, принявший решение о проведении служебного расследования, обязан незамедлительно передать полученные материалы в соответствующие правоохранительные органы для принятия процессуального решения.

      17. В случае принятия уполномоченными должностными лицами органов финансовой полиции решения об отказе в возбуждении уголовного дела либо прекращении уголовного дела, а также при поступлении указанных постановлений из других правоохранительных органов, но при наличии в действиях сотрудника признаков коррупционного правонарушения, либо дисциплинарного проступка, постановление об отказе или прекращении уголовного дела направляется в подразделение внутренней безопасности в течение одного календарного дня для производства служебного расследования.

      18. Служебное расследование по фактам возбуждения уголовных дел в отношении сотрудников, проводится на общих основаниях в соответствии с настоящими Правилами. При этом служебным расследованием устанавливаются все обстоятельства совершения противоправного деяния, круг лиц, причастных к его совершению, обеспечивается полнота и объективность.

      19. Заключение служебного расследования подписывается сотрудником, проводившим служебное расследование, утверждается начальником подразделения внутренней безопасности или лицом, его заменяющим, в течение одного рабочего дня.

      20. Утвержденное заключение служебного расследования согласовывается с руководителем территориального органа финансовой полиции или уполномоченным руководителем в течение трех рабочих дней.

      21. Управлением внутренней безопасности Агентства результаты проведенного служебного расследования вносятся на рассмотрение Председателю Агентства или лицу, его замещающему, в письменном виде, а после согласования с последним, выносится заключение служебного расследования, которое утверждается начальником Управления внутренней безопасности Агентства в течение одного рабочего дня.

      22. В случае отказа руководителя территориального органа финансовой полиции или лица его заменяющего, согласовать заключение служебного расследования, последний письменно излагает причины своего отказа. В указанных случаях, сотрудник, проводивший служебное расследование, в течение суток направляет заключение с материалами служебного расследования в Управление внутренней безопасности Агентства для устранений разногласий и принятия мер.

      23. По результатам служебного расследования по выявленным незначительным проступкам копия утвержденного и согласованного заключения с записью об ознакомлении лица, на которого налагается взыскание, объяснительная последнего, направляются в кадровое подразделение органов финансовой полиции для вынесения приказа о наложении взыскания в срок не позднее трех рабочих дней.

      По значительным и серьезным проступкам копия утвержденного и согласованного заключения направляется на рассмотрение дисциплинарной комиссии в соответствии с пунктом 4 статьи 57 Закона.

      24. Срок наложения взыскания не должен превышать срока наложения взыскания, предусмотренного в пунктах 10-13 статьи 57 Закона.

      25. При наложении взыскания за коррупционное правонарушение сотрудник подразделения внутренней безопасности, проводивший служебное расследование, в соответствии с требованиями приказа Генерального прокурора Республики Казахстан от 20 января 2004 года № 4 "Об утверждении Инструкции о ведении учета лиц, совершивших коррупционные правонарушения, привлеченных к дисциплинарной ответственности", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2741, в региональные управления Комитета правовой статистики и специальных учетов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по территориальности, в течение трех рабочих дней выставляет карточку учета лиц, совершивших коррупционные правонарушения формы № 1-К.

      26. Служебное расследование по фактам нарушений режима секретности сотрудниками органов финансовой полиции проводится в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о государственных секретах.

      27. Служебное расследование проводится в срок не более одного месяца со дня назначения служебного расследования. В указанный срок не засчитывается время нахождения сотрудника, в отношении которого проводится служебное расследование, в отпуске, в командировке или на лечении, а также время его отсутствия на службе по иным уважительным причинам.

      28. Возобновление служебного расследования осуществляется на основании рапорта сотрудника, проводящего служебное расследование. После возобновления служебного расследования, общий срок расследования не превышает срок, установленный пунктом 27 настоящих Правил.

3. Права и обязанности сотрудников органов финансовой полиции
при проведении служебных расследований

      29. Сотрудник, в отношении которого проводится служебное расследование, вправе:

      1) давать письменное объяснение по существу проводимого служебного расследования;

      2) заявлять ходатайства, представлять доказательства и иные документы;

      3) обжаловать решения и действия (бездействие) сотрудников, проводящих служебное расследование, заключение служебного расследования руководителю или уполномоченному руководителю органа финансовой полиции, принявшему решение о проведении служебного расследования, а также в вышестоящий орган в течение одного месяца со дня ознакомления с материалами либо суд в сроки, установленные гражданско-процессуальным законодательством;

      4) знакомиться по окончании служебного расследования с заключением и другими материалами, если это не противоречит требованиям неразглашения сведений, составляющих государственные секреты и иную охраняемую законом тайну.

      30. В случае воспрепятствования действиям сотрудника, проводящего служебное расследование, а именно непредоставление информации и документов, уклонение от явки должностных лиц органов финансовой полиции в подразделения внутренней безопасности, неоказание содействия в проведении проверочных действий, должностные лица органов финансовой полиции несут ответственность в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      31. Сотрудник, проводящий служебное расследование:

      1) соблюдает права и интересы заявителя, лица, в отношении которого проводится служебное расследование и иных лиц, принимавших в нем участие;

      2) разъясняет и обеспечивает осуществление предусмотренных законом прав для заявителей и пунктом 29 настоящих Правил – для сотрудников;

      3) руководствуется требованиями настоящих Правил;

      4) принимает все меры, необходимые для всестороннего, объективного изучения и документального оформления сведений о всех обстоятельствах правонарушения (чрезвычайного происшествия) и сотрудниках, причастных к его совершению;

      5) обеспечивает сохранность и конфиденциальность материалов расследования, не разглашает его результаты до утверждения и согласования заключения служебного расследования уполномоченным должностным лицом, а также принимает необходимые меры по соблюдению требований режима секретности.

      6) по желанию сотрудника, в отношении которого проводится служебное расследование, знакомит его с материалами служебного расследования, если это не противоречит требованиям неразглашения сведений, составляющих государственные секреты и иную охраняемую законом тайну.

      32. Сотрудник, проводящий служебное расследование, в пределах своей компетенции и в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, а также настоящими Правилами:

      1) вызывает и получает письменные объяснения от сотрудников и работников органов финансовой полиции, причастных к обстоятельствам служебного расследования, а также от граждан, свидетелей, понятых, причастных к проверяемым событиям;

      2) знакомится, временно изымает документы и имущество органов финансовой полиции, имеющие отношение к предмету служебного расследования по акту;

      3) проводит осмотр товаров, документов, транспортных средств, помещений и местности;

      4) привлекает специалистов структурных подразделений органов финансовой полиции, а также иных специалистов для решения вопросов, требующих специальных знаний и получает от них консультации, справки, заключения;

      5) документально оформляет сведения о совершенном правонарушении (чрезвычайном происшествии) и фиксирует его место, составляет схемы места совершения проступка (чрезвычайного происшествия);

      6) составляет справки по содержанию изученных в ходе расследования документов, которые не представляются возможным приобщить к материалам служебного расследования;

      7) производит фотографирование, аудио-, видеозапись при проведении служебного расследования;

      8) получает документы, сведения, справки, заключения от структурных и территориальных органов финансовой полиции, уполномоченных государственных органов и организаций Республики Казахстан;

      9) при необходимости назначает судебные экспертизы.

      33. При проведении служебного расследования сотрудники и работники органов финансовой полиции в соответствии с действующим законодательством и настоящими Правилами:

      1) являются по вызову и дают письменные объяснения по обстоятельствам служебного расследования;

      2) предоставляют необходимые служебные и иные документы;

      3) оказывают полное содействие при проведении служебного расследования.

      34. Сотрудник, в отношении которого проводится служебное расследование, может быть временно отстранен от исполнения должностных обязанностей на основании приказа руководителя органов финансовой полиции или лица, его заменяющего, на основании рапорта сотрудника, проводящего служебное расследование, на период проведения служебного расследования, но на срок не более одного месяца.

      35. Служебное расследование не проводят следующие должностные лица органов финансовой полиции:

      1) потерпевшие или очевидцы совершенного проступка или преступления;

      2) находящиеся в родстве с сотрудником, допустившим совершение правонарушения;

      3) являющиеся подчиненными должностному лицу, в отношении которого проводится служебное расследование;

      4) прямо или косвенно заинтересованные в результате служебного расследования.

      В этом случае он обязан обратиться к лицу, принявшему решение о проведении служебного расследования, с письменным рапортом об освобождении его от участия в проведении этого расследования. При несоблюдении указанного требования результаты служебного расследования считаются недействительными.

      36. Контроль над проведением служебного расследования осуществляет непосредственный руководитель сотрудника, проводившего служебное расследование.

      37. Общее руководство за состоянием служебных расследований в органах финансовой полиции осуществляет руководитель подразделения внутренней безопасности.

4. Порядок учета и хранения материалов служебных расследований

      38. После утверждения и согласования, заключение служебного расследования регистрируется в Журнале регистрации служебных расследований с присвоением регистрационного номера.

      39. Материалы служебного расследования вместе с заключением и копией приказа прошнуровываются, пронумеровываются с составлением описи документов, скрепляется печатью и подписью должностного лица, проводившего служебное расследование.

      40. Материалы служебного расследования хранятся в специально отведенных местах подразделения внутренней безопасности.

      41. Копия заключения служебного расследования, проведенного территориальным органом финансовой полиции, вместе с копией приказа о наложении дисциплинарного взыскания, направляются в Управление внутренней безопасности Агентства для учета и контроля.

      42. Материалы служебного расследования хранятся в течение установленного в органах финансовой полиции срока. По его истечении документы, послужившие основанием для назначения служебного расследования, и заключение о результатах служебного расследования хранятся в отдельных номенклатурных делах. Копии заключений о результатах служебного расследования приобщаются к личным делам сотрудников.