Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылғы 23 ақпанда № 22250 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ол жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Шпекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2021 жылғы 17 ақпандағы
№ 63
бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі

      1. "Қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулер жүргізу туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 174 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7328 болып тіркелген, 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 191 (2007) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      2. "Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7772 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8744 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (28207) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын және оларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (28207) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және бұзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 21 қазандағы № 341 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8909 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (28287) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарындағы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидасын, Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өтудің қағидалары мен шарттарын, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының лауазымдық санаттары үшін шекті мәндерін, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 423 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9107 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. "Қаржы полициясы органдарының орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9239 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жұмыс регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9236 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде № 147 (27768) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      9. "Жоғары білімнің кәсіби оқу қысқартылған мерзімде іске Қазақстан Республикасы қылмысқа және сыбайлас қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9473 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      10. "Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 133 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9461 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      11. "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9472 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      12. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9495 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашадағы № 222 (28445) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9504 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады