Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7363 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3) Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5343 тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы № 170 (1570) "Заң газетінде" жарияланған);

      2) "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 528 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 "Заң газетінде" жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б.Шаяхметовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

М. Сарыбеков


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 503 бұйрығымен
бекітілген

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.05.2021 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін (бұдан әрі – білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері) ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпараттық жүйе-ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ақпараттандыру объектілері-электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      3) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

      4) деректер базасы-қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірлесіп сақтауға, автоматтандырылған жүргізуге және әкімшілендіруге арналған деректердің жүйелендірілген жиынтығы.

2-тарау. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі

      3. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері білім беру ұйымдарын басқару иерархиясы (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейлер және білім беру ұйымдарының деңгейі) негізінде ұйымдастырылады және жұмыс істейді.

      4. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру өңірлік тиесілілігін және білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламаларының ерекшеліктерін ескереді.

      5. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері ақпараттық ортадағы деректер ағынын бес бағыт бойынша ұйымдастыруды жүзеге асырады:

      1) ақпараттық-білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ету;

      2) әкімшілік-білім беруді басқарудың барлық деңгейлерінде басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз ету;

      3) оперативтік-желілік мониторинг және әкімшілендіру, деректерді резервтік сақтау және өңдеу жүйелерін іске асыру, жедел-техникалық персоналдың техникалық байланысын ұйымдастыру;

      4) технологиялық-ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты кіші жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды пайдалану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;

      5) нәтижелі - білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын жедел мониторингтеу және бағалау.

      6. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру білім алушылар үшін мынадай бағыттар бойынша бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамытуды көздейді:

      1) білім берудегі ақпараттық жүйелер;

      2) білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары.

      7. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру кезінде пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мынадай нысандарда жүзеге асырылуға тиіс:

      1) педагогтер үшін оқыту семинарлары;

      2) барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының басшыларына арналған оқыту семинарлары.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға, білім беру ұйымдарында дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерді жүргізуге бағытталған.

      9. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінің интерфейсі қазақ және орыс тілдеріне оқшауландырылуы тиіс.

      10. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының алдында білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының ашық есептілігін дамыту;

      2) электрондық қызметтерді ұсыну;

      3) білім беру ұйымдары мен басқармалары басшыларының қатысуымен ашық форумдар ұйымдастыру;

      4) инновациялық әдістемелік материалдарды жариялау және оларды ашық талқылау;

      5) өңірлік белгісі бойынша ашық рейтингтік жүйенің жұмыс істеуі;

      6) ата-аналар аудиториясы үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпарат жинау және ұсыну;

      7) Министрлік және оның құрылымдық бөлімшелері үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен қатысуы туралы ақпаратты жинау және талдау.

Об утверждении правил организации и функционирования объектов информатизации в области дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 503. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2011 года № 7363.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 8) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования объектов информатизации в области дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту стратегического планирования и информационных технологий (Нурмагамбетов А.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после прохождения государственной регистрации опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.

      3. Признать утратившим силу:

      1) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5343, опубликованный в "Юридической газете" от 7 ноября 2008 г. № 170 (1570)).

      2) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 ноября 2009 года № 528 "О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5947, опубликованный в "Юридической газете" от 24 декабря 2009 г. № 195).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шаяхметова С.Б.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении тридцати календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И. о. министра

М. Сарыбеков


  Утверждены приказом
Исполняющего обязанности
Министра образования и
науки Республики Казахстан
от 1 декабря 2011 года № 503

Правила организации и функционирования объектов информатизации в области дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра образования и науки РК от 25.05.2021 № 234 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и функционирования объектов информатизации в области дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок организации и функционирования объектов информатизации в области дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования (далее – объекты информатизации в области образования), ее структуру и задачи.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Основные понятия, используемые в настоящих правилах:

      1) информационная система - организационно-упорядоченная совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      2) объекты информатизации - электронные информационные ресурсы, программное обеспечение, интернет-ресурс и информационно-коммуникационная инфраструктура;

      3) программное обеспечение - совокупность программ, программных кодов, а также программных продуктов с технической документацией, необходимой для их эксплуатации;

      4) база данных - систематизированная совокупность данных, предназначенных для совместного хранения, автоматизированного ведения и администрирования в качестве информационной модели какого-либо объекта.

Глава 2. Порядок организации и функционирования объектов информатизации в области образования

      3. Объекты информатизации в области образования организуется и функционирует на основе иерархии управления организациями образования (республиканский, областной, городской, районный уровни и уровень организации образования).

      4. Организация объектов информатизации в области образования учитывает региональную принадлежность и особенности региональных программ развития образования.

      5. Объекты информатизации в области образования осуществляет организацию потоков данных в информационной среде по пяти направлениям:

      1) информационному - обеспечение единого информационного пространства системы образования;

      2) административному - информационное обеспечение управленческих решений на всех уровнях управления образованием;

      3) оперативному - реализация систем сетевого мониторинга и администрирования, резервного хранения и обработки данных, организация технической связи оперативно-технического персонала;

      4) технологическому - ресурсное и кадровое обеспечение, структуризация подсистем в зависимости от текущих требований, формирование единого технологического комплекса и методик, использование инновационных технологий, оптимизация и технологический консалтинг;

      5) результативному - оперативный мониторинг и оценка успеваемости и посещаемости учащихся посредством информационной системы, внедренной в организациях образования.

      6. Организация объектов информатизации в области образования предполагает развитие единого информационного пространства для обучающихся по следующим направлениям:

      1) информационные системы в образовании;

      2) интернет-ресурсы организаций образования.

      7. При организации объектов информатизации в области образования должна осуществляться подготовка и повышение квалификации пользователей в следующих формах:

      1) обучающие семинары для педагогов;

      2) обучающие семинары для руководителей организаций образования и органов управления образованием всех уровней.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Объекты информатизации в области образования направлены на автоматизацию государственных услуг, ведение баз данных и информационных систем в организациях образования.

      9. Интерфейс объектов информатизации в области образования должен быть локализован на казахский и русский языки.

      10. Организация и функционирование объектов информатизации в области образования осуществляется с учетом требований Закона Республики Казахстан "Об информатизации", а также Единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен приказом и.о. Министра просвещения РК от 20.07.2023 № 218 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Функционирование объектов информатизации в области образования способствует:

      1) развитию открытой отчетности организаций образования и органов управления образования перед гражданами Республики Казахстан;

      2) предоставлению электронных услуг;

      3) организации открытых форумов с участием руководителей организаций и управлений образования;

      4) публикации инновационных методических материалов и открытого их обсуждения;

      5) функционированию открытой рейтинговой системы по региональному признаку;

      6) сбору и предоставлению информации о текущей и этапной успеваемости и посещаемости учащихся организаций образования для родительской аудитории;

      7) сбору и анализу информации о текущей и этапной успеваемости и посещаемости учащихся организаций образования для Министерства и его структурных подразделений.