Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.01.12 № 503 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Жалпы орта білім беру ұйымдарын басқаруды автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйенің енгізілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5343 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының 2008 жылғы 15 қарашадағы N 11 актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесінде:
4-тармақ:
4) тармақшада "білім беру ұйымдарының" деген сөздердің алдынан "ақпараттық жүйені енгізетін заңды және жеке тұлғаларды тарта отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "білім беру жүйесінің" деген сөздердің алдынан "бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары және/немесе мобильдік байланыс арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ:
бірінші абзацтағы "төрт" сөзі "бес" сөзімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) нәтижелілік – білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының жедел мониторингі және оны бағалау.";
10-тармақ "жұмыс істеуіне" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) ата-аналар аудиториясы үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты жинауға және беруге;
7) Министрлік және оның құрылымдық бөлімшелері үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты жинауға және талдауға.";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) ата-аналарды оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының ағымдағы деңгейі туралы қашықтықтан ақпараттандыру;
9) ата-аналар мен оқушылар үшін оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының электрондық тізілімдер жүйесінің интернет-ресурсы.";
18-тармақ:
1) тармақша мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
"корпоративтік ынтымақтастық – балалардың ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ата-аналарды жедел ақпараттандыру жүйесін дамыту.";
2) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"оқушылар үлгерімінің ағымдағы және кезеңдік нәтижелерінің электрондық базасын басқару.";
20-тармақтың 3) тармақшасындағы "сертификатталған" деген сөзден кейін "және патент қорғаған" деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) республиканың оқу орындарындағы оқушылар үлгерімінің электрондық тізілімі.".
2. Мемлекеттік сатып алу және күрделі құрылыс департаменті (Н. Қыстаубай):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық білім басқармаларына (департаменттеріне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев