Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2012.12.04. № 83 және мәслихатының 2012.12.06. № 92/11-V (осы қаулы және шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулымен және Шешімімен.
1. Астана қаласының аумағындағы жер учаскелеріне жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, имараттар) мен олардың кешендерi салынған жерлерді берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы бір шаршы метр үшін 6 683 (алты мың алты жүз сексен үш) теңге көлемінде белгіленсін.
1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2012.12.04. № 83 және мәслихатының 2012.12.06. № 92/11-V (осы қаулы және шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулымен және Шешімімен.
2. "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректері және жер нарығының мониторингі нәтижелері негізінде, қажеттілігіне қарай, Астана қаласының әкімдігіне жер учаскелерi жеке меншікке берілген жағдайда жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізсін.
3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімі ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетов
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Ким
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы Ж. Нұркенов