"Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысына және мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 83 қаулысы және мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 92/11-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 762 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысына және мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 704 болып тіркелді, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланды) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе төмендегі редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;
      1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
      «Астана қаласының аумағындағы жер учаскелеріне жеке меншікке  құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, имараттар) мен олардың кешендерi салынған жерлерді берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы бір шаршы метр үшін 6 683 (алты мың алты жүз сексен үш) теңге көлемінде белгіленсін.».
      2. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі ол алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі           Астана қаласы мәслихаты
      _________ И. Тасмағамбетов       сессиясының төрағасы
                                       _______________ Н. Мещеряков

                                       Астана қаласы
                                       мәслихатының хатшысы
                                       ________________ С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады